400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг – жаттығулар


Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг - жаттығулар.
1. Сәлемдесу
2 «Өрмекші торы» жаттығуы
3. «Ақ парақ» жаттығуы
4. «Жартастан өту» жаттығуы
5. «Ашулы шарлар» жаттығуы
6.«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

1. Сәлемдесу
Нұсқау: Оқушылар өздерін таныстыру барысында, өздерінің жеке қасиеттерімен таныстырып өту. Мысалы: Менің атым – Шыңғыс. Мен сурет салуды, күреске қатысқанды жақсы көрем.

2.«Өрмекші торы» оқушылармен еркін қарым - қатынас жасау мақсатында жүргізіледі.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады.. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бір - біріне әр кім 1 - ші өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2 - ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының, адам бойына керек емес қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жиып шығады.

Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескертпе, сындарды түзете білейік.

3.«Ақ парақ» жаттығуы
Мақсаты: ұжымда ауызбірлікпен жұмыс істеуге бағыттау.
Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. 1 – ші топқа қағазды жырту, ал 2 - ші топқа қағазды бірнеше жерінен тесу беріледі.
Нұсқау: берілген ақ парақтар бойынша, қандай жағдаяттарды немесе аңыздарды айтуға болады. Айтылатын ойды дәлелдеп беру керек.

Кері байланыс: Қағазды жыртқан және шұрқ тескен кезде қандай ойда болдыңыз?

4. «Жартастан өту» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың өзара қарым - қатынасын бақылау.
Нұсқау: Оқушылардың барлығы бір қатарға тұрады. Олар жартастар болады. Ал, бір оқушы жүргінші болады. Ол осы жартастан ұстап, құламай өтуі қажет. Жартастарға көмектесуге болмайды, деген нұсқау беріледі.

Кері байланыс: Жартастан өту қиын болды ма?
Достарың жартас болып көмектеспей тұрғанда қандай күйде болдыңыздар?
Көмек көрсеткенде қандай сезімде болдыңыздар?

5. «Ашулы шарлар» жаттығуы
Мақсаты: бойдағы ашуды, агрессияны сыртқа шығару.
Нұсқау: Бірнеше шарды үрлеп, бір, екеуін жару. Бір, екі шардың желін жайлап шығару.

Кері байланыс: Не сезіндіңіздер? Не байқай алдыңыздар?

6.«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.

Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке - жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

«Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренингі

Әр адамның алға қойған мақсат – мұраты, тілектері болады. Бойына жақсы адами қасиеттерді дарыта алғандар ғана өмір жолындағы қиыншылықтарға қарамастан шыдамдылық танытып, өзін - өзі тәрбиелеп мақсатына жетеді. Ал адам бойында болуға тиісті 20 құнды қасиет бар. Осы қасиеттердің қайсысы өз бойында бар деп ойлайсыздар . Соны белгілейміз.

Адами құнды қасиеттер Менің бойымдағы құнды қасиеттер
1. Өмірге риза болу
2. Ақылдылық
3. Ұқыптылық
4. Кең пейілділік
5. Қарапайымдылық
6. Әділдік
7. Ашықтық
8. Өз бетінділік
9. Принциптілік
10. Шыншылдық
11. Өзіне сенімділік 
12. Еңбекқорлық 
13. Батылдық 
14. Тұрақтылық
15. Төзімділік
16. Сабырлық
17. Тіл табысушылық
18. Саналылық
19. Бауырмалдық
20. Сыпайылық


«Жұдырықты аш»

Жұптаса бөлініңдер. Жұптағы біреу жұдырығын қатты жұмады. Екінші адам оны ашуға тырсады.Қолды немесе дененің кез-келген жерін ауыртуға боламайды.Кейін ойыншылар орындарын ауыстырады. Күш көрсетпей қолданған амалдар талқыланады:келісім сөздер, өтініштер,қулықтар.

" Ұқсастық шегі ." жаттығуы 
Шарты : Қатысушылар жұптасып отырады , А 4 қағаз беті және қалам қажет . Жанындағы жұбына қарап , ұқсастықты тауып , " Біздің ұқсастығымыз ." деп А 4 қағаз бетіне жазады . Ұқсастық табу үшін 4 мин уақыт беріледі . Жаттығуды орындағаннан кейін , жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын оқып ,өз ойларын айтады . 

 «Автопортрет» жаттығуы.

Нұсқау: Әр қатысушыға бір беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 5 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.

Жаттығу шартыСізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет - әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым - ишараларыңыз болса т.б...

б) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.

Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.

Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруына болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
06.03.2019
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі