Психология Темперамент

Тақырып бойынша 21 материал табылды

Психология Темперамент

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам психологиясын зерттей отыра, темперамент терминын түсіндіру әоі психология ғылымының маңызын көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

90 жылдық тарихы бар Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті- еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту

саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куəгері. Университет- ұлағатты

ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға

деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы.Қазақстандағы

барлық жастар мен болашақ үздік мамандардың Қара шаңырағына айналған университеттің

нақты құрылған күні 1934 жылдың 15 қаңтары болып саналады.

Университет тарихының əрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары,

оқытушылары мен студент жастарының творчестволық талмас қайраты мен

күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.Университет дамуының басты

бағыттары анықталды. Ол– əлемдік білім беру жүйесіне дəйекті түрде

жақындау, мамандарды даярлауда халықаралық стандарттарға

көшу.Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті- мемлекеттің

инновациялық даму саясатын іске асыру мақсатында əлемдік деңгейдегі

зерттеу университетіне айналу жолында құрылымдық жаңару мен жаңғыру

үстінде. Əлемдік топ– университеттер қатарында белгілі дəрежеде алға

жылжып, халықаралық деңгейде өзінің бəсекеге қабілеттілігін дəлелдеген

университеттің алдында жаңа міндеттер мен талаптар тұр.

Біз рухани жаңғыру негізінде 1-курсымыздың екінші семестрынан бастап

психология пəнін өтіп жатырмыз.Жалпы,басқа адамның мінез-құлқын қалай

түсінуге болады? Адамдардың əр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде?

Жан дегеніміз не жəне оның табиғаты қандай? Осындай жəне басқа да сұрақтар

адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам жəне

оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.

Жалпы психология пəні– психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу

əдістерін, теориялық принциптерін жəне оның ғылыми негіздерінің қалыптасу

жүйесін зерттейді. Психика жоғары дəрежеде ұйымдасқан материяның нақты

формасының қызметін, əрекет тəсілін бейнелейді, адам психологиясы

жаңғырту арқылы пайда болады.Өткен сабақтарымыздың ішіндегі қызықты

тақырыптардың бірі-темперамент тақырыбы.Темперамент туа пайда болатын

факторларға шартталған, ол өмірлік тəжірибе мен тəрбиеге тəуелді емес.

Адамның өмір жолында жетістіктерге жетуіне орай шешім қабылдауы,

іс-қимылдардың жылдам жəне баяу орындалуы, есте сақтау сапасы мен эмоция

күші, көңіл-күйдің өзгерісі темперамент типтерімен байланысты.Темперамент

(латын тілінен аударғанда temperamentum– тиісті бөліктердің қатынасы)

психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін жəне белгілі бір

жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика

ерекшеліктері.Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дəрiгерi Гиппократ

(б.з.д.460-377 жж.) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке

жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада əр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын,

сары жəне қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы

сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды:

қан басым болса– сангвиник,

шырын басым болса– флегматик,

сары өт басым болса– холерик жəне қара өт басым болса– меланхолик

айқындалады деген.

Темпераменттің екі сипаты бар:

1) Эмоциялық, ол сезімталдылық пен импульсивтіліктің əсер етуімен

анықталады.

2) Белсенділік, бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі. Ол

адамның қозғалыс ырғағында, шапшаңдығында жəне қарқынында көрінеді.

Темпераментті адам ағзасының ерекшеліктерімен байланыстыра білген

ғалымдардың бірі И.П.Павлов болды.Оның түсіндіруі бойынша, темпераменттің

қасиеттері адамның жоғарғы жүйке əрекетіне байланысты дейді.

Осы ерекшеліктерге мыналар тəн:

1) Жүйке жүйесінің күші. Мұнда жүйке клеткаларының жұмыс істеу

қабілеттілігі,шартты байланыстарды қалыптастыра білу дегенді түсіндіреді.

2)Қозу мен тежелу процесінбіркелкісақтайбілу.

3) Қозғалғыштық-бір-бірін тез алмастыра білетін жүйке процестерінің

қабілеттілігі.Кенеттен өзгерістер кезіндегі болған сəттерде жүйке жүйесінің

күшін, қозу мен тежелуін қамтамасыз етеді.

Темперамент адамның жоғарғы жүйке əрекетіндегі күшіне, тепе-теңдігі мен

белсенділігіне байланысты дейді.

Темперамент типтерінің сипаты:

Сангвиник– қызу қанды, iскер адам, белсенді,қоғамдық жұмыстармен,

саясатпен, актерлік шеберліктермен байланысты кəсіптерді таңдайды.

Холерик– аса қозғалғыш, бірбеткей, қызба жəне ұстамсыз адам, үздік жетекші,

спортсмендер, өнертапқыштар.

Флегматик– ұстамды, төзімді, салмақты,жұмыста орындаушы практик бола

алады.

Меланхолик–тұйық, адамдардан оқшау жүргенді жақсы көреді. Өте сезімтал,

шығармашылық адамдары.Сабақ өту барысында студенттер өздерінің қандай

темпераментке жататынын анықтады.

Қорытындылай келе,темперамент- бұл адамның деңгейлі ашықтықтық, тура

жүргізу жəне атқару стилін анықтауға арналған құрылымды психологиялық

концепция. Бұл құбылыста адамның қаржылық, жай-құсқасы, мінездігі, жетістігі

жəне əрі созылуы туралы аспекттерін көрсетеді. Темперамент адамның жеке

жəне топтық жолағынан тұтынуына шеңберлі жəне қиын болатын себептерге

негізделген.Оның аса маңызды күші- адамның себептілік, азаматтық жəне

өзгерме жолындағы тəсілін алдын алуға көмектесуі. Темпераменттің кездесуі

жас тұқымдасы, желілік, салтанаттық жəне басқа көптеген аспекттер бар. Ондай

түрлі темпераменттік теориялар адамдарды талқылауға көмек көрсетеді жəне

олардың дамыған кезеңін, жағдайларды жəне өзгерме тəсілін анықтауға

көмектеседі.Ал осы психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние

заттары мен құбылыстарының мидағы əртүрлі бейнелері болып табылады.

Психологиялық құбылыс (түйсік, елес, ой, сезім, ерік, қабілет, мінез, əдет, т.б.)

көпшілігімізге өз тəжірибемізден жақсы мəлім, күнделікті тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.



Тленчиева Н.С. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ə.Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

Жаплы жəне қолданбалы психология кафедрасы.

Қызырбек Аспандияр

Бизнес Технологиялар кафедрасы.

Көлік қызметтері (Логистика) 1 курс студенті

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2024
254
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі