жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Психологиялық қызметінің жүргізілген іс-шаралар есебі
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы
Боровской мектеп-гимназиясы» ММ
Психологиялық қызметінің
2 тоқсанда жүргізілген іс-шаралар есебі
Қараша айында психологиялық-диагностикалық бағыты бойынша барлық білім алушылармен “Өмір, қымбатсың маған”, «Жоқ деп айтуды үйрен!», «Сезім және эмоция» атты тренинг сабақтары өткізілді. Балаларды өзге адамдарды түсінуге? Тренинг өзіңнің кемшіліктері мен артықшылықтарын қабылдауға, өз-өзіңді қабылдауға үйрету, оқушылардың бойларындағы қабілетін аша білу, бірі –бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру. Жан- жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбектенуге үйретуге бағытталған.
Диагностикалық бағыт бойынша 8-10 сынып оқушыларына “Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу” бағдарламасы бойынша тренингтік жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: Жоғары қауіп тобына жататын оқушыларды анықтау.
Әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар отбасылармен және балалармен , ерекше назардағы оқушылармен құқық бұзушылықпен қараусыздықтың алдын-алу бойынша “Қиын”, “Тәуекел”, есепте тұрған оқушылармен түзету және дамыту жұмыстары жүргізілді. “Аяқталмаған сөйлем” әдісі бойынша топтағы оқушылардың психикалық жай күйі анықталды. Жүргізілген әдіс бойынша оқушылар жоғары нәтиже көрсетті.
Тәрбие бағыты бойынша “Қыз қылығымен” тақырыбында қыздар отырысы өткізілді. Қыздармен әңгімелесе отырып, ар–намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.
Инклюзивті оқыту бойынша оқытылатын оқушылармен психологиялық түзету және дамыту жұмыстары бойынша сабақ кестесі құрылып күнделікті сабақтар өткізілді. Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік таным қабілеттерінің даму деңгейін, соның ішінде ой-өрісін дамытатын психологиялық жаттығулар мен ойындар түрі «Мен қандаймын», «Менің жетістігім» жүргізілді. Таным қабілеттеріне байланысты суреттік тесттер, «Төрт суретті тап», «Артықты ал», есте сақтауға байланысты суреттік тапсырмалар жүргізілді.
Кәсіби бағыт-бағдар жұмыстарына байланысты қараша, желтоқсан айларында 8-11 сынып оқушыларына «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында психологиялық кеңес өткізілді.
6 сынып оқушыларына тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау мақсатында тренинг-сабақтар, сауалнамалар жүргізілді.
«Стреспен қалай күресуге болады?» 9-11 сынып білім алушыларының бойындағы қобалжу, мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Тәрбие бағыты бойынша білім алушыларға “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” атты дөңгелек үстел, дәріс жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың зорлық-зомбылыққа қарсы немесе қосатын пікірлерін айту және мазалаған сұрақтарымен, сөйлеу мәнерінің жағдайын зерделеу және дамыту бойынша жеке және топтық кеңестер жүргізілді. Жасөспірімдерге қатысты, зорлық – зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған мәдени-ағартушылық және ақпараттық – насихаттық іс-шаралар жүргізілді. «Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтары» туралы баяндама 8-11 сынып білім алушыларына өткізілді. «Зиянды әрекеттерге жол жоқ» трениг сабақ 5-11 сынып білім алушыларға жүргізілді.
11сынып оқушыларымен “Сенім-менің серігім” тақырыбында тренинг сабақ өткізілді. Оқушылардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.
Жоғары сынып оқушылармен жеке кеңестер жүргізіліп, депрессиялық деңгейлерін анықтау, “Қарым-қатынаста қандаймын” тесті алынды.
Қараша, желтоқсан айларында 11 сынып оқушыларымен «Сен емтихан тасыруға дайынсң ба?», “Жетістікке жетудің кілті өз қолыңда!” атты психологиялық тренинг-сабақ және пікірталас жүргізілді. Оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен өзін- өзі көрсете алу дағдыларын қалыптастыру. Алдына қойған мақсатына жетуге деген тілегін қалыптастыру. Мамандық таңдауда дұрыс жолға бағыттау.
Ата – анамен бала арасындағы қарым –қатынасты бақылау мақсатында, жекелеген ата-аналардан «Өз балаңыз туралы не білесіз?» тақырыбында сауалнама алынды. Мектебімізде аутодестурктивті мінез-құлықтың алдын алу барысында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. «Жасөспірімдік кезеңдегі аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу шаралары» атты тақырыпқа педагог – психолог баяндама оқыды. Жиналысқа
230 ата-ана қатысты. Отбасылық клуб бағдарламасы бойынша мектебіміздің ата-аналарына кездесулер өткізілді. Ата-аналар белсенділік танытып, қатысты. «Ескерту – демек құтқару!» мектепішілік ата-аналар жиналысында құқыққа қарсы әрекеттің алдын алу шаралары бойынша баяндама оқылды, балалардың бойындағы мазасыздық деңгейі туралы айтылды. Ата-аналарға балаларын назар аударып, көңіл бөлу туралы ұсыныстар берілді. «Шығармашылық дарындылықты дамыту» ақпараттық психологиялық жадынамалар ата-аналарға таратылды. Ата-аналардың балалардың денсалығына назар аударуы, өз – өзіне қол жұмсаудың алдын алу, рухани құныдылықтарға үйрету, тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша ата-наларға әңгімелесулер, кеңес жұмыстары жүргізілді. «Мұғалімнің әдептілігі» тесті жүргізілді. Теске 35 мұғалім ат салысты. Профессионалдық іс-әрекеті жоғары, балаға деген қарым-қатынастары жақсы, өз пәніне деген сүйіспеншілігі жоғары деңгейде. «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты педагогтарға арналған психологиялық тернинг жүргізілді. 5 педагог белсенділік танытып, ат салысты. «Бұл қиын жасөспірімдердің өтпелі кезеңі»сынып жетекшілерге кеңес жұмыстары жүргізілді.
Қорытынды:
1 сынып оқушыларыныңың даму деңгейі туралы класс жетекшілер тарапынан, психологиялық қызмет тарапынан жұмыстар жүргізіліп, класс жетекшілерге, жеке ата-аналарға ұсыныстар берілді.
Мектеп бойынша қалалық ПМПК шешімімен инклюзивті оқыту бойынша «Ерекше» және «Үйден оқытылатын» оқушылар есепке алынып, жеке карталары толтырылып, оқушылармен жыл бойы түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.
5 сынып оқушылары мектеп жағдайына жақсы бейімделіп, жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму деңгейлері бойынша жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бейімделу кезеңінің әлі де бейімделу үстіндегі оқушыларға жүргізілген әрбір әдістемені талдап, анықталған нәтиже бойынша ұсыныс беріліп, ұсыныстар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Осы жүргізілген психологиялық зерттеу нәтижесімен класс жетекшілер мен ата-аналарға таныстырылып, ұсыныстар берілді. Мектеп бойынша есепте тұрған, тәуекел топ оқушыларымен жыл бойына түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. 9-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағыт-бағдар бойынша психологиялық тренингтер, сауалнамалар, тест жұмыстары алынып нәтижелері шығарылды.
Қорыта келе, жүргізілген психолог жұмысы жоспарға сай жүзеге асып келді. Жүргізілген жұмыстар уақытында қорытындыланып, таныстырылып отырылды. Өткізілген психологиялық шаралар мектеп проблемасымен ұштастырылып отырды.
Мектеп психологы: Ж.С Мергенова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген