жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Психологиялық қолдау
Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия
ҰБТ тапсырушы түлектерге психологиялық қолдау көрсету
Тренингке қатысқан оқушы саны:120
Тренинг – сабақ тақырыбы: «Жетістікке жетудің қыры мен сыры»
Тренинг сабақтың мақсаты: ҰБТ тапсырушы 11- сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету
Бүгінгі таңда ҰБТ тапсырушының өз жетістіктеріне жетуі үшін, олардың психикалық күйзеліске тап болып, әртүрлі өзіне зиян әкелетін жаман қылықтардан аулақ болуына педагог-психолог тарапынан психологиялық қолдаулар көрсетіліп, ҰБТ тапсыру кезеңінде әртүрлі аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу жолдары қарастырылып отыр. Сол себепті ҰБТ тапсырушының өз бойындағы сенімсіздігін жойып, жағымсыз қылықтардан арылтып, олардың көңіл-күйін бағалай отырып, жетістікке жетудің бірнеше түрін қарастырып отырмын.
«Жетістікке жетудің алтын қағидалары»
1 Қағида Өміріңді дұрыс өрдің бе?
Адам өмірі де өріледі. Бірақ кейде адамдар сол өмір өрімін дұрыс өре алмай дал болады. Ал, өре алғандар жетістік тұғырынан көрініп жатады. Банканың ішіне әуелі үлкен тастарды толтырып, одан кейін үстіне ұсақ тастарды, оның үстіне құм және ең соңынан су құйсақ, осыншама заттардың барлығын сыйдыра алар ма едік. Егерт үлкен тастарды бірінші салмасақ, ол сыймай қалар еді. Сен де өз өміріңнің үлкен тастарын ең бірінші және қалғандарын рет-ретімен қоя алдың ба? Әлде құм мен суды бірінші толтырып, тастарың сыртта сыймай қалып жүрген жоқ па?
2 Қағида Мейіріміңді төктің бе?
Мейірім болмағанда бұл дүние астан-кестең болар еді-ау.қатыгез ұрыстар мен сұмпай соғыстар осы мейірімсіздіктің жемісі емес пе? Отбасында титімдей мейірімсіздіктің өзі кикілжіңдер туғызады. Ал мейірімсіз болып дүниеде жетістікке қол жеткізу мүмкін емес.
Бала –деген періште. Адамда сондай мейірім күлкісі болса ғой шіркін! Сонда жетістікке бір өзі емес, күллі адамзат жетер еді. Сенің жасаған жақсылығың, өзгенің дұрыс іс-әрекетіне себепкер болуы мүмкін.
3 Қағида Қолың ашық па?
Өмірде мұқтаждық көру-ең ауыр азап. Шын мәнінде, адамдардың барлығы мұқтаждық хәлінде. Ибрахим Бин Етхем деген әулие кісі бай адамның жомарттық танытып берген бір қобдиша алтынын алмай қойыпты, оны кері қайтарып тұрып, былай депті: Өзіңе осынша алтын керек пе?. Ол: «әрине , керек »,-депті. Сонда: «сен мұқтаж екенсің ғой, өзің ала ғой »,-деген екен.
4 Қағида Әр сәтіңді дұрыс пайдаландың ба?
Әйгілі суретші Доменишино сурет салуды бастағанда бірнеше апта бойы түк істемейді екен. Тапсырыс берушінің бірі бұл жағдайды біліп қойып, «Өнімсіз жұмыс істейсің, жәй әрекет етесің»,-деп ұрысқан екен. Сонда былай жауап қайтарыпты:
«Мен әр сәтімді бос өткізбеймін. Ал қазір суретті миымда салудамын». Ол бірнеше апта бойы беріоген тапсырысты миында қорытып, сызып, пішіп, оның үлгісін жасайды. Бар жігерімен өзін суретке беріп, өмірінің осы бір сәттерінде басқа еш нәрсеге көңіл аудармайды, тек суретпен ғана айналысады. Нәтижесінде аз ғана уақыт ішінде бүкіл жұрттың назарын өзіне аударған керемет туындыны өмірге әкеледі.
5қағида Кеңестің бе?
Бәрінен бұрын кеңес алатын адамды дұрыс таңдай біл. Қараңғыда жоғалған затыңды май шаммен іздеген қандай, электр жарығымен іздеген қандай. Кеңесетін адамды дұрыс таңдамағаның- жоғалғаныңды май шаммен іздегенің. Өйткені май шамнан алынатын жарық жеткіліксіз. Сен қараңғылық тұсыңды жап-жарық қылатын қуатты электр шамындай адамға мқұтажсың.
6 Қағида Кішірейдің бе?
Шәугім мен кесе мысалын білуші ме едің? Шәугімнің кейпі паң, өр көкірек, ал кесенің кейпі ұяң, кішіпейіл. Солай бола тұрғанмен шәугім кесенің алдында иіліп кішіреймей ме? Адамдар да шәугімді емес, кесенің маңдайынан сүймей ме? Ендеше, кесе сияқты басқалар өзіңе кішірейетіндей, сенің маңдайыңнан сүйетіндей кішіпейіл бол! Бос көкіректікпен жетістікке жете алмайсың. Ұлық болғың келсе, кішік бола біл.
7 Қағида Жаман әдетіңді тастадың ба?
Әдеттердің жақсысы да, жаманы да болады. Жетістікке жетем деушілер жақсысын өзіне дос, жаманын дұшпан етеді. Өйткені , жаман әдеттің маңына жоласаң, өз дұшпандарыңды өзің тәрбиелеген болып шығасың.
«Мәтін ішіндегі тест ойыны»
Мақсаты: ҰБТ тапсырушының жұмысқа деген ынтасын және зейін қою қабілітін арттыру.
Нұсқаулық: Сіз мына нұсқауға бағына аласыз ба? Ендеше 3 минут ішінде мына тестті толтырып шығу керек.
Орындамас бұрын бәрін мұқият оқып шығу
Парақтың оң жақ жоғары бұрышына баспа әріппен өз атын жазу.
Атын қоршау.
Сол жақ жоғары бұрышқа 5 шағын шеңбер салу.
Әр шеңберге «Х» белгісін қою.
Парақтың жоғары жағына өз фамилиясын жазу.
Есімің жазылған оң жақ жоғары бұрыштың астына телефон өомірін жазу.
Жазған нөмірді барлығы еститіндей етіп дауыстап айту.
Осы нөмірді қоршау.
Әдеттегі дауыспен 10-нан 1-ге дейін кері санау.
«Мен біттім» деп дауыстау.
Талқылау: топ тапсырманыңи мағынасын түсінгенде бөлмеде күлкі таралады және тестті неге толтырғанын айтады барлық қатысушы жетекшінің қармағына түседі. Қатысушылар қабілеттілікті тексеруге арналған тапсырма деп жауапкершілікпен қабылдайды. Ойын соңында ешкім өзін алданып қалғандай сезінбейді, керісінше, демалуға мүмкіндік береді.
Поезд»жаттығуы.
Мақсаты:оқушылардысергіту,көңіл-күйлерінкөтеру.
Шеңбер
бойымен 1, 2 - ге саналамыз. 1нөмірлер - 1
шапалақ, 2 аяқпен топылдатады. 2 нөмірдегілер
- 2 шапалақ, 1 аяқпен топылдатады. Поездің
жүрісі, дыбысын шығарғанға дейін
жаттығуды жасайды.
Психолог: -
Адамның өз - өзіне, өзгелерге сенім
білдіруі оның өмірге деген үміті мен
қызығушылығын арттырады. Өзіне - өзі
сену адамның өз құндылығын түсініп,
мақсат - мүддесіне жетуіне көмектеседі.
Айналадағы адамдардың сенім білдіруі
адамның жауапкершілігін арттырып, өз
мүмкіндіктеріне мен қабілеттерін ашуға
ықпал етеді.
Тыныштық
сәті «Нұрға бөлену» Ыңғайланып
отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге
қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн
нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге
қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта
тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің
түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын және таза әсем гүл сіздің әр
ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен
тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің
бойыңызға ақырын тарай бастағанын
елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.
Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле
шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер
істейді және баршаға көмектеседі. Нұр
аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық
жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар
нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан
әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,
ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды
құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана
естиді. Нұр көздерімізге де жетті,
көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен
жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек
ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр
бірте-бірте қарқын және шұғылана
бастайды, сіздің денеңізден шығып,
жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.
Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың
да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр
бүкіл әлемге: барлық адамдарға,
жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық
тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық
түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің
ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр,
Махаббат және Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем
қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді
ашуға болады.
Педагог-психолог: Бекжігітова Айнұр Оразбекқызы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген