400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Психологиялық кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға аранлған кеңес
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психолог кеңесі


  1. Сабыр сақта! Бұлшық еттеріңді босаң ұста. Сабырлы қалыпта қалай демалатын болсаң, сол қарқынмен бірнеше минут демалып ал.


  1. Миды жұмыс істету үшін жеңіл жаттығу жаса. 20-дан 1-ге дейін кері қарай сана.


  1. Жеңіл тапсырмалардан баста! Ең бірінші кезекте оларды нақты білетіндігіңе сенімді сұрақтарға жауап бер. Ұзақ ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтама. Сонда сен тынышталасың, басың анық жұмыс істей бастайды да, сен жұмысқа кірісе аласың.


  1. Қиын тапсырмаларды уақытша тастап кет! Тестіде сен нақты білетін сұрақтар міндетті түрде табылады. Сен «өзіңнің» тапсырмаларыңды таппай, қиыншылық тудырған сұрақтарға тіреліп қалып, балл жинай алмай қалсаң өкінішті болар.


  1. Тапсырманы соңына дейін оқы! Асыққанның салдарынан сен басын ғана оқып, ақырғы жағын өзің ойша құрып алуға жол бермеу керек. Ең жеңіл сұрақтардан қате жіберудің ең басты себебі осы.


  1. Білмесең уақытша тастап кет! Бірден жауаптың дұрыс нұсқасын іздеуді бастамай, келмейтін жауаптарды кезек-кезек есептен шығарып отырса, көптеген тапсырмаларды тезірек шешуге болады. Есептен шығару тәсілі ақыр соңында барлық бес-жеті нұсқаға бірден емес, бүкіл зейініңді барлық-жоғы екі-үш нұсқаға ғана бұруға мүмкіндік береді.

  2. Тек орындап отырған тапсырмаңды ғана ойла. Жаңа тапсырманы орындай бастағанда, бұның алдындағы тапсырманы мүлде ұмыт. Әдетте тестінің тапсырмалары бір бірімен байланысты болмайды. Сондықтан алдыңғы тапсырманы орындағанда қолданған білімің жаңа тапсырманы орындағанда көмектеспейді, керісінше ойыңды жинап, тапсырманың шешімін табуға кедергі болады. Бұл кеңестің саған берер тағы бір психологиялық пайдасы бар – алдыңғы тапсырманы шеше алмағаныңды ұмыт (егер оған тісің батпаса). Әрбір жаңа тапсырма бал жинауға мүмкіндік беретіндігін ғана ойла.


  1. Екі рет айналып өтемін деп жоспарла! Уақыттың үштен бірін жеңіл сұрақтарға бөл (бірінші айналым). Сонда сен жеңіл сұрақтар бойынша барынша балл жинап үлгересің, ал сосын сабырмен бірінші айналымда тастап кеткен ауыр тапсырмаларды шешуге көшуіңе болады (екінші айналым).


  1. Тексеруді ұмытпа! Өз жұмысыңды, тым құрығанда көзге ұрып көрініп тұрған қателіктерді тексеруге уақыт қалдыр.


  1. Егер мүлде білмесең, тауып ал! Егер сен дұрыс жауапқа сенімді болмай, бірақ бір жауапқа «бүйірің бұрып» тұрса, ішкі сезіміңе сенім білдірген дұрыс! Бұл жағдайда сенің ойыңша дұрыс жауапқа мейлінше жақын жауапты таңдауға тіріс.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі