400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

психологиялық жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаттығулар.


«Менің ерекше есімім» жаттығуы 
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: қатысушылар шеңбер құрып тұрып, өздерінің есімдерін еркелетіп қалай естігісі келсе,соны жазып шығады.
Талдау: Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді?

«Құбыр » жаттығуы 
Мақсаты: Топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: қатысушылар ортаға шақырылады.Барлық қатысушыға а4 форматты ақ қағаз таратылып беріледі. Осы ақ қағаздан құбыр жасап шығулары тиіс. Жасалған құбырдың беріктігін тексеру мақсатында ішінен кішкене доп жіберу керек.Жаттығу ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Талдау:  ұжымда жұмыс жасау қаншалықты қиындық тудырды?

«Өрмекші торы» жаттығуы (20 мин.)
Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға, өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік туғызу, ынтымақтастықты нығайту.
Қатысушылар шеңберге шақырылады.Шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне тоқыма жіпті әркім өзінің жақсы қасиетін немесе жағымсыз қасиетін айту арқылы бір-біріне лақтырады. Барлық қатысушы лақтырып болған соң, өрмектің жақсы жиналған жеріне ақ қағаз қойып, қағаздың бетіне стаканға су кұйып қоямыз. Осы суды төгіп алмай, үш рет отырып тұру керек.

Талдау: Тапсырма ұнады ма? Қазір өзімізді қалай сеземіз? Топ бірлігін біз сезе алдық па?

«Мәке Жәке Қоқиев» жаттығуы (10 мин.)
Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Бұл жаттығу әсіресе кішкене топпен жұмыс жасауға арналған. Ол қатысушылардың босаңсуына, көңіл күйлерін көтеруге бағытталған. Егер жұмыс үлкен топпен жүргізілсе, оларды 6-8 адамнан ішкі топтарға бөлу қажет. Қажетті жағдайды жасау үшін, келесі оқиғаны айтыңыз: «Бұл ескі кавказдық салт. Бір тайпаның көсемі жоғалды. Күнде кешкілік сол тайпа адамдары жиналып, алау маңында шеңбер жасап отырып, бір-бірінен Мәке Жәке Қоқиевты кімде-кім көрді деп сұрайды. Ең бастысы тайпалардың ішінен ешкім күлмеу керек, себебі көсемнің жоғалуы – ол жаман қасиет».
Қатысушылар шеңбер болып отырады. Ойын бастайтын жүргізуші алыңыз. Ол оң жағындағы көршісіне былай дейді: «Сен Мәке Жәке Қоқиевты көрген жоқсың ба?». Осы сөздерді айтқан кезде жымиюға, тіпті күлуге болмайды.
Оң жақтағы көршісі мынадай белгіленген жолдарды айтады: «Қап, мен оны көрген жоқпын. Мен өзімнің көршімнен сұрайын».
Ол да сол сұрақты күлмей, жымимай оң жақтағы көршісіне қояды. Бірақ ол басқалардың күлкісін келтіретіндей бірдеңелерді қосуына болады.
Кім жымиса немесе күлсе, сол ойыннан шығады.
Талдау: Қазір өзімізді қалай сеземіз? Біз шеңберге тұрғанға дейін және тапсырманы орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз?

 «Кім жылдам ?» жаттығуы
Мақсаты: Топ мүшелерінің жылдамдығын анықтау.

Қатысушылар адам санына қарай 2-3 топқа бөлінеді. Екі стаканға су құйып қойып, қарсы беттегі бос стаканға қасықпен суды төгіп алмай тасып шығу керек. Ойынды бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.
Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі