Панфилов ауданы «Х.Көбіков
атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагог-психолог Ахметова
Сымбат Кабыловна
Тақырыбы: Психологиялық сабақ
"Көңіл -күй әлемі" (Эмоция)
Сынып:1
Мақсаты: адам бойындағы құнды қасиеттер
туралы түсініктер беру, күлкі жəне жымиюдың адам өміріндегі қажет
екенін түсіндіру. Балалардың топта және жеке тұлғалық
психоэмоционалдық жағдайын жайландыру арқылы ішкі күйзелісті
төмендету, өзіне деген сенімділігін арттыру, дұрыс көзқарасты
қалыптастыру. Балалар ұжымын топтастыруға өзіндік үлес
қосу.
Дамытушылық: баланың эмоциялық әлемін дамыту, психолог тарапы-
нан топ мүшесіне қажетті эмоциялық қолдау корсету. Балалардың
зейін, қабылдау,ойлау, қиял қабілеттерін
жетілдіру.
Тəрбиелік: балаларға жылы жымиып, шынайы күліп жүру
керектігіне көздерін жеткізе отырып, жақсы істер жасай білуге бағыт
бағдар беру. Өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым-қатынас
жасай білуге тәрбиелеу, топпен жұмыс жасауға үлес қосуға
үйрету.
Көрнекілігі: презентация, видеоролик ,шарлар, ленталар,
унтаспа, майшам, Түрі: ойын – жаттығу, тренинг
сабағы
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,
арт-терапия
Сабақтың барысы:
Психолог: -
Сәлеметсіздер ме, балалар!. Балалар мен сендерді
көргеніме
қуаныштын. Ал сендер бір-біріңді көргенде
куанасыңдар ма? Бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?
Балалар: -
Сәлеметсізбе, апай! Бізде сізді көргенімізге қуаныштымыз!
Көңіл-күйіміз жақсы! Әрине қуанамыз!
1.
«Амандасу» тренинг-жаттығу
- Балалар амандасып алдық,
ендеше барлығымыз қол ұстасып, жақсы көңіл-күйде бір- бірімізге
қарап күлкімізді сыйлайық! Мына тақтада (Күн, алақан, жүрекше,
смайл ) көрсетілген суреттерге қарап, бір-бірімізбен
амандасайық.
Жүрекшелер шыққан сәтте – бір
–біріңізбен құшақтасып амандасасыздар.
Алақан шыққан сәтте –
бір-біріңізбен қол ұстасып амандасамыз.
Күннің бейнесі көрінсе –
бәріміз қолдарымызды көтереміз.
Смайликтер шыққанда –бір
–бірімізге қарап күлкімізді сыйлаймыз.
- Жарайсыңдар
балалар!
2. «Мейірім шуағы»
ойыны
Балалар біздің келесі ойынымыз
«Мейірім шуағы» деп аталады.
- Балалар қараңдаршы, Күн
сәулесі өзінің мейірім шуағын төкпей тұр, ол үшін біздерге жарық
сәулесін шашып тұруы үшін жылы сөздер айтуымыз қажет. Қане
айтыңдаршы балалар, үйде сендерді аналарың қалай еркелетеді? Соны
есімізге түсіріп көрейікші? Ол үшін Күннің шуақтарын бір -бірден
ұстап тұрып анамыздың қалай еркелететіні туралы айтып
береміз.
—Сенің ата- анаң қалай
еркелетіп айтады? (лентаны ұстап тұрып) — Мен Дана. Мені анам
«Ботам» дейді. — Мен Алдиярмын. Мені анам «Құлыным» дейді. Ойын
осылай жалғасу арқылы шеңбер бойында күн
бейнеленеді.
-
Жарайсыңдар, Қаншама әдемі аттарды естідік,
тамаша!
3.
– Балалар, сендер саяхатқа барғыларың келе ме?
-
Балалар мен сендерді саяхатқа «Көңіл -күй әлеміне» шақырамын. Ол
үшін барлығымыз көзімізді жұмып, менің дауысымды ғана тындайық
Дайынсыңдарма ?
Релаксация. «Тыныштық
сәті»
-
Балалар, денелеріңді бос ұстап, ыңғайланып, көздеріңді жұмыңдар.
Өздеріңді «Көңіл –күй әлеміндемін» деп
сезініңдер.
Сіз
табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл
шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды
сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін
қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз.
(тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын
естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық,
табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз.
(тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін
сезіңіз (тыныштық).
1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге
өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Табиғат-Анаға
«Рахмет» деп айтайық. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде
болдыңдар?
Балалар біз « Көңіл –күй әлеміне» де келіп
жеттік. Көңіл күй әлеміне қош келдіңіздер
балалар!
Мында экранда қаншама суреттер берілген екен.
Олай болса, біздерге қандай көңіл-күй сыйлар екенін көріп
тамашалайық.
1-сурет Көңілсіз бауырсақ жылап
тұр.
Балалар сіздер калай ойлайсындар неге ол жылап
тұр
2-
сурет Ашулы.
Балалар сендер қайдан білдіндер ол ашулы
екенін
Балалар сендер ашуланасыңдар ма? Қашан? Қай
кезде?
3-сурет Көңілді.
Балалар қалай ойлайсыңдар суреттегі бауырсақ неге
көңілді
4-Ренішті бауырсақ . Ренжіп
тұр.
5-Қорқып тұр.
Бауырсақ не көрді соншама ол неге қорқып тұр?
Балалар сендер неден қорқасындар?
4.
Логикалық тапсырмалар
І.
«Ойлан, тап!» ойыны
Мақсаты: Жеке мінез қырлары мен эмоцияларын
айқындау, қабылдау, зейін, ойлау процестерін
анықтау.
Балалар, мына экранда әртүрлі эмоция мен сезімде
тұрған балалардың суреті бейнеленген. Осы суреттерге ұқсас көңіл
күйді табуымыз қажет. Ол үшін алдарыңызға берілген смайликтерге
қарап бір эмоцияны тауып сол суретті көрсетеміз.
Ойынның шарты: Әр балаға төрт түрлі смайликтер
суреті бейнеленген карточкалар беріледі. Балалар смайликті таңдап,
көңіл күйін анықтап, сәйкес карточканы көрсетеді.
ІІ.
«Кім тапқыр?» ойыны
Мақсаты : Есту қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа
баулу. Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға баулу. Есту
қабілеттері арқылы (көңілді,ойнақы,қорқынышты, күлкілі) дауыстардың
көңіл-күйін сезіне
білуге үйрету. Балалар жасырынған дауыстарды
табуы қажет. (Музыка қосылады)
1.
Баланың күлкісі
2.
Қорқынышты ер адам кулкісі
3.
Көпшілік адамдардың күлкісі
4.
Қарт кісінің күлкісі
5.
Әйел адамның күлкісі
6.
Көрермен зал күлкісі
5.
Ойын: «Сенің көңіл –күйің неге ұқсайды?» ойыны (Сурет бойынша
әңгіме құрастыру) Нұсқау: Психолог баладан сұрайды: «Сенің
коңіл-күйің неге ұқсайды?». Егер бала жауап беруге қиналса, оган
мүмкін болатын жа- уап нұсқасын ұсыну, мысалы: күн, бұлт, жылга,
бұршақ т.б.
-Жарайсыңдар, балалар
8. Шығармашылық жұмыс. Арт-
терапия.
Балалар сурет салады. (Дәстүрден тыс сурет салу:
Майшаммен, акварель бояуы арқылы)
-Тамаша, балалар ал енді суреттеріңді қолдарына
алып оны қонақтармен бірге көріп алайық.
-
Баян не салдың? Сенің салған суретің көңілді ме, әлде көңілсіз
бе?
Жарайсыңдар балалар суреттерді жақсы салыпсыңдар,
осы суретерді біз ертегі саяхатқа салып
жібереміз.
Қорытынды:
Балалар, біз бүгін қайда барып
келдік?
Сендер бүгін "Көңіл -күй әлеміне" саяхатына
бардыңдар, онда қандай суреттерді көрдіңдер?
Көңілді, көңілсіз, ашулы, ренішті, қорқып тұрған
бауырсақты көрдік.
Жарайсынңар балалар осымен біздің бүгінгі «Көңіл
-күй әлеміне» атты сабағымыз
аяқталды. Сабаққа жақсы қатысып, ойын ойнап,
тапстапсырмаларды орындап, жақсы айткандарың үшін сендерге балалар
рахмет.
-
Ал, енді қоштасайық.
-
Сау болыңыздар