Материалдар / Психологиялық кеңес беру және психологқа қойылатын талаптар

Психологиялық кеңес беру және психологқа қойылатын талаптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық кеңес беру - қазіргі таңда психологияның қолданбалы және негізгі саласы. Психологиялық ғылымдар жүйесіндегі оның міндеті психикалық және соматикалық тұрғыдан сау адамдар қиындықтарға тап болған жағдайда психологиялық көмек көрсетудің теориялық негіздеріне сүйене отырып, оны практикада қолдана білу болып табылады.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады











Психологиялық кеңес беру және психологқа қойылатын талаптар




Құрастырушы:


Педагог-психолог: Кемалашова Арай Егеубайқызы













.

ТҮСІНІК ХАТ

Психологиялық кеңес беру - қазіргі таңда психологияның қолданбалы және негізгі саласы. Психологиялық ғылымдар жүйесіндегі оның міндеті психикалық және соматикалық тұрғыдан сау адамдар қиындықтарға тап болған жағдайда психологиялық көмек көрсетудің теориялық негіздеріне сүйене отырып, оны практикада қолдана білу болып табылады.

Психологиялық кеңес бұл психологтың адам табиғатын көп жылдар бойы зерттеу нәтижесінде  жасаған қорытындысы. Яғни, әр бір толыққанды тұлға  өз басындағы  туындаған мәселені шешуге шамасы жетеді, дегенмен де  тек оған дер кезінде  дұрыс бағыт-бағдар беру қажеттілігі туындайды. Міне, осы сәтте психолог кеңесшінің көмегі қажет болады.

Кеңес кезінде психолог  арнайы әдіс тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдер барынша қысқа мерзімде клиенттің мәселесін  шешуді көздеуі керек. Сондай-ақ, психологтың шешімі  клиентке әрі түсінікті әрі ыңғайлы болғаны дұрыс.

Бұл құралда психолог маманның өзгелерге тек кеңес беріп ғана қоймай, сонымен қатар, жайлы орта құра отырып, өзіне сенімділік қалыптастыра отырып адамдармен сөйлесу мәдениеті, «сыр сақтай білу» қасиеттері туралы пікірлер мен кеңестер ұсынылады.















МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................4

1.Психологиялық кеңес беру түсінігі.................................................................6

2.Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен мінеттері...............................9

3.Психологиялық кеңес берудің кезеңдері.....................................................14

4. Психологиялық кеңес берудің түрлері........................................................15

5.Психологиялық кеңес беруде психологқа қойылатын талаптар...........18

6. Қорытынды......................................................................................................21

7. Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................22
















КІРІСПЕ

«Психологиялық» сөздікте екі жағдайда анықтама берілген: психологиялық кеңес беру біріншіден,  теориялық негіздер мен бағдарламалар арқылы психологиялық білімнің қазіргі күйін, эмпирикалық және теориялық зерттеулер негізінде қалыптастырса,екінші жағынан, осы теориялық негіздер мен бағдарламалардың қайнар көзі психологиялық көмек көрсетудің саналуан формаларының аясында жүйелі түрде психологиялық әсер ететін мамандардың практикалық тәжірибелеріне талдау жасау болып табылады [1].

Психологиялық кеңес бұл психологтың адам табиғатын көп жылдар бойы зерттеу нәтижесінде  жасаған қорытындысы. Яғни, әр бір толыққанды тұлға  өз басындағы  туындаған мәселені шешуге шамасы жетеді,  тек оған дер кезінде  дұрыс бағыт бағдар көрсету керек. Міне, психолог кеңесшінің ең басты мақсаты осы.

Адамдар кеңес беретін психологтың көмегіне қай кезде жүгінеді? Айта кету керек, кейбір клиенттер өздерін азаптайтын мәселені қалай шешуге болатынын біледі. Олар маманға тек одан эмоционалды қолдау алу үшін барады. Бірақ қиын өмірлік жағдайдан қалай шығу керектігін өздері де білмейтін клиенттер де бар. Мәселелерін шешу үшін олар психологқа жүгінеді. Маман оларды ұсынылған жолды ұстануға көндіре отырып, олардың қызметін дұрыс бағытта бағыттауы керек.

Клиенттердің басқа санаты бар. Бұл біреумен шын жүректен сөйлескісі келетін жалғызбасты адамдар. Әдетте оларда айтарлықтай психологиялық проблемалар болмайды. Дегенмен, олар өздеріне достықты немесе өзіне деген жылулықты сезінгісі келеді. Әсіресе, қала тұрғындарында, қарт кісілер мен жалғызбасты жандарда көп кездесетін жағдай.

Кейде психологқа жүгінетін клиенттердің арасында тек бос қызықшылықпен дәрігерге жетелейтіндер де кездеседі. Олардың кейбіреулері бұл маманның кім екенін және оның немен айналысатынын өздері білгісі келеді. (жастар мен жасөспірімдер арасында).Дегенмен, психологиялық кеңес берудің қағидалары мен ережелері соншалық, маман барлық клиенттерді қабылдап, олардың келуінде қандай мақсатты көздейтініне қарамастан, оларға адамгершілік және мейірімділікпен қарау керек. Бұл арқылы кәсіпқой өзінің бет-бейнесін, беделін сақтайды және дәрігер бола отырып, медициналық этика нормаларын сақтай отырып, қабылдауға келгендердің барлығына көмек көрсетеді.

Психолог маман адамдарға психологиялық көмек беруімен байланысты, яғни олар қажет жағдайда ақыл кеңес немесе ұсыныс береді.  Бұндай кеңестер психологтар  тарапынан алдын ала зерттеген тақырып бойынша әңгіме өткізу немесе туындаған мәселелерді бұрынғы тәжірбиелер арқылы шешу арқылы жүзеге асады. Мұндай әңгімелесулер әдетте арнайы белгіленген орында келісілген уақытта өткізіледі. Әңгіме уақытында кедергі болатын жағдайларға  жол берілмеуі керек.

Маманның қабылдауында, әдетте, өмірге онша бейімделмеген адамдар келеді. Олардың арасында көптеген сәтсіздіктер бар. Бұл физикалық тұрғыдан адамдарды абсолютті сезінетін өз мақсатына жете алмау. Сондай-ақ мұндай клиенттердің арасында бірнеше рет көңілі қалдыру нәтижесінде пайда болған белгілі бір эмоционалдық ауытқуларымен ерекшеленетін қоғам мүшелері көп.

Адамдар психологтың көмегіне мұқтаж екенін қашан түсіне бастайды? Әдетте бұл оларда қиындықтар болған кезде болмайды. Маманға адамдар өмірінің ең қиын кезеңдерінде келеді. Олар адам болашақта не істеу керектігін білмейтін немесе өз проблемаларын өз бетімен шешуге деген үмітін жоғалтқан сәттерде келеді. Сондықтан, егер клиент қатты ренжісе және оған немесе оның ең жақын адамдарына жағымсыз салдары болуы мүмкін қорқынышты нәрсе болып жатқандай көрінсе, психологқа жүгінеді.

Кәсіби психологтар - алдына келген клиентті таңдамайды. Мейлі ол қандай мақсатпен  келсе де әңгімесін мұқият тыңдап,  дұрыс көзқараспен, адамгершілік қасиетпен қарсы алуы керек. Бұл тек психологтың  беделін жоғалтпау үшін  ғана керек емес, ол сондай-ақ  кәсіби психолог маман ретінде алдына келген адамның барлығына көмек қолын созуға міндетті. Тіпті, алдына келген клиент  дөрекілікке барса да психолог өз жұмысын кәсіби біліктілігіне сүйене отырып, дұрыс атқаруы керек. Психологиялық кеңес беру басқада психологиялық практикалық  көмек көрсетуден  мынадай белгілермен ерекшеленеді.Мысалы, жекелеген және топтық  психотерапиядан ерекшелігі,  психологиялық кеңес беру қысқа мерзім ішінде психолог пен клиенттің қарым қатынасы негізінде өрбиді. Әртүрлі жекелеген  және топтық психологиялық терапия клиентпен ұзақ мерзімде апталап, айлап, тіпті жылдап кең көлемде зерттеу нәтежиесінде жүзеге асады. Психотерапияда басты рөлді  клиенттің мәселеден арылуында психолог атқарады. Ал клинет болса, жәй ғана психологтың іс әрекетіне  көзқарасын білдіреді. Ал психологиялық кеңес беруде іс әрекет  басқаша  жүзеге асады, бұл жерде психолог кеңесші  клиентке ақыл кеңес ғана береді. Ал оны жүзеге асыру клиентке  байланысты. Іс-әрекеттің қандай да бір түрінде саналы түрде алға қарай жылжу үшін алдын-ала өз мақсатыңды анықтап алу қажет, одан кейін біртіндеп жүзеге асырылуы қалаған мақсатқа жеткізетін міндеттерді айқындап, сол іс-әрекетті жоспарлау қажет. Бұл психологиялық кеңес беру үшін де дұрыс.

1.Психологиялық кеңес беру түсінігі


Психологиялық кеңес беру-психология ғылымының негізгі және қазіргі таңда сұранысқа саласы болып табылады.

Психологиялық кеңес беру-практикалық психологияның ең қызықты бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етуімен байланысты. Психолог кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының физикалық және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар баралды. Жоғары риск аймағы түсінігіне өмірлік ситуациялар да жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қауіпі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа физикалық және психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайлардан шыға алады. Ол тек шаршағандықты ғана сезінеді.  Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер – бұлар әдетте өмірге қабілеттігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологтан кеңес алуына уақыт керек. Психологқа көбіне көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады. Және сол мәселе оны психологқа баруға мүмкіндік итермелейді.

Психологиялық кеңес беру – психотерапиядан бөлінген психологиялық көмек түрлерінің бірі (психокоррекция, психотерапия, психологиялық тренинг және т.б.). Р.Нельсон-Джонстың пікірінше, психологиялық кеңес беру өз негізінде көмекші қарым-қатынастың бір түрі болып табылады[1].

Психологиялық кеңес беру – адамға психологиялық проблемаларды шешуге және кәсіби мансапқа, некеге, отбасына, жеке басын жақсартуға және тұлғааралық қарым-қатынасқа қатысты шешім қабылдауға көмектесуге бағытталған процедуралар жиынтығы.

            Психолог – кеңесшіні адамдар неге іздейді? Неліктен олар оған барады?

Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра, психологқа барады. өйткені олар психологтан эмоционалдық тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері өзіне сенімсіз немесе берілген мүмкіндіктің қайсысын таңдауды білмегенде барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. төртіншілері бұл көбіне жалғыз басты адамдар. Оларға біреуге ішіндегілерін шығарып, сырласу керек. бұндай адамдарда әдетте психологиялықт проблема жоқ, бірақ арасында мейірімді, зейін қойып тыңдайтын адамды іздейді.

Психологиялық кеңес – бұл психологтың клиенттің өмірі мен мәселесі үшін жауапкершілікті қабылдауы. Яғни, кеңес берілген сәттен бастап клиент оны қолдану нәтижесіне психолог жауапты болады.

Көптеген адамдар психологтың көмегі соңғы шара ретінде қажет деп ойлайды. Ал мұндай сәттің келгенін мойындау – бұл әрекет! Психологтың жұмысы қарапайым дәрігердің жұмысынан еш айырмашылығы жоқ десе де болады. Психологқа бару - өміріңізді, жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартудың және әлемге басқаша қараудың бір жолы.

Психолог – кеңесшінің маманданған позициясы, ол келген барлық клиенттерді мұқият қарсы алып және оларға не үшін келгендігіне, көңіл-күйіне қарамастан адамгершілік көзқараспен қарау қажет. Ол тек психологиялық беделін сақтау үшін ғана емес, келгендердің барлығына дәрігер сияқты көмек көрсету керек.

Психологиялық кеңес адамдаорға практикалық – психологиялық көмек берудің басқа түрлерінен мынандай негізгі ерекшеліктерімен ажыратылады. Мысалы, жекелей және топтық психотерапияға қарағанда қысқа уақытта ұсынылады. Жекелей және топтық психотерапияның әр түрі, әдетте, психологтың клиенттен үздіксіз өзара әрекетінің ұзақ уақытқа созылуына әкеледі – бірнеше аптадан бірнеше айға дейін немесе тіпті бірнеше жылға созылуы мүмкін. Ол клиенттің қалауына байланысты.

Психологтың кеңес беру сеансы клиентпен жеке әңгімесі ретінде 10-20 минуттан 1-2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Осы әңгімелесу кезінде клиент  психологқа өзі туралы,  басында туындап отырған  мәселесі жайында әңгіме қозғайды. Ал психолог болса әңгімені мұқият тыңдап,  түйінді мәселелерді шешудің жолын қарастырады. Кеңес кезінде клиенттің жеке тұлға ретінде қасиеттері бағаланады.Бағаланып қана қоймай, клиентке ғылыми анықтама  беріледі. Сөйте келе психолог оның басындағы ірілі ұсақты мәселелерді шешуді жан жақты қарастырып, оның ішіндегі ең маңыздысын таңдайды.

Әдетте клиенттің мәселесін психолог кеңесші өзі жүріп шешіп бермейді. Біз сөз етіп отырған кеңес психолог кеңесшінің ұсыныстары мен ақыл кеңесі негізінде клиенттің мәселесін   шешуге көмектесуді көздейді.

Кеңес кезінде психолог  арнайы әдіс тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдер барынша қысқа мерзімде клиенттің мәселесін  шешуді көздеуі керек. Сондай-ақ, психологтың шешімі  клиентке әрі түсінікті әрі ыңғайлы болғаны дұрыс.

Психологтың кеңесі клиентпен бір екі рет өткізумен шектеліп қалмайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді кеңес беру әдісі қолданылып, үш немесе оданда көп кездесу ұйымдастырады. Мұндай кездесу ұйымдастырудың қажеттілігі төмендегі жағдайларға байланысты.

Клиенттің басына түсіп отырған мәселесі қиын болған жағдайда,  оны бір екі кездесуде түбегейлі шешу мүмкін емес.

Берілген кеңес клиенттің мәселесін  түбегейлі шеше алмаған жағдайда, кеңесшінің қосымша көмегі қажет болады.

Психолог кеңесші өз клиентінің мінезіне жеке тұлғасына қарап оның берілген кеңестерімен  мәселесін  өз бетінше шешетініне күмән  қарайтын жағдайлар болады. Мұндай жағдайлар өз өзіне  сенбейтін, өз сезіміне берік емес адамдарда жиі кездеседі.

Көп жағдайда психолог кеңесіне орта деңгейдегі физикалық, психологиялық тұрғыда әлсіз адамдар көмек сұрай келеді.  Себебі, өмірдің әр түрлі кезеңіндегі түрлі жағдайларға өте сезімтал адамдар психикалық, физикалық ауруларға тез шалдығады екен.

Психологиялық кеңеске жүгінетіндер  өмір сүруге тым бейім емес және жұмыстан қолы бос адамдар. Өйткені психологқа бару үшін де көп уақыт кетеді.Психологқа көп баратындардың бірі көбіне көп жолы болмайтын адамдар.Дәл осы жағдай олардың  мамандардан кеңес сұрауына итермелейді. Сондай-ақ клиенттердің ішінде сезімі жағынан осал жандар да кездеседі.Бұл адамдар қандай жағдай болса да психологқа көп барады. Олар бастарында мәселе туындағанда бірден келмейді, өмірлерінің қиын сәттерінде, тығырықтан шығар жол таба алмағанда ғана психологқа баруға мәжбүр болады. Адамдар өз мәселесін  қалай  шешуді білмей басы қатқанда  жоғарыдағы жолды таңдайды. Тіпті олардың ойынша жан дүниелеріне жарықшақ түскендей, айналасындағы адамдармен аралары алшақтап кеткендей  күй кешеді.

Адамдар психолог кеңесшіден не күтеді  олар не үшін көмек сұрайды?Бұл сұрақтарға төмендегідей жауап беруге  болады!Кейбір клиенттер өз мәселелерін қалай шешу керек екенін жақсы біледі, тек олар психолог- кеңесшілерден көңіл күйлеріне демеу күтеді. Енді біреулерімәселелерін қалай шешу керек екенін білмей, психологтың көмегіне  жүгінеді. Үшінші бір топтағы адамдар өзіне не керек екенін, қандай жолмен жүретінін білмейді немесе өздеріне тым сенімділер тобынан құрылады. Оларға тек дұрыс бағытты көрсетіп жіберсе болды. Төртінші, рухани жалғыз адамдар, оларға әлдебіреумен әңгімелессе болды.Олардың көкейін тескен мәселе жоқ, бірақ уақыт өткен сайын олар жақсы әңгімешілерге зәру болады.Психолог кеңесшілердің алдына не істерлерін білмей жүрген, мамандарды сынау үшін келетін клиенттер де болады. Біреулер шын көңілімен психологтың  қандай болатынын көргісі келеді. Енді біреулері психологтың  қызықты жұмысын тамашалап, оларды ыңғайсыз жағдайға қалдырғысы келетін де жағдайлар болады.


2. Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.

Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттерін, біз жұмыс жасағымыз келетін психологиялық кеңес беруге деген бағытқа байланысты әртүрлі анықтауға болады.

Психологиялық кеңес берудің мақсаты:

1) кейбір еріксіз әлеуметтік шектеулерге қарамастан клиенттің өнімдірек өмір сүруі және өмірден қанағат алуы үшін мінез-құлықтың өзгеруіне ықпал ету;
2) жаңа өмірлік жағдайлар мен талаптарға тап болған кезде қиындықтарды жеңу дағдыларын дамыту;
3) өмірлік маңызды шешімдердің тиімді қабылдануын қамтамасыз етуге;
4) тұлғааралық қарым-қатынастарды орнату және сақтау қабілетін дамыту;
5) жеке тұлғаның әлеуетін жүзеге асыруға және арттыруға ықпал ету.

Сондай-ақ, Ю.Е. Алешина бойынша: (1994)[1] психологиялық кеңес берудің негізгі мақсатын психологиялық көмек көрсету ретінде анықтайды, яғни психологпен әңгімелесу адамға оның қиындықтарын шешуге және айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынастарды дұрыстауға көмектесуі тиіс. Осы мақсатқа байланысты келесідей міндеттер анықталады:

1. Клиентті тыңдау, оның нәтижесінде клиенттің өзі туралы және өз жағдайы жайлы түсінігі кеңейіп, ойлануға себеп пайда болуы қажет.

2. Клиенттің эмоциялық күйін жеңілдету, яғни кеңес беруші-психологтың жұмысының арқасында клиент жеңілденіп қалуы тиіс.

3. Клиенттің өзімен болып жатқан жағдайларға жауапкершілікті өз мойнына алуы.

Кеңес беру барысында клиенттің шағымдары оның өзіне аударылуы керек, адам болып жатқан жағдайларға өзінің жауапты екендігін және өз кінәсін сезінуі тиіс, тек сонда ғана ол шын мәнісінде де өзгеруге және жағдайды өзгертуге тырысатын болады, олай болмаған жағдайда ол тек айналасындағылардың көмегін және олардың тарапынан болатын өзгерістерді күтетін болады. Минимум-бағдарлама бұл жерде – клиентке оның мәселелерінің және адамдармен қарым-қатынастарының осындай күрделі, әрі жағымсыз сипатқа ие екендігіне біршама өзінің әсер еткендігін көрсету.

Түптеп келгенде психолог кеңесші өз клиентінің  ақыл кеңесін қалай қабылдап, оны қалай жүзеге асырғанын есепке алмайды. Яғни, психолог кеңес береді, ал клиент оны қалай  жүзеге асырсада өз еркінде. Кеңесші өз ақылының  немесе түйінінің дұрыстығына ғана жауап береді.Ал психологиялық терапияда  психолог клиенттің іс әрекетіне жауап беруі тиіс. Өйткені бұл жерде басты басымдылық психологтың өзіне тікелей байланысты.

Кеңес берудің төмендегідей  мақсаттары айқындалды:

1. Клиенттің басында туындаған мәселені шешуге тез арада көмек көрсету. Кейбір адамдарда мынандай жағдай туындайды: клиенттің өзі оған көп уақыт жібергісі келмейтін, бірақ ол мәселені тез арада шешу керек болады. Мұндай жағдайлар  кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар. Мәселелерді тез арада шешу үшін психолог кеңесшінің көмегіне жүгіну- таптырмайтын жол. Мысалы,ата -ана мен бала арасында түсініспеушілік туындап, ол баланың ақыл ойы мен психикасына  нұқсан келтіретіндей мәселе болса,  жұмысшы мен басшының арасында келіспеушілік болса, жұбайлар арасындағы жарастыққа нұқсан келіп жатса,  психолог кеңесшінің ақыл кеңесі мұндай мәселелерден жол тауып шығудың бірден бір жолы.

2. Клиентке көмек керек болып, бірақ ол ондай мәселелерді өзі ешкімнің араласуынсыз шеше алатын жағдайда тұрса. Мұндай жағдайға әсіресе белгілі бір тәртіпке бағынып қалған  адамдар түседі.

3. Клиентке уақытша көмек көрсету. Клиент психологтың  көмегіне зәру бола тұра, психолог кеңесші оған  әр уақытта қысқа мерзім ішінде кеңес беріп отырады. Себебі, ауытқымалы адамдар өзіне керексіз теріс ақпараттарды жинағыш келеді.

4. Клиент өз мәселесін  шешудің жолын өзі тауып тұрса. Бірақ әлі де болса  өз шешіміне сенімсіз, әлде бір кедергілер бар.Психолог кеңесші осы кедергілерді жеңуге көмектеседі.

5. Клиентке ақыл кеңес беруден басқа  ешқандай жол қалмаған жағдайда көмек керек.

6. Психологиялық кеңес  басқа бір шешуші факторлардың орнына қолданбай, дәл осы уақытта психологиялық  кеңестің маңыздылығын түсінген жағдайда.

7. Кей кезде клиенттің мәселесін  шешуге психологтың кеңесі дәрменсіз болып қалады. Мұндай жағдайда психолог кеңесші  ең құрығанда өз клиентін  сенімнен айырмауға күш салу керек .

Осы және басқада мәселелерді шешуде  психологиялық кеңес мынандай маңызды жағдайларды шешеді:

1. Клиенттің бетпе бет келіп отырған ең басты мәселесін анықтау.

2. Клиентті мәселесінің қаншалықты түйінді екені жөнінде ақпараттандыру.

3. Клиент психологтың кеңесі арқылы өз мәселесін түбегейлі шеше ала ма, жоқ па деген сұраққа жауап іздеу .

4. Клиенттің мәселесін шешуде әрі анық, әрі түсінікті түрде бағыт көрсету.

5. Клиенттің өз мәселесін психолог көрсеткен жолмен шешуге кіріскен жағдайда да , кеңесші қосымша кеңестермен демеп отыру .

6. Клиенттің жаңадан туындап келе жатқан мәселесін дер кезінде байқауға үйрету.

7. Клиентке өмірлік қарапайым психологиялық білім беру.

Енді осы мәселелерге жеке жеке тоқталайық. Клиенттің басындағы мәселені  анықтау үшін психолог клиенттің әңгімесін  мұқият тыңдап, оның әрбір қимыл қозғалысын  қалт жібермей  қарап отыру арқылы  мұндай мәселеге соқтығысуының мәнін анықтайды. Кей кезде психологтың шешімі клиенттің ойындағысымен дәл түсіп отырады.Мәселелік ақпарат  беру жоғарыдағы  шешіммен тығыз байланысты. Психолог клиентіне неліктен осы  мәселеге киліккені жөнінде ақпарат беріп, оны шешудің  жолдарын ұсынады.

Келесі бір маңызды қадам психологтың клиенттің жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін  анықтау. Мұндай анықтаусыз психолог  ешқандай шешім қабылдай алмайды.

Біріншіден: клиентке мәселесінің қаншалықты күрделі екеніне көз жеткізу керек.

Екіншіден: клиент өз мәселесін  шешуде бел шешіп кіріскені жөн. Клиент әр уақытта психологтың кеңесінің дәлдігіне мойын ұсынып, мәселесін  шешуге кірісіп кетпейді. Клиенттің ойында сенімсіздік басымырақ болады. Осындай жағдайда психолог клиенттің әңгімесін тыңдап, кеңес бердім болды, осымен іс бітті десе,қателеседі. Психолог өзінің  беріп отырған кеңесін клиент дұрыс қабылдап, дұрыс жүзеге асыруды  қадағалау керек. Көп жағдайда псхологиялық  кеңес клиенттің мәселесін  сол кезде шешіп бергенімен,болашақта дәл осындай мәселе  қайталанбайтындығына кепілдік жоқ. Сондықтан психолог  әрдайым клиентін қайтадан бұрын болғанмәселеге қайта ұрынбауын, болған жағдайды, барынша аз болуын қадағалайды.Мұндай жағдайда психолог кеңесші мақсаты сол болмаса да, клиентке қарапайым психологиялық  білім береді.

Психологтың орын алған жағдайда нені және қалай өзгертуге болатындығын анықтаудағы көмегі.Психологияда  жеке адамның психологиялық  қасиеттері мен таным процестерін өңдеуде пайдаланылатын  әдістемелер жиынтығы  мен технологиясын  психокоррекция деп атайды. Олардың баланың  жас ерекшеліктеріне байланысты  және отбасы мәселелеріне байланысты  топтап,  жинақтағандардың бірі А.А. Бодалев  және оның зертханасында істейтін ғалымдар болды [2].

Психологияны  өмір тәжірибесіне  кең көлемде енгізу нәтижесінде  оның көптеген  жетістіктерін   адамдардың алдында  тұрған қиын   мәселелерді шешуге ықпал  жасауға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция  жүргізу әдістері ретінде   белгіленетін  көптеген тәсілдерді  тәжірибеленуші  психолог  кеңінен пайдаланылуда.

Психологиялық  кеңес беру психолог  тәжірибесінде  бұрыннан  бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан,  ол терминмен  психолог  қызметінің кең аумағын  қамтитын бұл түріне  нақты  анықтама  беру немесе  оның  қолдану аймағын   біржақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық   білім қолданылатын кез-келген  салада кеңес беру жұмысы  осы қызметті  ұйымдастыру  формаларының  бір түрі ретінде саналады. 

Кеңес беру  жұмысының өзі бірнеше   бағытта болуы мүмкін: кәсіби  кеңес беру,  басшыларға кеңес беру,  мектеп жасындағы  балаларға кеңес беру және т.б.Білім беру жүйесінде  және әлеуметтік  ортада психологиялық  кеңес берудің  ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына  және олардың  ата-аналарына,  әркімнің өзінің  жеке тұлғалық  және отбасылық  мәселесімен  келетіндерге  психологиялық көмек көрсету  болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының  адаптациядан  өтуі,  жеткіншектер мәселелері,  балалармен олардың  ата-аналарына кеңес беру,  жас жұбайлармен  жүргізілетін жұмыс,  некеге дейінгі кезеңде  үйленейін деп жүген  жастарға кеңес беру,  отбасын  бұзып  ажырасушыларға  психологиялық көмек сияқты  көптеген жеке бағыттардан тұрады.

Сонымен, психологиялық көмек берудің  негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету  қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен  әңгімелесу арқылы  кеңес сұрап келген адамға  мәселелерін шешуге  және өзін  қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог  көмек көрсете  алатындығына сендіру. Бірақ  бұл психологиялық  көмек қалай көрсетілуі  тиіс екендігіне біржақты жауап беру оңай емес. Негізінде,  маманның қабылдауында болған адам психолог туралы  және психологиялық қызмет туралы пікірі  жақсы болуы  керек және психологпен  кездескеннен кейін,  егер ол адам шынында да өзін жақсы  сезінсе,  мәселелерін шешуге  мүмкіндік бар екеніне  көзі жетсе,   онда кеңес берудің  оң әсері бар екені  қосымша  дәлелдеуді  талап  етпейді. Кеңес берілгеннен  соң клиент жете түсінбеген  және дұрыс бағаламаған   жағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе,  сол адам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің  дұрыс екенін  түсіне бастайды.  Сондай-ақ  кеңес беруші  де,  егер клиентпен   кездесу одан әрі жалғасса,  психодиагностика  барысында  анықталған  мәселелерді түсіндіру кезінде кейбір  мәселелерді  клиент жете  тыңдамаған  және қабылдамағанын  байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін  клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.

Психологиялық кеңес беру тиімділігінің басты көрсеткіші- клиенттің  қанағаттанушылығы болып есептелінеді. Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген  адамның  мәселелерінің сипатымен  анықталады. Мысалы,  жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін  біршама жеңіл сезініп,  болашағы жақсы  болатынына  сенімі нығаюы мүмкін, ал кеңес беруші  оның қайғысын,  тағы басқа   эмоционалдық  жағдайын  жеңілдетуге тырысуы  қажет. Келесі бір жағдайда  эмоционалдық   жағдайды   жеңілдету  кеңес берушінің  тікелей мақсаты  болмауы мүмкін:  себебі психологпен жүргізген  әңгіме  пайдалы болғанын  сезінген клиент өз мәселелерін  өте терең,  ауыр және  өткір сезінуі мүмкін. Өткен мәселені талдау барысында оның  мән-мағынасына терең малшынумен  бірге өзінің  сол оқиғаның  орын алуына  себепкер  болғанын түсіну,  оқиғаға өзінің кінәлі екенін,   жауапкершілік өз мойнына  жүктелетіндігін   сезіну,  оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру  процесінен айтарлықтай  нәр алып,  қанағаттанады деп айту өте қиын.  Дегенмен себептерін  толық талдау  арқылы  өз кінәсін  мойындаудың  өзі клиенттің  басқаларды кінәлаудан  бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.

Психологиялық кеңес берудің  табысты болуы  көбінесе  кеңес берушінің  клиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өз жеке басында болған  оқиғасы туралы түсінігін кеңейту  секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың  көмегіне сүйенген  көптеген  адамдардың  шынайы мәселесі- олардың өздерін  не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай  алуы мен  түсінетіндігі өте маңызды. Осы қатынастың  өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді.  Оның үстіне маманмен байыпты және ойлы әңгімелесу барысында  клиент өзі мен қоршаған  адамдар жайында көп жаңалықтарды біліп, оны түсінуіне алып келеді. Осы  түсінік клиенттің өзі мен өзге адамдар туралы  ойлауының “азығы”  болғандықтан ол өте бағалы болып табылады  және оның қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінігінің кеңеюіне  алып келеді.

Психологтың көмегіне сүйенген клиент үшін мұндай нәтиже  оның психологиялық тұрақтылығын көтеруге  және жалпы  адамдарға деген көзқарасы  тұрғысынан маңызды болады. Сонымен қатар  оның басқа да мамандарға, олардың көмек көрсететініне сенімі артады.

3.Психологиялық кеңес беру процесінің кезеңдері.

Психологиялық кеңес беру процесінің кезеңдері төмендегідей этаптарды қамтиды:
1) проблемаларды зерттеу – консультант клиентпен байланыс орнатады және өзара сенімге қол жеткізеді;
2) мәселелердің екі өлшемді анықтамасы - консультант клиенттің проблемаларын олардың эмоционалдық және когнитивтік аспектілерін белгілей отырып, барынша дәл сипаттауға тырысады. Мәселелер клиент пен кеңесші бір түсіністікке жеткенше түсіндіріледі; мәселелер нақты ұғымдармен анықталады.Мәселелерді дәл анықтау олардың себептерін түсінуге мүмкіндік береді, кейде оларды шешу жолдарын көрсетеді. Проблемаларды анықтауда қиындықтар, түсініксіздіктер туындаса.
3)Жоспарлау.Бұл кезеңде таңдалған шешім баламаларына сыни баға беріледі. Кеңесші клиентке бұрынғы тәжірибесі мен қазіргі өзгертуге дайындығы тұрғысынан қандай баламалардың орынды және шынайы екенін анықтауға көмектеседі. Осыдан кейін проблемаларды нақты шешу үшін жоспар жасалады. Дегенмен, барлық мәселелерді шешу мүмкін емес: кейбіреулері тым көп уақытты қажет етеді; басқаларды олардың деструктивті, мінез-құлықты бұзатын әсерлерін азайту арқылы тек ішінара шешуге болады. Мәселені шешу тұрғысынан клиент таңдаған шешімнің шынайылығын қандай құралдармен және әдістермен тексеретінін қамтамасыз ету қажет (рөлдік ойындар, іс-әрекеттердің «репетициясы» және т.б.);
4)Шешім қабылдау – мәселелерді шешудің мүмкін болатын жолдары анықталады және ашық талқыланады. Консультант клиентті ол қолайлы және шынайы деп санайтын барлық мүмкін нұсқаларды атауға шақырады, қосымша баламаларды ұсынуға көмектеседі, бірақ өз шешімдерін жүктемейді. Әңгімелесу барысында оларды салыстыруды жеңілдету үшін нұсқалардың жазбаша тізімін жасауға болады. Клиент тікелей пайдалана алатын мәселелерді шешудің ең тиімді баламаларын табу керек;
5) Әрекет – мәселені шешу жоспарын дәйекті жүзеге асыру. Кеңесші клиентке жағдайларды, уақытты, эмоционалдық шығындарды ескере отырып, іс-әрекеттерді құруға көмектеседі, сонымен қатар мақсаттарға жетуде сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігін түсінуге көмектеседі. Клиент ішінара сәтсіздік апат емес екенін білуі керек және барлық әрекеттерді түпкілікті мақсатпен байланыстыра отырып, мәселені шешу жоспарын жүзеге асыруды жалғастыру керек;
6) бағалау және кері байланыс. Бұл кезеңде клиент кеңесшімен бірге мақсатқа жету деңгейін (мәселені шешу дәрежесі) бағалайды және қол жеткізілген нәтижелерді қорытындылайды. Қажет болса, шешім жоспарын нақтылауға болады. Жаңа немесе терең жасырын мәселелер туындаған кезде алдыңғы кезеңдерге оралу қажет.
Кезеңдерді анықтау әлдеқайда күрделі болып табылады, өйткені практикалық жұмыста кейбір кезеңдер басқалармен қабаттасады және олар өзара бір-бірімен тығыз байланысты.

4. Психологиялық кеңес берудің түрлері.

Психолог кеңесшіге әр түрлі адамдар әр түрлі  мақсатта келетін болғандықтан, олардың өзін былайша топтастыруға болады.

1. Отбасылық кеңес. Мұнда адамдардың отбасылық мәселелерді сөз болады. Сонымен бірге,клиенттер психологтың кеңесіне достарының отбасылық мәселесін шешуге де жүгінеді. Болашақ жар таңдау, әйелі немесе ерінің болашақ жарының туысқандарымен қарым қатынасын нақтылау, сондай-ақ ажырасуға дейін баратын мәселелер осындай кеңестерде шешімін табады. Отбасылық кеңесуде психолог  кеңесшінің отбасылық өмір туралы  тәжірибесі мен білімі қажет. Мұндай жағдайда отбасылық өмірді басынан өткізбеген немесе тұрмыс құрмаған  маманның жұмысы нәтижелі болады деп айту қиын. Сондай - ақ, өз басындағы отбасылық  мәселелерді шеше алмаған  психологтың да көмегі шамалы. Тіпті, осы сияқты түрлі отбасында болатын  келеңсіздіктерді жеңе отырып, шыдамдылық танытқан  адамдардың өзі түбінде психолог болып кетуі мүмкін.

2. Психологиялық педагогикалық кеңес. Мұнда ұстаздардың, ата- аналардың бала тәрбиесіне қатысты мәселелері сөз болады. Сондай -ақ әріптестерінің педагогикалық  деңгейін көтеру туралы мәселелердің  де түйіні шешіледі. Педагогикалық әдістемелер, бағдарламалар , оқу тәрбие істері талқыланады. Психологиялық  педогогикалық кеңес өз кезегінде педагогикалық   тәжірбиелер негізінде өтеді. Педагогикалық кеңес беруге әдетте тәжірибелі  ұстаздар, әдіскер мұғалімдер, педагогика  төңірегінде бірталай тәжірибесі бар адамдар  бейім болады. Жоғарыда айтқандай  педагогикадан хабары жоқ адамдар  ондай көмек беруге дәрменсіз .

3. Интимді жеке психологиялық кеңесу. Өйткені көп адамдардың мәселесі осы жағдайға байланысты туындайды. Бұлар қалай өрбиді. Енді соған тоқталайық -  мұндай мәселелерге аса ұқыптылықпен қарамаса болмайды, себебі, адамдар бұл жағдайда аса жасқаншақ, жаны жапа шегіп жүреді. Сондай-ақ ішіндегі сырын айналасындағылардан  жасырып - жауып жүреді. Олар мәселені, бойындағы әлде бір кемшіліктерден тезірек құтылғысы келеді, бірақ оның амалын білмейді немесе беделді адамдармен қатынас жасай  алмау, әлде бір қорқыныштан арыла алмау, қысылып қымтырылып жүру. Мұндай кезде адамдар өзіне өзі көңілі толмау, әсіресе интимдік жұптасу, жыныстық қатынас кезінде өзін өзі кінәлаушылыққа көп барады. Интимдік- жеке кеңес алу әдетте психологпен көмекке зәру адам арасында жабық түрде өтеді. Кейде сенімді адамдарда  қатыстырылуы мүмкін. Өйткені психолог кеңесшіге абыржулы клиентпен  екеуара әңгімелесудің  өзі оңайға соқпайды.Оның үстіне интимдік жеке мінездегі мәселелер тез арада шешіле қоймайды.

4. Іскерлік кеңес. Мұның өзі жан жақты болып келеді. Оның ішіндегі күрделісі іскерлік мәселелерді шешу. Белгілі бір адамның  қызметтегі дәрежесін  өсіру, іскерлігін арттыру, қызметтегі ұйымдастырушылық қасиеттерін шыңдау жаңа шешімдер қабылдау осындай кеңес үстінде сөз болады.Кәсіби қызметтік кеңес беру  үшін  де сол мамандық туралы толық мәліметі бар адамдар жақсы көмек  бере алады.

Сонымен бірге психологиялық кеңес топтық және жеке даралық формада жүргізіледі. Топтық кеңес беру алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық мәселелері ұқсас адамдар топтастырылады және мынандай түрлерге бөлінеді:

- бір және бірнеше реттік;

- жеке ұсыныс бойынша;

- шақыру және бағыттау нәтижесінде;

- толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.

Жеке даралық кеңес беру мазмұны клиенттің тапсырмасымен анықталады. Психологтар психикалық даму кезеңдерін әрі нақты кезеңдегі механизмді білуі тиіс. Демек жеке даралық кеңес беру схемасы мына үлгіде ұсынылады: өзара іс-әрекет тапсырмалар мазмұны (тапсырыстың мәтіні) – психикалық дамудың механизмдері (психологиялық тапсырма) – психикалық даму мөлшерінің мазмұны.

Клиенттің психологиялық тапсырмасының қалыптасуында психологқа адамның өзіне ден қоюға, маманның философиялық және адамгершілік-этикалық айқындалуын талап ететін өмір мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді.,

Топтық кеңес берудің мақсаты – адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылығын айқындау.

Психолог кеңес беру кезінде зайырлы әңгімеге бармай-ақ, тым жабыла немесе ашыла бермей, өзінің ойын еркін игере білуі тиіс. Әсіресе гипотезаны ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Тиісті себептерсіз клиенттің пікірін елемейтіндей немесе беделін түсіретіндей тура сұрақ қоюға бармау керек, әңгіме қарымталы және өктем болмауы керек.Жалпы, жоғарыда айтылған психологиялық кеңес берудің ережесін сараптай келе, Р.В. Овчарова ұсынған кеңес берудің тиімді және тиімсіз кеңес берудің көріністері 1-кестеге сәйкес ұсынылған [3].

Кесте 1.

Р.В.Овчарова бойынша тиімді және тиімсіз кеңес берудің көріністері 


Тиімді кеңес беру көріністері



Тиімсіз кеңес беру көріністері

1.

Психологтың клиентпен кездесуі сәтті өтеді, олар пікір алмасады

Психологтың клиентпен кездесуі сәтті өтпейді.

2.

Психолог клиенттің құқығын құрметтейді, кәсіби араласудың шараларын, шамасы мен шегін сақтайды. Психолог клиенттің өзінің шешім қабылдау қабілетіне сенеді.

Психолог айтарлықтай байланыс орнатпайды.

3.

Ол ауызша және басқа да әдіспен мұны өзінің кеңес алушысына көрсетеді, эмоционалды түрде қолдайды. Ол клиентке өзінің сезімін білдіру мен қиындықтарын айтуға мүмкіндік береді.

Психолог клиентті «көрмейді», «естімейді» және сезбейді. Ол өзінің айтқандарына жөнсіз қарайды. Клиентке де сөз бермейді.

4.

Ол клиенттің жағдайын білгірлікпен объективтендіреді (ойды айқындау арқылы) және субъективтендіреді (клиенттің және өзінің сезімі арқылы). мәселелерді анықтауда ол клиенттіңайтқандарына мән береді.

Клиентке өзінің шешімін айтады. Асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді.

5.

Ол қорытынды мен ұсыныс беруге емес, клиентке жағдай жасауға ғана асығады.

Клиентті дауласуға, ақталуға, шындықты жасыруға мәжбүр етеді.

6.

Ол клиентке алғысын білдіріп және бірге қызмет жасауды ұсынады.

Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. «Диагноз» қояды және «емдеу» ұсынады.

7.

Ол мәселені түсінуге және мәселелерді бірлесіп шешуге ұмтылады.

Прооблеманы шешу барысында бір жақты ұстанымда ғана болады.

5.Психологиялық кеңес беруде психологқа қойылатын талаптар

Психологиялық кеңес берудің мәні – арнайы ұйымдасқан өзара әрекеттестік (әңгімелесу) процесінде тұлғааралық  және ішкі қиыншылықтарда өзін өзі ұстауға адамдарға психологиялық көмек беру. Психологиялық кеңес өз мақсатына жетіп , жақсы нәтиже беру үшін  мынандай талаптар орындалуы тиіс:

1. Психологтың кеңесіне зәрулік танытқан адам ойдан құрастырылмаған, кәдімгі басында туындап отырған мәселемен келуі тиіс. Сондай –ақ ол осы мәселені  шын шешкісі келіп,  асығыстық танытқаны жөн. Біз бұдан бұрын әңгіме  еткендей, кейбір клиенттер психологты сынау үшін немесе әлдебір оқиғаларды ойлап тауып мазақ ету үшін  де келуі мүмкін.

2. Клиенттер көмек сұрап келіп отырған психолог кеңесшінің  тәжірибелі болғаны жөн. Сонымен қатар оның дәрігерлік  біліміде болғаны дұрыс.

3. Психологиялық кеңес барынша ұзақ уақытқа созылғаны жөн. Осы уақыт ішінде психолог  клиенттің мәселесі неден туындағанын тауып, оны клиенттің  өзімен бірге шешуге ұмтылуы керек .

4. Клиент психолог кеңесшіден алған ұсыныстарын дұрыс қабылдап, дұрыс орындауы керек.

5. Психологиялық кеңес  екі жаққада тиімді  әрі ыңғайлы орында  өткізілуі жөн.

Психологиялық кеңес берудің мәнділігін арттыруда қандай адамдар психологиялық  кеңес бере алады? Ол үшін не білу керек және не істей алу керек  деген  сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Психолог кеңесші болу үшін оның жалпы және  кәсіби психологиялық  жоғары білімі болуы заңды немесе өз өмірінде  көп тәжірибе  жинаған жоғары  бағаланатын куәлігі  бар мамандар  психолог кеңесшінің   рөлін атқара алады.

Жоғары білімді психолог деп, университет немесе иниституттың психология бөлімін жақсы деген біліммен бітіріп шыққан  мамандарды айтады. Ал арнайы психологиялық білім деп, психологияның  бір ауданын ғылыми түрде зерттеп,  тәжірибеде  жүзеге асырылған білімді айтады. Психолог кеңесшіге  осы екеуіде қажет. Өйткені болашақ психолог маман ретінде төменгідей сұрақтарға жауап іздеуі тиіс:

- жаңашыл клиенттердің психологиясы қандай?

- психологиялық кеңеске нағыз өмірлік мәселелерімен келген клиенттерде не жағдай болады?

- неге клиенттерге тек осындай көмек керек , әлде басқа емес?

- клиенттерге жасалған ұсыныстар қалай қабылданады?

Осы сияқты және басқа да сұрақтарға психолог кеңесші ғылыми түрде дәлелденген жауаптар табу керек.Сонымен қатар,психолог-кеңесші білімді болып қана қоймай,мына сияқты қасиеттерге ие болғаны жөн.Ол адамдарды жақсы көруі тиіс,адамдардың көңіл-күйін айнытпай-ақ танитындай қасиетке ие болуы керек,шыдамды,төзімді адамдармен тез тіл табысқыш болуы міндетті.

Психологиялық кеңес берудің мазмұны– психолог өзінің кәсіптік-ғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды. Оны клиент бойынан байқалатын төмендегі белгілерден байқауға болады:

1. Психологтың өте байқампаздығын сезіне алуы.

2. Психологтың іс-әрекеті құрастырмалы құрастырмалы емес, ол басқа адамға ақылмен әсер етуге тырысады.

3. Клиенттің даусы естіледі.

4. Клиенттің жауабы психологтың айтқандарымен сәйкес.

5. Клиенттің тапсырмасының мазмұны психологқа әсер ету арқылы дұрыс түсінілген. Психолог клиент тапсырмасын шеше отырып, оның жағдайына жеңілдету енгізеді.

6. Психологтың бойында түсіну мен жағымдылық арқылы әсер ету дағдысы бар.

7. Психолог клиентке өзінің жеке даралығын жоғалтпай қосылады.

«Адам – адам» кәсібіндегі психологиялық әсер ету (дәрігер, заңгер, тілші, мұғалім, әлеуметтанушы, әлеуметтік қызметкер) сұхбат ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан кеңес беру процедураларын жиі еске түсіреді. Бірақ бұл сұхбаттар өзара іс-әрекет құралы сияқты адамға әсер ету мөлшерімен және оған деген жауапкершілікпен ерекшеленеді. Психолог клиенттің психологиялық өмірінің қасиеттерін көрсеткені үшін жауапты болады. Әр бағыттауға спецификалық әдістемелік тәсілдер, кеңес берудің мақсаты мен тапсырмалары, психикалық шындықтың аймағы, клиент пен кеңес берушінің бағыттары тән:

Клиентке деген құнды және қайырымды қарым-қатынас.Психолог қызметтік этиканы сақтай отырып, көмек сұрап келген әр адамға психолгиялық қолдау көрсетуге тырысады.

Кеңес беруге тыйым салу.Психолог кез келген кеңес алушыға жауапкершілікпен көмектесу керек.

Құпиялылық.Психологқа клиент тарапынан айтылған ақпарат құпия сақталуы тиіс.

Клиенттің кеңес беру процесіне араласуы. Психологиялық кеңес берудің мақсаты – клиентке мәселені түсіндіру және оған оны шешудің жолын табуға көмектесу. Кеңес берудегі сәттілік көбінесе психологтың клиентті кәсіби тыңдап, оның өзі туралы көзқарастарын кеңейте білуінде.

Кеңес беру процесінде мына тапсырмалар шешіледі:

- психикалық денсаулық деңгейін бағалау және басқа психологиялық көмек көрсету тәсілінің көрсеткішін бағалау;

- клиентті оның психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттандыру;

- жалпы психологиялық сауаттылықтың жоғарылауы;

- клиенттің жасырын жатқан психологиялық ресурстарын жаңарту;

- бейімделудің және тұлғалық үйлеспеушіліктің бұзылуын түзету:

- тұлғаның алдағы дамуының негізгі бағытын анықтау.










ҚОРЫТЫНДЫ

Психологиялық кеңес берудің әдістемелік негіздері кеңес берушінің клиенттің қандай да бір психологиялық моделін таңдау және қабылдау мәселесімен байланысты. Психолог қолданатын теория кеңес беру үшін ұйымдастыру принциптерін анықтайды. Айқындалған фактілерді жинақтай отырып, клиенттің хаотикалық, іріткі салушы ішкі дүниесінің күрделі құбылыстарын неғұрлым түсінікті ете отырып, ол оның мәселесін  түсінудің кең перспективасын ашады. Теория осы мәселені түсіндіретін және оны шешудің тиімді әдістерін көрсететін динамикалық гипотезаларды қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір психолог өз теориясын жасайды, «құрастырады», ол клиенттермен өзара іс-қимылдың жеке тәжірибесін көрсете отырып, белгілі теориялық бағдарларға және бағыттарға сүйенетіндігін псхологиялық кеңес беру саласындағы мамандар түрлі көзқараста қаратырған болатын. Солардың бірі Бохан Т.Г .,  Ульянич  А. Л.,  Терехина О.В зерттеулеріндегі психологиялық кеңес берудің әдітемелік негіздері 2-кестеге сәйкес ұсынылған[4].
















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Айви А., Айви М.Б., Саймек-Даунинг Л. Консультирование и психотерапия. Сочетание методов, теории и практики - М., 2000.

2. Алешина Ю.Б. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование - М.,МГУ, 2000.

3. Качунас Р. Основы психологического консультирования. М., 2005

4. Перлз Ф., Гудмен П., Хефферлин Р. Практикум по гештальт-терапии -М.,1995.

5. Рудестам Н. Групповая психотерапия - М.,2004

6. Хрестоматия по психологическому консультированию. Составитель Сапарова И.А. - А., 2004

7. Ташимова Ф.С. Психологический анализ субъектной детерминации смыслов - Алматы. Қазақ университеті, 2011.

8. Психотерапевтическая энциклопедия/ Под ред. Б. Д. Карвасарского. - СПб, 2000.

9. Фрейд З. Очерки психологии бессознательного - М.,2003

10. Юнг К. Человек и его символы -М.,2005.

11. Нельсон-Джоунс. Теория и практика консультирования - СПб, 2006

12. Франкл В. Человек в поисках смысла: Сборник: Пер с агл и нем./Под ред. Л.Я Гозмана и Д.А.Леонтьева. – М 1990.

13. НемовР.С. Основы психологического консультирования. – М., 2003

14. Ғаламтор көздері: https://www.textbook.tou.edu.kz/books/247/1.html.

15. «Википедия» беттері: https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%


16,С.Торайғыров универсиетісайты: https://www.textbook.tou.edu.kz/books/247/1.html

ЖИ арқылы жасау
26 Наурыз 2025
267
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі