Материалдар / Психологиялық тәрбие сағаты: «Бақыт іздеген жандар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тәрбие сағаты: «Бақыт іздеген жандар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдерді әдеби кітаптармен, психологиялық қызықты оқиғалармен таныстырып, таным деңгейін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2020
1658
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бақыт іздеген жандар»

Психологиялық тәрбие сағаты.

Мақсаты: Жасөспірімдерді әдеби кітаптармен, психологиялық қызықты оқиғалармен таныстырып, таным деңгейін кеңейту.

Міндеті: Өскелең жас ұрпақтың терең ойланып, өмірге жан-жақты, кеңінен қарап, әрдайым оңды шешім қабылдай білуі үшін, сана түбіндегі ой арқылы жұмыс жасау жолдарын үйрету.

Жүргізу барысы:

1-жүргізуші. Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бақыт деген не?

Бақыт жайындағы толғаныс заманалар бойы еш уақыт тоқтаған емес, ол туралы жазбаған ойланбаған ғалымдар мен хакімдер кемде- кем. Өйткені бақытқа жету – бар адамның арманы. Патшалар өздерінің зәулім сарайларында бақытты болуға бас қатырса, кедей-кембағалдар лашықтарында өз басындағы бақытсыздығын күрсінумен білдірген. Бірақ сол патшадан жәй адамдарға дейін әрқайсысы өз бақытын табу жолында мына өмірдің сан қырлы соқпақтарынан өтуге бел шеше кірісіп, қаншама тауқымет көрсе де күдіксіз алға ұмтылумен болады. Бұл ұмтылыс сол адамдардың бақытсыз болмау үшін жасаған талпынысы еді.


Бақыт деген не сөз?

Авторы: Қуат Қиықбай

(Ортаға оқушы)

Бақыт деген не өзі?

Біреуге ғашық болу ма?

Бақыт деген не өзі?

Жасың жүзге толу ма?


Бақыт деген не өзі?

Ол туралы ойламаппын.

Осын ы ойлап досытым ау,

Мен бір ойға баттым!


Бақыт мүмкін сірә да,

Әкелер айтқан ақ тілек.

Кейбіреулер байлықты да,

өмірдегі бақты деп біледі.


Бақыт деген бәлкім,

Құс шығар ұшыратын,

Әлде адам ба екен,

Біз сүйетін құшатұғын.

Бақыт осы күндер ме?

Шуағымен нұрын шашқан,

Яқи түндер болар.

Сұлуларға сырымды ашқан.



Ғашығын тапқан жандар да,

Бақытымызда дейді бақытты.

Ақындар да бақытты шығар,

Жыр жазатын жақұтты.


Бақыттың алдыңнан талай,

Шыққан шығар жанамалай.

Жүрегің дауалайма,

Мүмкін сол сәтте оны,

Қалдың ба екен бағаламай.

Ал қазір бақытым – деп,

Жүгіресің жан аямай.


Жібердік бақытты қолдан,

Ойды санға салып сараламай.

Әб-сәтте бақытты табамыз,

Бақыт бағын араламай.

Осыған қарап ойланшы.

Ой жіберіп санаңа ай.


О, өмір бақыт деген,

Мөлдір махаббатқа.

Бақытты шығар адамдар,

Мас болған махаббатқа.



Жалықтым, жабықтым,

Бақытты іздеп жолымнан.

Іздеймін қай жақтан,

Оңымнан әлде солымнан.


Бақытқа жете алмадым,

Көрдім кеше ғана.

Амал нешік, жетер едім,

Менде бары тек есек арба!

Бақыт деген не?

Бақыт деген не? (релаксациялық әуенмен екінші оқушы сахнда)

Бақыт!

Ол не?

Қонғаны ма, мансап бақ?

Байлық па, әлде машина ма, ақша ма?

Көп қырғында қалу ма, әлде жан сақтап?


Расында да бақыт деген не нәрсе?


әрбір адам өмір сүруге талпынғаннан бастап бақытты болуға ұмтылады. Бірақ сол бақыттың бағасын білмей, кейде қолымызға қонған бақ құсымызды ұшырып алатынымыз тағы бар.

Адамдар арасында бақыттың алар орны әртүрлі, әрине, ол әрбір адамның бақыт туралы түсінігіне байланысты.

Ал, менің бақыт туралы түсінігім ше? Әлемнің қай түпкірінде болмасын, ел бақыты, ер бақыты, бала бақыты, ана бақыты ұғымдары тағы бар. Міне, осы ұғымдар нағыз бақытты құраушылар еді дер едім.

Ел бақыты дегеніміз – ұлтын сүйер, халқын демер, Отанын құрметтеп, ата-анасын ардақтап, елдің тірегі, халықтың жүрегі бола білетін, болашақтың діңгегін қолдарына ұстайтын патриот ұл - қыздары.

Ер бақыты дегеніміз – қиналғанда қол ұшын берер қаумалаған қалың елі, достары келгенде де, дұшпаны келгенде де, ер атын ез атына айналдырмай сыйлай білетін адал жары, әке ертеңге адалдықпен, кәусарлықпен жеткізетін ұл – қыздары.

Бала бақыты дегеніміз – көз жасын төкпей, қайғы көрмей, жетімдіктің жақтықтың зарын тартпай өткізетін балғын балалық шағы, жел жағынан пана, жаңбыр жауса таса, өмір-өзен қыспағында қалса, араша бола білетін асқар таудай әкесі мен мөлдір бұлақтай аяулы анасы.

Ана бақыты дегеніміз - тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібіткен, жүрек жылуы, көз қуанышы, бауыр еті баласы, кейде досы, кейде жанашыры кей-кейде арқа сүйер панасы бола білетін сүйген ері.

Міне, осы төрті ұғым тек қана ұғым болып қалмай, шыныайылықпен жүзеге асса, онда бақыт шырағданы мәңгі өшпес өмір шырағданына айналар еді. өмір көгінде нағыз бақыт қанат жайып, әлемді өз нұрына бөлер еді. Менің ойымша, бақыт деген осы. Бақыт жайлы ойымды Күләш Ахметованың мына бір тамаша өлең жодарымен аяқтайын:


Минут сайын сезінемін бақыт дәмін,

Қуанышқа толады уақыттарым.

Айналаның бәрінен бақыт көрем,

Арайланып тұрғанда атып таңым.


Күні – түні шүкір деп шаттанамын.

Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!

Көзім – шырақ, санам – сау, ғалам – ғажап,

Бұдан артық бола ма бақ бағалы?


Бақыт іздеген жандар


Сана түбіндегі ой: Арам ой сен іблесің бе? адам баласы мені тыңдаса көптеген жетістіктерге жетеді. Мен олардың ақыл санасын молайтып, білімін тереңдетіп, жаман жолдан айықтырам. Ал сенің қандай пайдаң бар, айтшы?


Арам ой: Ха-ХА-Ха, ой адал ой, кейде саған қарасам күлкім келеді. Кейде жаным ашиды. Сен өзің білесіңғой, мен адам жайлы ойлай бергенде бір ауыз сөз айтсам болады, сені тыңдауға шамасы келмей ұшып түседі. Сен түсінетін кез келді ғой, сен адамның санасының тере-е-е-е-е-ң түбінде жатасың, ал мен бетінде ғана тұрамын, сеннен бұрын мені тыңдамағнда кімді тыңдайды айтшы. Ал осы ма, естігің келгені?


Сана түбіндегі ой: Жарайды, жарайды сенің айтқаның –ақ дұрыс болсын. Бірақ сен өзің ойланып көрші, мені тыңдау үшін терең ойланып, саналы түрде түсініп, үлкен түсіністікпен жұмыс жасайтын адамдар қазір белгілі жерде данагөй ақылды адамдар болып отыр. Мысалы, кезінде менің ақылым арқылы үш жүздің басны біріктірп отырдығой, одан кейінгі халықтың ақын, батырлары еріп жері үшін қан төгісті. Ақын даналардың ілім-білімдерін әлі күнге дейін қазақ баласының санасын оятып келеді. Мысалы: мана кітаптың ішінде әрбір сөз мен арқылы іске асқан. Егер мен адам баласының санасын түртіп оятпасам, аз уақыттың ішінде –ақ құртып жібересің


Арам ой: Ойпыр – май, с.т.о. өзіңді мақтағанда керім дейсің, сондықтан күшті болсаң қазір екеуміз эксперимент жүргізіп көрейік. Осы эксперимен арқылы адам баласының кімді көп тыңғанына көз жеткізейік.

С.т.о.: Арам ой мен сеннен қорқады дейсің бе, адам баласы мен арқылы жұмыс жасайтынын саған дәлелдеймін. Кеттік ендеше. Анау басқа дәуірден бері қазіргі дауірге дейін келейік.


Арам ой: Басқа дауірде нең бар, одан да қазіргі адамдар мен ақ жасап көрейік.


С.Т.О. Не болды апырмай қорқып қалдың ба?шындықты адам баласы білмейтін шектен іздемей біз бе , несіне қорқасың сен жаңа ғана, апыр – май мені барша адам баласы тыңдайды сен бір сананың түбінде жатырсың сені адам баласы қазбалап, тыңдап жүреді дейсің бе? – деп көкірегіңді керіп едеің ғой, ал көрейік ендеше.


Музыка: (релаксацияға жаугершілік заманының сай күй орнына шымылдық ашылады). Таққа таласұқан үш хан баласы батырдың кимімен бір - бірімен қылыштасып жатады.

Үлкен баласы: бауырларым! Сендер менің үлкендігімді силамайсың дар ма? әкеміздің хандық тағын маған беріңдер, нерелерің бар ағаларыңмен таласып, одан да ағаларыңды сыйлаңдар.

Ортаншы баласы: жоқ біз неге саған береміз, сені осы жасқа дейін аға деп сыйладық бірақ мынадай таққа талас кезінде сыйлай алмайды екенбіз, ренжімеңіз ағатай деп қылыштаса жөнелді.

Кенже бала: Ағалар соңдарыңда шаңыраққа ие болып қалар бауырларың отыр, мен тек шаңыраққа ғана ие болып төбеге қарап отырғанша хандыққа да ие болайын мен ерке өскен баламын елімді еркелеп отырып басқарамын, сондықтан бұл елдің ханы мен боламын.


Арам ой: Ха-ха-ха әне ақылды, міне сана түбіндегі ойым мына ханның үш баласы, менің айтқанымнан шыға алмайды өзара қырғын болып жатыр. Дұрыс хан балалары хандық сендердің әрқайсысыларыңа тиесілі төбелесіңдер, өлтіріңдер, ұрыңыздар, соғыңыздар. Қай жеңгенің хан боласыңдар.


С.Т.О: (ашуланып кенже баланың жанына барып) Ойлан бала! Сол кенже баласы тоқтай қалады да тоқтаңдар ағалар одан да біз бір уақыт отырып ойланайықшы әкеміздің көзі тірісінде несіне хандыққа таласамыз мүмкін әкемізбен ақылдасып көреміз. Арам ойымызбен әкемізбен көзінің тірісінде хандыққа таласамыз деп, әкеміздің жүзіне қарай алмай ұятқа қалып жүрерміз.

(Сол кезде балалар әкелеріне келеді)


Үлкен баласы: Әке біз сіздің көзіңіздің тірісінде таққа таласып алдыңызда кінәлі болып отырмыз, бізді кешіріңіз.


Әкелері: Балаларым әзірше еліме мен өзім ханмын үлкен ұлым, сен ұлы жүздің басын қосып бірлігін ойлай, ортыңғы ұлым сен орта жүздің басын біріктір, кенже ұлым сен кіші жүзге билік жүргізіп ел бірлігін тап. Ал осы жүз әрдайм бірге тату тәтті батасын береді. Үш ұлы бір-бірін құшақтап қол алысып үшл таққа отырады. (шымылдық жабылады).


Арам ой сөйлейді: С.Т.О. Жарайды-жарайды бұл жолы жеңіс сіздікі ендігі жерде жылап қалмасаңыз болды.


Музыка шымылдық ашылады. Сыртында қазақша киінген қызбен жігіт отырады


Жігіт: Жаным, сен екеуімізді кішкентай кезімізден атастырып қойған. Енді сен екеуіміз бір жұп болар кез келді. Бүгіннен бастап қосылайықшы.

Қыз: Жоқ, ұстама менің қолымды, сенің әкең менің әкем сұраған қалың малды әкеліп берсін, содан кейін ғана мен саған қосыламын. Олай болмаса менің жаныма жолама.

Жігіт: Жаным, мал да, ақша да болады, бәрі болады. Тек сен менің көкірегімнен итермеші, мен сені қатты сүйемін ғой.

Қыз: Ой, маған жақындамашы, өтінемін. Сені көргім келмейді. Ауа – райы суып кеттіғой, мен тоңдым.

Жігіт: Міне, мына жейдемді, саған жабайын.

Қыз: Қажеті жоқ (СТО,қыздың алдына кесе өтіп, сыртынан барып ақырын ғана басын сипап «ойлан» дейді. Жігіт, кимін алып тұрып қалды).

Қыз: (ақыры салмақты үнмен): - Иә, сенің айтқаныңның бәрі дұрыс. Ата-анамыз бізді кішкентай кезімізде атастырып қойғаны рас. Егерде менің қатты кеткен жерім болса кешіресің бе? қазақтың салт-дәстүрін, жол-жоралғысын сақтай отырып қосылғанымыз дұрыс болар.

Жігіт пен қыз бір-бірінің қолдарынан ұстап айға қарап отырып қалады. Шымылдық жабылды.


Арам ой: СТО, сен не істедің. Мына адам балалары мені жап-жақсы тыңдап жатыр еді. Қандай сиқырың бар.

СТО: Ой арам- ой, мені түсіне білген адамға көп уақыттың керегі де жоқ. Бірақ енді сенің көзің жеткен болар.

Арам – ой (ақырын ғана күледі де): менің қолдан берілмейтінімді білесің ғой. Тағы менімен барасың ба? Әлде осы жерден жеңілетніңді сезіп тұрсың ба?

Сана түбіндегі ой, үндемей арам-ойдың қолынан жетелеп алып кетеді. Шымылдық ашылады. Шымылдықтың сыртынан беттеріне барлығы бірдей мұңайған адамныңбет пердесін киген 8 адам шығады. 7 адам бір бірінің қолдарынан ұстап шығады. Бір адам жалғыз өзі олардан бұрын, қолына копьютердің перне тақтасын алып шығады.

Жалғыз адам: Энетер, бәрің бірге сөйлеңдер, - деп бұйрық береді.

7 адам: Сәл-е-мет-сің-дер-ме!

Жалғыз адам: А түймесі өзіңді таныстыр.

А нүктесі. Менің атам А түймесі. Мен мына пернетақтаның бір түймесін. Бізді бір адам ғана басқарады.

Жалғыз адам: Бәрің айналыңдар.

(Бәрі орындарында тұрып айналады).

Жалғыз адам: Д түймесі Ж түймесіне өзіңнің оны сүйетіндігіңді айтып, гүл сыйла.

Д түймесі: Ж түймесі мен сені сүйемін, мына гүл саған.

Жалғыз адам: Бәрің маған қарап отырыңдар (бәрі жеке адамға қарап отырады). Бәрің орындарыңа тұрыңдар (бәрі қайтадан орындарына барып тұрады).


Сана түбіндегі ой: Уа, адамдар не болған сендерге. Сендердің әрқайсысыларыңның жеке ойларың бар ғой. Ояныңдар, - деп ақ бөкебаймен бәрін бір желпіп өтеді.


(Арам-ой айқайлап жерег құлай кедеі. Жалғыз адам қолындағы пернетақтасын лақтырып жіберіп, басқа 7 адамның қасына қосылады. Бәрі бет перделерін шешеіп шулап кетеді).


Барлығы бірге: Ғажап, біз әр түрлі екенбіз ғой. Бізді ешкім де басқара аламайды екен. Біз өзіміз күлгіміз келсе күліп, жылағымыз келсе жылаймыз.

(шымылдық жабылады).

Арам ой: (ақырын орнынан тұрады да ): Мен сені бәрі бір жеңемін соңымнан ер! – деп сана түбіндегі ойды тағы бір жаққа апарады.

Шымылдық ашылады. Заманауи киінген қызбен жігіт отырады.

Жігіт: жаным мен сені сүйемін, - деп 1000 теңге береді.

Қыз (қабағын түйген күйінде): Сенбеймін, - деп алып қалтасына салып алады.

Жігіт: Мен сені шын сүйемін, - деп 2000 теңге береді.

Қыз (ақырын ғана жымиып қалатасына салып алады да ):дәлелде, - дейді.

Жігіт: Мен сені сүйемін, - деп ақшаны қалтасына салып алады да жігітті құшақтайды.

Сана түбіндегі ой (екеуі құшақтасып тұрғанда сана түбіндегі ой, ақыры сыртынан келіп): Ойланыңдар, - деп, бөкебаймен желпіп өтеді.

Қыз: Менің саған қарауға ұялып тұрмын, қалайша мен бұлай жасадым. Кешірші мынаның бәрі сенікі ғой, мен сені шынай махаббатпен сүйемін, - деп жігіттің ақшаларын қайтарып береді.

Жігіт: Иә, менің қалайша дәтім барды, саған ақша беру арқылы сенің сөзіңді қалай ғана сұрадым екен, кешір жаным, - деп екеуі құшақтасқан күйінде шымылдық жабылады.

Сана түбіндегі ой: ақырын жымиып келіп бір шетке ыңғайлап отырады.


Арам ой (әрі бері қарап тұрады да, сана түбіндегі ойға келіп): Сана түбіндегі ой. Айтшы осы ,сен қалайша мені жеңіп кете бересің? – дейді.


Сана түбіндегі ой (әндетіп орнынан тұрды да): ол үшін арам-ой адал болу керек, адал болу керек, не болды жеңілдің бе? бетіне күліп қарайды.


Арам – ой (қарқылдап күледі де): Уа, сана түбіндегі ой, сен нәзіксің ғой, пәксің ғой, таза адалмын де, сонымен. Ал онда тағы бір рет көрсетші адалдығыңды. Көрейін мен, - деп екеуі тағы шымылдықтың сыртына кетеді.

Шымылдық ашылады. Артында ақ, қара, сұр, түсті киім киген бір топ қыздар мен ұлдар отырады. Іштерінде киімі алуан түсті бала отырады. Олардың бір бастықтары болады:




Ваххабиз бастығы: Бәрің қатар-қатар тұрыңдар. Бері қараңдар. Сен неге біздің тәртібімізді бұзып, түрленіп киініп алғансың.

Киімі алуан түсті бала: Ой, мен осындай бір келкі өмірден шаршадым. Осында бақытымды табамба деп келіп тұрмын. Мына досым жақсы жол сілтеп алып келді.

Бастық ваххаб: Ендеше біздің ұранымызды тыңда.

Бәрі: Түрлі түсті кимейміз, күлмейміз, жүрмейміз, білмейміз.

ән айтып, би билеуге болмайды, оның бәрі жаман жолға жолдайды.

Киімі сан алуан түрлі бала: Ой, енді не істеймін, мынаның бәрі маған қарсы шығайын деп жатыр ғой.

Бастық ваххаб: Бір АллаҺқа сыйынамыз. Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Аллаһтың біз құлымыз. Арам тамак жемейміз. Кез-келген кісімен бірге тамақ жемейміз. Кез – келген кісмен бірге тамақтанбаймыз. Қыз балаларымыз денесін жауып осылай жүреді, ерлеріміз шешім қабылдайды, қыздар әлсіз жандар шешімді мойындайды. Сонда Аллаһтың алдында күнәдан пәк жандар болады. Адамда жан тазалығы болады. Бақыт деген сол жан тазалығы емес пе? Біз қиын-қыстау кезде бір-бірімізге қолдау көрсетміз.

Киімі алуан түсті бала: Солай ма? Менің де іздегенім бақыт емес пе, бірақ ...

С.Т.О: (Сол кезде с.т.о. келіп, баланы шетке қарай алып кетеді де): Сен оларды тыңдама, ата-анаңда ойла, соларды тыңда, қолыңнан келгенше достарыңның бәрін әр түсті гүлдермен түрлендір, әндетіңдер, билеңдер, - деп айқаййлап ақ бөкебайын жайып жүгіріп кетеді.

Бала: Жоқ достар, біз жаспыз, әдеміміз, біз өз пікірімізбен жүріп мына заманды түрлендіруіміз керек. Неге сендер қара киім киіп беттеріңді бүркегенсіңдер, олай істемеңдер. Мына, айналаны қараңдаршы, қандай керемет. Біз құдайға ішкі дүниемізбен сенеміз. Дүниені гүлдендірейік, өмірді түрлі түске бояйықшы – деп достарының алдында жігерленген түрімен келіп тұра қалады.

Арам ой: (сол кезде арам ой с.т.о жерде жатқан ақ бөкебайын алып қолына ұстап тұрады да): Иә, мен шынымен адамдарға кедергі келтіріп, тура жолдан тайдыруды ғана ойлайды екенмін ғой. Жарайды достар, әлемді жаңартып, ойымызды тазартайықшы, - деп ақ бөкебайды жамылып алып, бәрін айналып бір жүгірп өтеді. Барлық ұлдар мен қыздар жиналып, күліп қолдарына қылқалам мен бояуларды алып, шетте тұрған ақ плакатты түрлі-түсті бояумен бояйды. Бәрі бояп біткеннен кейін бір-бірінің қолынан ұстап бақыт әнін айтады. Сол кезде с.т.о. мен арам ой бір-бірін құшақтап балалардың арасына кіріп әндеріне қосылады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!