400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Психологиялық сабақ "Эмоциялар әлемінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Психоэмоциялық қысымды түсіру, ішкі ресурстардың белсенділігін көтеру, шығармашылық потенциалын (әлеуетін) ашу; Тұлғалық даму, жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Эмоциялар әлемінде.

Мақсаты: Психоэмоциялық қысымды түсіру,ішкі ресурстардың белсенділігін көтеру, шығармашылық потенциалын (әлеуетін) ашу;

Тұлғалық даму, жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.

Түрі: шебер сынып

Әдіс-тәсілі: медитация, ойын жаттығулар, сұрақ-жауап, арт-терапия (имаготерапия, құм терапиясы)

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, қуыршақтар, құм

Барысы:

І. Мотивациялық-қозғаушылық:

«Сәлемдесу»

ІІ. Ұйымдастыру-орындау: Медитация. «Ішкі күш».

«Айна мен маймыл» жаттығуы.

ІІІ. Сергіту сәті. Ойын «Әріп таңдау».

«Рөлдік гимнастика» жаттығуы.

«Ойыншықтар сөйлейді», «Аңдардың әңгімесі»

IV. Рефлекция (сабақты қорыту) «Менің жүрегім»


І. Мотивациялық-қозғаушылық:

«Сәлемдесу»

Өмірде біз түрлі эмоциялық күйді бастан кешіреміз, мысалы, сенімсіздік, өзімізді түсіне алмайтын, жабырқаулы, немесе жағымды эмоциялық күй. Қазірдің өзінде әр қатысушы әрқандай көңіл-күйде, әр түрлі сезімде. Сол сезімдерімізді айқындау үшін «Сәлемдесу» жаттығуынан бастайық.

Шарты: біз барлығымыз бір-бірімізбен өз қалауымыз бойынша сәлемдесеміз. «Сәлем сөздің анасы» демекші, сол сәлем сөзді көршіңнің құлағына сыбырлап айту керек. Содан кейін, барлығымыз естіген сәлем сөзді бір уақытта дауыстап айтамыз.

Кері байланыс: қандай сезімдесіздер?

ІІ. Ұйымдастыру-орындау:

Медитация. «Ішкі күш»

Қажетті құралдар: магнитофон және баяу әуенді таспа.

Баяу медитативті әуен қойылады.

Орындыққа ыңгайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз. Төбеңізде

жарық сәуленің пайда болғанын елестетіңіз. Ол жаймен жоғарыдан

төмен қарай құйылып бетіңізді, мойныңызды, иығыңызды жылытып,

оны жарқырата түсуде. Ол маңдайдағы, еріндегі, беттегі, иықтагы

қысымнан, қобалжудан босатты. Жарық қозғалысы төменге түсіп,

ішіңізді қыздыра бастады, жағымсыз көңіл күй мен сезім, іштегі жарық

жылулығын арттырып, ыси бастайды. Бойдағы қобалжу, күйзеліс

ыстықтан еріп, қол және саусақ ұшынан сыртқа төгіліп жатыр. Сіздің

денеңіздегі барлық бұлшықетіңіз босаңсып, рахат күй кешудесіз.

Ішкі жарық сәуле сіздің жаңа бейнеңізді жасауда - ол байсалды,

өзіне сенімді, өзіне және өмірге көңілі толатын жеңісті тұлга.

жаттығуды: «Мен жаңа адаммын! Менің денім сау, табысты тұлғамын!

Мен өте байсалды, тұрақты адаммын!» ұранымен аяқтаңыз. Жаймен көзіңізді ашыңыз.

Кері байланыс: қандай әсердесіз?


«Айна мен маймыл» жаттығуы.

Нүсқау: Топ жұпқа бөлініп бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Біреуі

айна, екіншісі айнаға қараған маймыл рөлін сомдайды. Маймыл не жа­

саса, айнада да сол әрекетті орындауы қажет. 3 минут өткен соң рөлдерін

ауыстырады. Бұл жаттығуды барлығы бір уақытта орындаса да болады.

Бірақ әр жұп жеке-жеке орындаса, қалған қатысушының талқылауы

нәтижелі болып келеді.



ІІІ. Сергіту сәті. Ойын «Әріп таңдау»

Ойынның мақсаты: балалардың көңіл – күйлерін көтеру, жылдам ойлауға, ұтымдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: ойыншылар дөңгелене отырып, қобдишадан әріп таңдайды. Сұрақтар қойылған кезде, оқушылар жауапты сол таңдалған әріптен бастап жауап беруге тиісті.(М, Қ, К, А, Ы, Ж, Ө, Ә, А, Б)

Сұрақтар:

  1. Сіз анаңызды қалай жақсы көресіз?

  2. Өмірде біреуге қолдау көрсеткенде, қалай қолдайсыз?

  3. Кешірімді болу үшін қандай қасиеттер болу керек?

  4. Достарыңызға не тілер едіңіз?

  5. Өмірде жақсы көру болмаса не болар еді?

  6. Адам бойында көптеп кездесетін қандай қасиеттерді білесіз?

  7. Өз бойыңызда жалпы қандай қасиеттер бар?

  8. Көңілің жоқ кезде не істейсіңдер?

  9. Ал егер де анаңның, досыңның көңіл – күйі болмаса, қалай байқайсың?

  10. Көңіл – күйін қалай сұрауға болады?

  11. Қалай ойласыңдар, ауа – райы біздің көңілімізге әсер ете ма?

  12. Өз эмоцияңызды қалай басқарасыз?


«Рөлдік гимнастика» жаттығуы. Нүсқау. Бойдағы қысымды шешуге, эмоционалды оянып, оқушының мінез-құлқының ашылуына әсер етеді.

Психолог қатысушыға:

Біз бір әрекетті бірнеше түрде орындай аламыз. Кәне, осыған көз жеткізейік.

А) Барлығына таныс өлең жолын:

- Сыбырлап;

- Өте жылдам;

- Робот секілді;

- Шет ел адамы секілді;

- Мұңды;

- Асқан сезіммен айту.

Б) Жүру:

- Сәби секілді;

- Қарт секілді;

- Аю секілді;

- Мысық секілді;

- Қорыққан адамдай;

Мақтаған адам секілді;

Танымал жұлдыз секілді;

В) Отыру:

Гүлде отырған ара секілді;

Атта отырғандай;

Қомданған бүркіт секілді;

Г) Қабағын түю:

Күзгі бұлт секілді;

Ренжіген ана секілді;

Ашуланған арыстан секілді;

Д) күлу:

Күн секілді;

Сәби секілді;

Жаттығуды талдау.

Сізге қай кейіпте өлең айтқан немесе тыңдаған ұнады?

- Ал қай кейіпте күлген, отырған, жүрген ұнады?



Сюжеттік-рөлдік ойындарды арт-терапияның бір түрі имаготерапиямен көрсету.

«Ойыншықтар сөйлейді», «Аңдардың әңгімесі», «Әжесінің еркесі», «Қызғаншақ бала» т.б.

1. «Ойыншықтар сөйлейді» бұл ойында әрбір бала топтағы ойыншықтардан бір-біреуден қолдарына алып, соның рөлінде, сонын атынан өзінің ренжігенде, қуанғанда, өкінгенде, ашуланғанда, өтініш білдіргенде, ұялғанда не дейтінін, нені армандайтынын ортаға салады.

2. «Аңдардың әңгімесі» әрбір бала бір-бір ойыншық аңның рөлінде қу түлкі, ашулы арыстан, қорқан қоян, кекшіл кірпі т.т. бірігіп өздері куә болған бір-бір қызықты оқиға айтады және т.б.

Кері байланыс:   
- Ертегіден қандай әсер алдыңыздар?

  • Қандай эмоциялық күйді жеткізу оңай болды, ал қайсысы қиын болды?



Рефлекция (сабақты қорыту) «Менің жүрегім» әдісі арқылы.
- Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

- Қандай жаттығулар ұнады? (керемет, орташа, қанағаттанарлық)

































М Қ К



А Ы





Ж Ө Ә



А Б









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
864
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі