Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психология саласындағы үздік идея

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа уақытта баланы жан-жақты зерттеуге арналған.Психолог жас мамандарға көп көмек .
Материалдың қысқаша нұсқасы













«Психология саласындағы үздік идеялар» сайысы

Баяндама тақырыбы: «Көңілді шеңбер бойында»

Орындаған: Ауелбаева Ания Елгелдиевна

«№ 20 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

ІІ санатты мектеп психологы

Еңбек өтілі: 8 жыл























Мазмұны



Тақырыбы

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім - «Бір көрген таныс, екі көрген біліс»

1.1. Қысқа мерзімде тұлғаны зерттеу тәсілі

1.2. Тренинг арқылы түзету жұмысын ұйымдастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



































Жоспары



Кіріспе

І. «Бір көрген таныс, екі көрген біліс»

1.1. Қысқа мерзімде тұлғаны зерттеу тәсілі

1.2. Тренинг арқылы түзету жұмысын ұйымдастыру

Қорытынды







































КІРІСПЕ


«Психология саласындағы үздік идеялар» сайысына өз жобам ретінде тұлғаны қысқа уақытта зерттеуге мән бергелі отырмын. Бұл баяндаммен бөлісе отырып, азда болса мектеп психологтарына көмек бергім келеді. Топтық жұмыс арқылы аз ғана уақыт көлемінде жеке тұлғаның сөз саптауын, ойын, сонымен қатар сұрақ қоя отырып, тұлғаны жеке-жеке зерттеуге болады. Және де тренинг арқылы тұлғаның өз-өзіне сенімділігін арттырамыз. Бұл әрине мектеп психологына таптырмас идея. Аз уақытта топты зерттеу арқылы тұлға бойындағы қобалжуды, қорқынышты, көңіл-күйін бірден зерттеуге болады. Сонымен қатар бұл баяндамада көрсетілген жаттығулармен тренингтерді оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге жүргізе беруге болады. Яғни жас талғамайды, сонысымен ерекшеленеді. Заман дамып бара жатқанымен қазіргі қоғамда адам баласы уақытқа тәуелді. Уақыттың жетіспеуі, тығыз графиктер, әр сағат, минут, секунд құнды уақытта бұл таптырмас идея. Және де қазір мектептерде мектеп психологында 9 сағаттық жүктеме жоқтың қасы. Бұл дегеніміз психолог оқушыларды зерттеу үшін пән мұғалімдерімен байланыса отырып, олардың 40 минутының белгілі бір уақытын рұқсат алу арқылы балаға зерттеу жүргізе алады. Бұдан шығатын қорытынды тағы да уақыт тығыздығына келіп соғады. Бұндай жағдайда осы баяндамада көрсетілген тренингтер мен жаттығулар таптырмас мүмкіндік. Ал мүмкіндіктерді пайдалану, жақсы-жақсы идеяларды ойлап табу сізбен біздің қолымызда.






















І. «Бір көрген таныс, екі көрген біліс»


«Бір көрген таныс, екі көрген біліс» дей келе топты топтастыра отырып, шеңбер құру арқылы «Таныстыру» тренингін жүргіземіз. Бұл тренингке әр қатысушы өз-өзін таныстырып, топқа тілек айтады. Тренингтің мақсаты топ мүшелері бір-бірін жақсы танып, жылы лебіз арқылы жақсы қарым-қатынас орнату.

Мысалы: - Менің атым ... ,

Сіздермен танысқаныма қуаныштымын!

Сіздерге алдағы тренингте сәттілік тілеймін.


Солай шеңбердегі жиналған оқушылар немесе ата-аналар, мұғалімдер кезек-кезек өздерін таныстыра отырып, тілектерін жолдай береді.

«Күліңіз» жаттығуына тоқталар болсақ шеңбер бойына жиналушыларға мынадай сұрақ қойылады. «Бүгін айнаға қарағандарыңыз қол көтерңіздер?» бұл сұраққа топ мүшелері тосыла қарайды, топтың барлығы дерлік қолдарын көтереді. Келесі сұрақ «Бүгін айнаға қарап күлімдегендеріңіз қол көтеріңіздер?». Топ ішінен санаулы адам қолдарын көтереді. Міне осы 2 ғана сұрақты қоя отырып, адамдар мына қарбаласта айналаға мән беріп қарау түгелі өз-өздеріне мән бермейтінін айта отырып, өмірде жақсы, бақытты өмір сүру үшін кішкене нәрсеге мән беру керектігін ұғындыру. Ең алдымен адам тамаша көңіл күйді өзінен бастау керектігін түсіндіру. Бәрі тамаша ортада өмір сүргісі келеді. Керемет отбасы болу үшін де әр жанұядағы адамдар өздерінен бастау керектігіне мән бермей жатады. Таңертең қанша уақыт тапшы болсада адам айналаға қарай отырып, кешегі күн қандай қиын болсада жаңбыр артынан күн шығарын ұмыпай күлімдеп, айналаға қарап, «Бүгін күн тамаша!» деп ұрандатуды ұмытпауға бағыт беру мақсатым.


1.1. Қысқа мерзімде тұлғаны зерттеу тәсілі

Қысқа мерзімде тұлғаны зерттеу тәсілінің бірі «Кір жуу» жаттығуы. Бұл жаттығуда топқа сұрақ қою арқылы тұлғаның көңіл күйін, қобалжуын зерттеуге болады. Яғни топқа диагностика жасау. Мақсаты: Адам бойындағы жеңіл күйзелістерді жаттығуға қатысушының жауабы арқылы бірден анықтау. Нұсқау: топқа сұрақтар оқылады,сол сұрақтардың нұсқасын қатысушылар таңдайды. Жүргізілу барысы: Сіз кір жууға дайындалдыңыз.Себебі ертең жұмысқа киетін киімдеріңіз лас. Кірді сондықтан бүгін жууыңыз керек.Кенеттен аспанды қара бұлт басты не істейсіз? деген сұрақ қою арқылы топқа мына жауап нұсқалары беріледі. Жауап таңдау нұсқалары:

1.Мәссаған, кір жууды ертеңге қалдырсам ба екен.

2.Күте тұрайын мүмкін күн шығар?

3.Бүгін ауа –райы бойынша жаңбыр жаумауы керек еді гой.

4.Маған бәрі бір, жаңбыр жаусада, жаумаса да кірді жуа беремін.

Әр топ мүшесі өзіне ұнаған жауап нұсқасын таңдайды. Жауап нұсқалары айқындалып болған соң жаттығу қорытындысы ұсынылады.

  1. Жауапты таңдағандар: -80 пайыз жеңіл күйзеліс.

  2. Жауапты таңдағандар: -50 пайыз жеңіл күйзеліс.

  3. Жауапты таңдағандар: -0 пайыз

  4. Жауапты таңдағандар: -100 пайыз жеңіл күйзеліс.

Осы жауап қорытындысы арқылы әр адам өзінің қобалжуының немесе күйзелісінің қандай деңгейде екенін анықтап, бірден біліп отырады. Яғни бұл жаттығуды жүргізу арқылы біз тез арада зерттеу қорытындысын жасай аламыз.


1.2. Тренинг арқылы түзету жұмысын ұйымдастыру

Тренинг арқылы түзету жұмысын ұйымдастыру барысында «Қарындаштар» тренингін жүргіздім. Мақсаты: Бірлесіп көтерген жүк жеңіл, яғни кез-келген күйзелісті ортамен бөлісу арқылы жою. Нұсқаулыққа тоқталсақ: Топ түрлі –түсті қарындаштарды таңдау арқылы, бірдей түстері бірігіп топтасу арқылы қарындашты алақандарына жоғары –төмен үйкелейді. Сөйтіп екі адам, 4 адамға, топ бірігіп қимылды қайталайды. Жалпы қорытындылай келе тренингтер арқылы топты бірлікке, жұмыла көтерген жүк жеңіл қағидасына назар аударту.

Ендігі қорытынды «Сиқырлы шарлар» тренингі арқылы адам бойындағы зерттеу кезінде байқалған үрейді, қобалжуды жеңуге көмек беремін. Бұл тренингте топ өздері қалаған үрулі шарды таңдайды. Әрине әр адам өзіне ұнаған түсті таңдары анық. Енді топ барлық шарды алып болған соң осы шарлардың қасына ілескен конвертті ашу арқылы тілекшелер жазылған қағазды көреді. Тілек кімге сай келеді сол топтағы адамға шармен қоса тілек жазылған конвертті жылы лебіз айту арқылы бір-біріне сыйға береді. Мұндағы мақсат: әр адам өзіне ұнаған затты таңдайтыны секілді сол өзіне арналған жақсы тілекті, өзгеге де бере білу. Яғни сен өзіне не тілесең соны өзгеге де бере біл ұраны бұл жерде аңғарылады. Бұл тренингте адам кішкене шар арқылы мәз болып қуанады, тілекті оқу арқылы және оны өзге адамға сыйға беру арқылы өзінің де өзгенің де көңілін көтереді.









Қорытынды



Қорыта келе жалпы бұл «Көңілді шеңбер бойында» тренингіміз арқылы оқушыны, ата-ананы, мұғалімді аз ғана уақытта зерттеп, олардың бойында өзіндік «Мен» қалыптастыра отырып, өмірге құшарлықтарын арттыру. Ең бастысы кішкене нәрсені басты назарда ұстау арқылы өзінің де өзгенің де көңіл-күйін көтеруге, айналасына мейірімділік сыйлауға болатынын аңғарту. Және бұл орайда «Танысу» тренингі арқылы бір-бірімен жақын таныса отырып, «Күліңіз» жаттығуы арқылы айналаға зер салуды үйрету және де өмірде қандай жағдай болмасын күлімдеуді ұмытпауға қалыптастыру. «Кір жуу» жаттығуы арқылы қысқа мерзімде тұлғаны зерттеп қана қоймай бойындағы кемшіліктерді аңғартуға үйрету. «Қарындаштар» тренингі арқылы жоғарыда аталған олқылықтарды түзеу мақсатында жүргізілді. Және де «Сиқырлы шарлар» тренингі арқылы жақсылықты өзіне емес өзге де бере білу керектігін үйретеді. Жалпы аз уақытта тұлғаны зерттеп, оған түзету жұмысын жүргізу қазіргі кезде таптырмас идея болып табылады. Яғни идеяны ойлап табу басты мақсат болса, ал ол идеяны өз салаңда жүзеге асыра отырып, нәтижеге қол жеткізу ол бөлек әңгіме.

Ескерту: осы аталған тренингтің фотосы мен слайды және бейнебаян қосымша берілген.





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Арнайы психология»- Дәуір баспасы Алматы 2011 жыл

2. «Педагогика». Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.. - Алматы, 2000 жыл

3. «Арт-терапевтические техники в тренинге» Колошина Татьяна 2010ж





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
638
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12