«Қараөзек» жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Бекітемін» Мектеп директоры:
Қ. Абдуллаев
Психологиялық Жаттығулар
Тақырыбы:
«Психологиялық және эмоционалдық жағдайды
жақсарту»
Мерзімі: 9.04.2018
жыл
Өтілетін орны: Акт
залы
Уақыты:
10:00
Семинарға қатысушылар:
Жетісай өңірі мектептерінің
педагог-психологтары.
Педагог-психолог: Ұ.
Имашова
Тексердім Д.Т.І.Ж.О: Ы.
Жаңабаева
«Психологиялық және
эмоционалдық жағдайды жақсарту»
Ойын
жаттығулары.
Мақсаты:
Тұлғаның
бойындағы сенімділікті арттыру. Бойдағы жағымсыз энергияларды
шығару және тығырықтан шығуға жол көрсету.
Міндеті:
-
Өзіндік
сенімде болуға баулу.
-
Өзіндік
бағалауын анықтау.
-
Бойдағы
қорқыныштан арылу.
-
Тығырықтан шығуға жол көрсету.
Тренингтің
барысы:
Психологтың
сөзі: Құрметті әріптестер !
Бүгінгі «Психологиялық және
эмоционалдық жағдайды жақсарту» атты тақырыптағы психологиялық ойын
жаттығуына қош келдіңіздер!
Жаттығудың барысы: Кейде
адамдар эмоционалдық көңіл –күйде болады.Сол кезде тұлғаның жұмысқа
деген қабілеті төмендеп кетеді. Осы жаттығуларды жасау арқылы
тұлғаның жұмысқа деген қабілетін көтеруге және көңіл-күйін көтеруге
мүмкіндік береді.
Сәлемдесу:
Қатысушылар ортаға шығып, өз
есімдерін айтады және өзінің мінезін жылдың бір мезгіліне теңеп, өз
мінездерін айтып шығады.
1.Жаттығу: «ХА» деп дем
шығару жаттығуы.
Бұл жаттығу бойдағы дем
шығаруды жақсартады. Денеңізді бос ұстап тұрыңыз. Екі қолды төмен
түсіріп тік тұру қажет. Деміңізді жайлап ішке қарай тарта
бастайсыз. Деміңізді ішке тартқан сайын екі қолымызды жоғары қарай
көтереміз. Төбемізге қолымыз жеткен сәтте демімізді бір сәт ішке
ұстап, алға қарай еңкейіп, ха деп демімізді шығарамыз. Бұл жаттығу
екі рет қайталанады.
2. Жаттығу: «Кеспе»
жаттығуы.
Бұл жаттығу тұлғаның бойындағы
жағымсыз энергиялардан арылуға көмектеседі. Көз алдыңызда табақша
жатыр деп елестетіңіз. Табақшаның ішінде кеспе жатыр. Сіз кеспенің
шетінен жайлап қолыңызбен аласыз да , жайлап айналдыра бастайсыз.
Көзіңіздің қарашығын да сол кеспенің бойымен айналдырамыз. Кеспе
қолыңыздың бойынан жайлап жылжып, шынтаққа қарай өрмелеп бара жатыр
деп елестетіңіз. Кеспе жайлап басыңыздан бастап бойыңызға жылжып
бара жатыр. «Мен кеспемін» деп денеңізді шыр көбелек айналдырыңыз.
1,2 минут айналғаннан кейін жайлап өз қалпымызға
келеміз.
3. Жаттығу: «Сілку»
жаттығуы.
Бұл жаттығу сіздің қарапайым
және жеңіл жолмен қалпыңызға келтіреді және бойыңыздағы жағымсыз
ойлардан арылтады. Денемізді бос ұстап, енді қолыңыздан бастап
сілки бастаңыз. Енді шынтағыңызды сілкіңіз. Енді еңкейіп екі
аяғыңыздан бастап бүкіл денеңізді сілкілей бастаңыз. Суда жүзіп
жүрген қаздың үстінен түскен судай сіздің денеңізден жағымсыз
энергиялар түсіп қалды. Бетімізді де сілкіп, бойымдағы барлық
ауыртпалықтың бәрі шығып кетті деп елестетіп, өз қалпымызға
келеміз.
4. Жаттығу: « Айналма»
жаттығуы.
Тұлғаның бойындағы
сенімділікті арттырып, тығырықтан шығуға талпыну. Қатысушылардың
барлығы қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен тұрамыз. Айналма шеңбердің
ортасынан өтуіміз қажет.
Қорытынды:
Психологиялық жаттығуымызға
қатысқандарыңызға рахмет.