Психологиялық ойын жаттығулары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Психологиялық ойын жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл психологиялық жаттығулар бастауыш сынып оқушыларына өте қызықты әрі пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық ойын жаттығулар жинағы

1. «Дос достыққа» сергіту ойыны (5 минут)

Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»: Оң қол оң қолмен! Мұрын мұрынмен!

«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар. Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.

2. «Біз, біздің және оқушылардың құқықтары» коллективтік ойыны (10 минут)

Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.

Талдау:

- Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?

- Өзіңді қандай күйде бейнеледің?

- Қандай құқықтарыңды сен ең маңызды деп есептейсің?

Құқықтары қаралады:

Өмір сүруге құқығы.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғануға құқығы.

Оқуға құқығы.

Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан, дәрігерден, милиционерден, ұстаздан көмек сұрауына құқығы бар.

Төңірегіндердің сый-құрметіне бөленуге құқықты.

«Жоқ» деген сөзді айтуға құқықты.

Басқа да балалардың және басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары бар.

3. «Ақсақ маймыл» жаттығуы (5 минут)

Қатысушылар өздерін емін-еркін сезініп, жайғасып отырады. Жүргізуші (психолог): «Қазір мен сіздерге тапсырма берем, бұл тапсырманы менің «бастаймыз» деген сөзімнен кейін орындаймыз, «тоқтаймыз» деген кезде тоқтаймыз. Егер берілген ережені белгілі себептермен бұзып алсаңыз, бір рет қолды шапалақтап белгі беріңіз.Басқа нәрсеге алаңдасаңызда осылай жасаймыз» Енді бәріміз көзімізді жұмамыз да «Ақсақ маймыл» туралы ойламаймыз. «Бастаймыз».

Талқылау:

1. Тапсырма орындау барысында қандай жағдайлар кедергі болды?

2. Қандай әсер алдыңыз?

3. Ойды игеру мүмкін ба екен?

Отбасы тренинг

Тақырыбы: «Отбасы қарым-қатынастар үндестігін қалай құруға болады?»

Түрі: ата-аналармен сұхбат сағаты

Әдісі: тренинг, пікірлесу, шығармашылық тапсырмалар

Мақсаты: Республикалық «Сенің-құқығың –менің құқығым» атты онкүндік жоспарына сай ата-аналардың құқықтық сауаттылық деңгейлерін арттыруға ықпал ету. Балаға тәрбие берудегі жауапкершіліктерінің қалыптасуына көмектесу.

Жоспары:

І бөлім

1.Кіріспе сөз

2.Баяндама Тақырыбы: Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы туралы Қ.Р.кодексі (жауапты әлеуметтік педагог Бержанова Т.М.)

ІІ бөлім.

1.Тренинг

2.Мәтінмен жұмыс «Бақытты отбасы»

3.Шығармашылық тапсырмалар:

-Бала деген кім?

-Ата-ананың міндеттері мен жауапкершіктері

-Ата-ананың тәулік бойынша іс-әрекеті

-Отбасындағы қарым-қатынастар үндестігінің бір көрінісі

Қорытынды: (бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлерін білу)

Өту барысы:

1.Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздерді «Отбасындағы қарым-қатынастар үндестігін қалай құруға болады?» атты кездесуге шақырып отырмыз. Мақсатымыз республика бойынша "Сенің-құқығың - менің құқығым" атты

онкүндік өтуіне байланысты құқықтық сауаттылығымызды арттыру. Қ.Р. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі күшіне енді. Ол кодексте жанұя, ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеттері т.б. көрсетілген.

2.Тренинг. Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып бүгінгі кездесуден не күтетінін айтады. Содан кейін ата-аналарды топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.

«Бақытты отбасы» мәтіні

Бір үлкен отбасында 100 адам өмір сүрген. Олар әрдайым тату болған. Оны естіген патша таңданып, үй иесінен себебін сұрайды. Сонда үй иесі қағазға бір сөзді 100 рет жазады. Ол қандай сөз жазды деп ойлайсыздар. (пікірлерін білдіру)

3.Ата-ананың бас қуанышы –бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі –бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.

Сонымен «Бала деген кім?» деген тапсырманы орындайық. (қағазға жазып көрсетеді)

Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеніші – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

Келесі тапсырмада неке және отбасы туралы кодексте айтылғандай, ата-ананың міндеттері мен жауапкершіліктерін білуге тиіспіз, соны қағазға түсіресіздер.(кестеге жазып береді)

Ата-ананың міндеті

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеу;

2. Білім алуына көмектесу;

3. Жүйелі білім алуына жағдай жасау;

4. Ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектеп өмірімен танысуға;

5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т.б улы заттарды қолдануға, балаға зиянды екенін түсіндіруге;

6. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» - деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

Ата-ананың жауапкершілігі

1. Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты;

2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

4. Баланың адамгершілік тәрбие алуы үшін, өз отбасында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты.

5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты

6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың саламатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

Келесі тапсырма ата-ана диаграмма құрастыру арқылы бір тәуліктегі жұмысын бөліп көрсетеді. (сағат бейнеленген қағаз беріледі)

Рольдік ойын: әр топ жанұя мүшелерінің рөлін алып баламен сөйлесу мәнерін көрсетеді. (сөздер: ата,әже,әке-шеше, апа-аға, іні)

Қорытынды: Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды.

Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы- ол перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Соңында Бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлеріңіз? деген тапсырманы орындайды.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2025
211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі