Психология пәнінің біз үшін маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психология пәнінің біз үшін маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология пәнінің біз үшін маңызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психология пәнінің біз үшін маңызы

Біз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің “Бизнес және экономика жоғары мектеп “факультетінің бірінші курс студентіміз.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті–Қазақстандағы ең беделді оқу орнындарының бірі, әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 207 орынға ие жоғары беделді оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар даярлайды. 1934 жылы іргесі қаланған сәттен бастап, осы күнге дейін тек жоғары деңгейді көрсетуде.

Білім ордасының әлемнің екінші ұстазы, шығыс философы, 150-ге жуық сан-түрлі салада еңбек жазған Әбу Насыр Әл-Фарабидің есімімен аталуы–университет үшін үлкен мәртебе. Әл-Фараби тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақытты  кезеңіміздің  самал лебі есіп тұрған университетім ғой бұл менің. Және де шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген ҚазҰУ оқытушыларына дән ризамын.

 

Біз қазіргі таңда экономика бағытында ғана емес әлеуметтану,психология, саясаттану,мәдениеттану пәндерінде өтіп,танысып жатырмыз. Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше жіне бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.

 

Мен үшін психологияның артықшылығы - ол біздің өміріміздің барлық салаларын қамтуға қабілетті. Мектепте, оқу орнында, жұмыста, отбасымен бірге, адамдармен қарым-қатынаста, жеке тәжірибелерде - біз күн сайын көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, қиындық тудырған жағдайларды жеңуге ұмтыламыз және мұндай сәтте психология бізге көмектесетіні анық. Дегенмен, бұл бір бөлшегі ғанa. Анықтап көз жүгіртетін болсақ, психология- сан түрлі құбылыстарға, әдістерге, тарауларға бөлінетін өте қызық сала екенін байқаймыз. Мүмкін әр адамда психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор болып тұр. Жоғары ақпараттықтехнологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі “фильтірлеуді” және үлкен ақпарттар ағынына бейімделуге үйренуі қажет.

 

Адам үшін психология дегеніміз не? Оның қазіргі қоғамдағы құндылығы қандай? Бұл сұрақтар бүгінде өте өзекті. Психология негіздерін білу үлкен рөл атқарады, дегенмен біз бұл туралы ойламаймыз. Адамдар көп қобалжиды, қайғыға батады, біреумен жанжалдасады немесе ақпаратты қатты қабылдайды. Жалпы, адам өмірі зебра секілді, ақ пен қараға толы… Психология- бұл жан дүниесі. Көптеген мамандар психологияға адам туралы маңызды ғылымдардың бірі ретінде жүгінеді. Бұл ғылым барлық қызмет салаларында көрініс табады және кез-келген мамандық иесіне өзінің қадір-қасиетін сақтауға және айналасындағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Психология адамдарға өздерінің ішкі жағдайларын түсінуге жәрдемдеседі.

 

Мен психологиялық жазбалар мен кітаптар оқи бастап, бақыт деген дәл қазіргі сәт екеніне, бақыт деген сатып алатын нәрсе емес ол менің жай күйім екенін түсіне бастадым.

Жеке өзімді қарастырар болсам, менде бәрі де өз уақытымен кезеңімен болып жатты. Қолыма алғым келген алтын белгімді, үздік аттестатымды алдым, одан кейін ҰБТ-ны жоғарғы деңгейде тапсырамын деген ой болды. Бірақ ойдағыдай болмады. Шыны керек, содан кейін мен кшігірім депрессияға түстім. Бұдан әрі қалай жылжитынымды білмедім, мемлекеттік грантқа ілінетініме сенімсіз болдым, ақылы түрде оқығым келмеді. Жақындарымның айтқандары бірден еске түсе қалды. Қазір ойлап қарасам, депрессия деген сөзді өзіміз ойдан шығарып алады екенбіз. Сәтсіздіктермен мен одан да биікке көтерілуім керек деп, өзімді іздеумен мен аяққа тұрдым. Сол сәтте ұзақ депрессияға түспеуге шешім қабылдап, арманыма ұмтылдым. Қазір еш өкінбеймін, арманымның бір бөлігі орындалды десем артық етпейді. Мен қазір сол кездері болған сәтсіздігімді сабақ ретінде көріп қуанамын. Маған психология әлеуметтік желінің арқасында келді. Қазіргі уақытта психология сөзі трендке айналып барады. Сондықтан мен оны психология деп емес өзіңді тану дер едім.  Әр адам мамандық таңдағанда да ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психолгиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адамның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді.

Қорытындылайтын болсам, әркімнің өмірі тек өз қолында. Қазақ психологы Камшат Бекжігітова айтпақшы «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгертуге болады». Тек оймен, эмоционалдық жағдайлармен жұмыс жасау қажет. Қазіргі таңда атақты қазақ психолог қыздары Құралай ханым, Камшат Бекжігітова, Құралай Қалиевалардың блогтарын, видеосеминарларын тыңдаймын. Әйел кісілермен қоса мотиватор ер адамдарды оқу керек деп білемін. Оның ішінде қазақ мотиваторларының бірегейі –Қуаныш Шонбай дер едім. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты екен.Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды, ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру, жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын. Өз өмірімізге тек өзіміз ғана жауаптымыз!

 

 

 

 

 

 

                                                                     Тленчиева Н.С.

                                                  Педагогика ғалымдарының кандидаты.

                                              Жусупекова Ә.Ж.

                             Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

        Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

   

                                                 Төлеген Әмина

                              Менеджмент кафедрасы 1 курс студенті.

         Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті

 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2024
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі