400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық сабақ "Өзің таңдаған өмір" 5-7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған сабақ 5-7 сынып оқушыларымен жұмыс істеуге арналған. Бұл жұмыстың бағыты осы жас аралығындағы балалардың тұлғалық өсіп жетілуі мен психологиялық денсаулығын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс балаларды түзету мақсатында ғана қолданылмайды, сондай-ақ, барлық балалармен жұмыс істеуге тиімді. Сабақта қолданылатын диагнстикалық жұмыстар оқушының өзін өзі тануына зор ықпалын тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық сабақ

Тақырыбы: «Өзің таңдаған өмір»

Мақсаты: жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру, өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету, негативті импульсті шығару, жою.

Керекті заттар: түрлі түсті қарындаш, гуашь, А4 қағазы, бейджик.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір бірімізді тыңдауға, өз өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.

  1. Сергіту жаттығуы «Мейірімді жануар»

Жүргізуші: - Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар демалады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қадам алға аттап, дем шығарамыз. Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет.

  1. Жаттығу «Ойлануға арналған балықтар»

Бір бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», жәшіктен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

Карточкадағы сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш – бұл.......

Мен мынандай адамдарға сенбеймін.......

Мен ренжимін, егер........

Мен ұнатпаймын, егер..............

Маған көңілсіз,егер...................

Егер маған дауыс көтерсе, мен.................

Мен қарсыласқанда .................

Егер мен сенімсіз болсам, онда................

Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш? Сенімсіздік? Сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмарлар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге сондай қолдау ойлап табамыз.

  1. » Коллаж «Менің бойтұмарым

Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбалардан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Қалқан қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіде, өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарының ортасы, т.б.), үшіншіде – ең үлкен жетістігім. Төртіншіде – сенімді үш адам.

Осының бәрін сөз, символ, сурет арқылы көрсетіңдер. Бесіншіде – өзң туралы естігің келетін үш сөз.

15 минут уақыт беріледі. Қатысушылар қалаулары бойынша өз жұмыстарын көрсетеді.

Shape3 Shape4 Shape2 Shape1

Мен жақсы өзімді жақсы

Істей аламын сезінетін орта



Өзім туралы естігім келетін үш сөз





Ең үлкен мен сенетін

Жетістігім үш адам







Shape6 Shape5















Жүргізуші: Біз дайындаған бойтұмар өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:

  • Ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсір.

  • Жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды есіңе түсір.

  • Өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан.

  • Өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла.

Қорытынды: Рефлексия.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі