Материалдар / Психологиялық сауалнама ата-аналарға арналған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық сауалнама ата-аналарға арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен , балалармен танысады , мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да , қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді , ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке өзі отырып үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ , мысалы қызылша , орамжапырақ , қатты тамақты шайнап үйренбеген (құрттайнан) балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек . Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып , баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2023
770
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Балалардың балабақшаға бейімделуі»

 Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында  және балабақшаға келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен , балалармен танысады , мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен  араласудан бас тартады да , қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді , ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке өзі отырып үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ , мысалы қызылша , орамжапырақ , қатты тамақты шайнап үйренбеген (құрттайнан) балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек . Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып , баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Балаңызбен үйде сойлесесіз бе? Оны мақтайсыз ба , оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері кобінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл түрі -баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді . Орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде , ауыр бейімделу – 2 айдан  6 айға дейін өтеді.

Қобалжулары қатты ата – аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді , өйткені ата - ананың  қобалжуын көріп , баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата – ана балаға көмек беруі керек.

Ертенгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

  • Баламен тез қоштасып үйреніңіз.Қоштасуды созбаңыз.Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп тынышталуы ұзаққа созылады.

  • Балаңыз сізге сенсін десеңіз,балабақшаға әкеліп көрінбей қашып кетпеңіз.

  • Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және оны қатал ұстаңыз.

  • Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдырқатыңыз.

Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 2 – 3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс.Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдай көп өзгеріске түседі.Сондықтан кеңес береміз.

  • Үйдегі жағдайда балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз

  • Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.

  • Үйдегі жағдайда баланы өзіне – өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну өз бетімен тамақтану тамақ ішкенде қасықты пайдалану, гаршокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт, шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

  • Баланың «социалдық көк жиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с.Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

  • Баламен жағымды эмоцияналдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.Есіңізде болсын – сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

  • Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға.Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

  • Жоспарлаңыз:балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғащқы аптада үш төрт сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

  • Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.

  • Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

  • Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет.

Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жақтырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап ақ, үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.





Гипербелсенді баланың ерекшелігі



Гипербелсенді бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көп көне бермейтін, басқа балалардан мінез – құлқы мен қимылы ерекше бала. Бұндай балалар балабақшада тәрбиешілерді ғана емес, отбасында ата – аналарын да шаршатары сөзсіз. Белсенді балалармен жұмыс жасау, дене күшін және жан күшін көп қажет етеді, бірақ қандай жұмыс болмасын баланың белсенділігі болу керек емес, керсінше тәртіп, білім ережелерін меңгеруге көмек көрсету керек. Біз барлық гипербелсенді балалармен жұмыстануда мынадай жағдайларды есте ұстауымыз қажет. Біріншіден - олардың «дегенімен» жүруге болмайды, еркін жіберетін болсақ - аласапыранның күшеюіне апарады. Екіншіден - баланың қолынан келмейтін күші жетпейтін нәрселерді талап етуге болмайды, ол қарсылыққа апарады. Ал ең ұнамсыз - ол өз өзіне жаман тәртіпсіз деген қарым -қатынас.
Егер де бала барлық ашуымен балаларға жүгірсе, біз оны құшақтап «қане екеуіміз дұрыс тыныс алып демімізді шығарайық» немесе 1 - ден 10 – ға дейін бірге санайық десеңіз, бала ашу - ызасын ұмытып тынышталады. Сонымен қатар гипер белсенді балалар бимен, ән шырқаумен айналысқан жөн.. Ата - аналарға ондай балаларды жүзуге жіберуге кеңес береміз. Егерде серуендеп жүргенде бала қозып кететін болма біз оны жеңіл жүгіріспен алдаймыз, «қане біз алаң ішінде жүгірейік»деп жүгіріс кезінде жүгіру түрлерін ауыстыруға болады. Жүгірістен кейін баланың шиеленіскен жүйкесі басылып тынышталады. Гипербелсенді балалар дизритммен қиналады, оларда тәулік биоритм әрең деген де анықталады . Олар нашар ұйықтап әрең оянады, олардың жанында отырып қолдарын ұстап иығынан сипап ұйықтату тиімді.
1. Ең алдымен ата - аналар мен педагог бірлесе отырып, балаға қатысты бірыңғай талаптар жүйесін жасақтап алғаны жөн.
2. Бұндай балалармен жұмсақ, сабырлы түрде сөйлесу керек. Тым белсенді бала жағымды да, жағымсыз да әсерге тез берілгіш. Сондықтан сіздің көңіл - күйіңізді тез қабылдап, тоқмейілсініп кетуі мүмкін.
3. Бұл балалардың іс - әрекетін өз бетімен жіберуге болмайды, өйткені тым белсенді балалар қалыптасқан жағдайды тез түсініп, үлкендерді өз айдауымен жүргізгісі келеді.
4. Ол балаларға үлкендердің мадақтауы мен ыстық ықыласы ауадай қажет. Алайда не нәрсені де тым әсерге берілмей сабырмен орындаңыз.
5. Тым белсенді балаларға нұсқау беріп тұруды әдетке айналдыру маңызды. Нұсқауларыңыз көп сөзден тұрмасын, әрі кеткенде 10 сөздің айналасында болсын. Балаға бірнеше нұсқауды бір уақытта бермеңіз: «бөлмеңе бар, ойыншықтарыңды жина, қолыңды жу да ас бөлмеге кел деу» дұрыс емес. Әр нұсқауды алдыңғы нұсқау орындалып болғаннан кейін берген жөн. Нұсқаулардың міндетті түрде орындалуын қадағалау қажет.
6. Басқа балалармен қарым - қатынас жасағандағы сияқты тым белсенді баланы тәрбиелеуде бірізділікті ұстану қажет. Тыйым сала бермеңіз, оларды мұқият ойластырып, балаға түсінікті түрде жеткізіңіз. Бала салынған тыйымды бұзса, оны қандай жаза күтіп тұратынын түсінуі тиіс.
7. Үлкендер баланың бұрыс әрекеттерін дұрыс жолға біртіндеп қайта қоя білуі тиіс. Мысалы, егер бала айқайлап жатса, жанына барып оның сүйікті әнін бастаңыз, ол қосылған кезде даусыңызды біртіндеп бәсеңдетіңіз. Балаға әрқашанда таңдауға бірнеше әрекет түрін ұсыныңыз.
8. Тым белсенді балаға бір нәрседен екінші нәрсеге көшу қиын. Сондықтан балаға басқа іспен айналысу қажеттігін алды - ала ескертіп қойған дұрыс. Егер бұл жағдайда сағаттың қоңырауын немесе ас үй таймерін қолдансаңыз, тіпті жақсы. Егер бала ата - анасының өтінішін орындаса, оны міндетті түрде ынталандыру қажет (міндетті түрде материалдық тұрғыдан емес).
9. Бұл балалардың шаршағаны тым көп қозғалып кеткенінен байқалады, оны біреулер баланың белсенділігіне балайды. Шаршап - шалдығу өзін - өзі бақылаудың төмендеуіне соқтырады. Сондықтан тым белсенді балалардың адамдар көп жүретін жерлерде болу уақытын шектеген абзал.
10. Тым белсенді баламен табысты әрекет ету үшін қажетті шарттардың бірі – күн тәртібін сақтау. Бүгін немен айналысатынын бала алдын - ала білгені жөн.
11. Баланы ынталандыру жүйесін жасақтап алған дұрыс. Мысалы, әрбір дұрыс әрі дер кезінде орындаған әрекеті үшін оған жетон ұсыныңыз, соңынан ол жетондар сый - сияпаттарға алмастырылады: серуенге бірінші жұппен шығу құқығы, түскі аз кезіндегі кезекшілік, бірге кітап оқу, осылайша баланың қызығушылығына қарай.
12. Міндетті түрде есте ұстайтын жайт, тым белсенді баламен сөйлескенде сабыр сақтау керек, өйткені ол балалар көңіл - күйдің өзгергенін бірден сезіп, үлкендерді өз дегеніне қарай ыңғайлауға бейім тұрады.
13. Ойындарды таңдағанда тым белсенді балалардың мына ерекшеліктерін есте ұстау қажет: топтағы ережелерге ұзақ уақыт бойы бағына алмайды, тез шаршайды, сөзді аяғына дейін тыңдай алмайды, нұсқауларды аяғына жеткізе алмайды. Ойын кезінде ол балалар өз кезегін күтуден бас тартып, басқалардың қызығушылықтарымен мүлдем санаспайды. Сондықтан алдымен баламен жеке жұмыс жүргізіп алып, сосын барып 2 - 3 баламен ойынға қосу керек, содан кейін одан үлкендеу топтарға қосып ойнатуға болады.
14. Тым белсенді баланың жаны тез жаралатындықтан, өзіне деген ерекше қамқорлықты қажет етеді. Оның мазасыздығын басуға жеңіл массаж, жұмсақ алақанмен сылап - сипалау, психогимнастикалық ойындар көмектеседі.
15. Баланың асып - тасып жатқан қуатын жағымды бағытқа аударатын ойындарға үйреткен пайдалы. Мысалы, ата - аналар балалармен саусақ ойындарын ойнай алады. Бұл ойындардың тікелей мақсатынан басқа баламен жайлы қарым - қатынас орнатуға септігін тигізетіні белгілі.
16. Тым белсенді балаларды сауықтыруға әсер ететін жайттардың бірі – оған деген мейірімді, байсалды, тұрақты көзқарас.
17. Бұл балаларды тәрбиелеуде жағымсыз әдістердің ол балаларға әсер етпейтінін есте ұстаңыз. Олардың нерв жүйесінің ерекшелігі сол – теріс құбылыстарды қабылдау сезімталдығы өте төмен, сондықтан олар ескертпелер мен жазаға селт етпейді, алайда құйттай мақтау естісе бірден жауап береді.

   




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!