Материалдар / психологиялық тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өмірінің уақыт кезеңдерін түсінуге көмектесу. Өзінің өткені, бүгіні және болашағы үшін жағдай жасау. Өз қажеттіліктеріңізді тыңдау, мақсаттарыңыз бен өмір жолыңызды анықтау қажеттілігін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2022
712
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«№1 ӨСКЕМЕН КОЛЛЕДЖІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
















«ЖОЛАУШЫ»


(психологиялық тренинг)














Әзірлеген: педагог-психолог А. Ануарханқызы

Санаты: педагог - модератор







ӨСКЕМЕН - 2021

КІРІСПЕ

Білім алушылар арасында мінез–құлықтың ауытқуы, нашақорлықтың алдын-алу мен түзетудің тиімді әдістерінің бірі-алғашқы алдын-алу, атап айтқанда педагог-психологтың жүргізген психологиялық тренингтері болып табылады. Бұл психологиялық тренингтер жеке тұлғалық өсуге, өткен өмірін бағалауға, болашаққа бағдарлануға, проблемалары туралы негізгі ақпаратты түсінуге бағытталған, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын бекітуге және тікелей және жанама әдістемелерінен тұратын девиантты мінез–құлықты, зиянды алдын алуға арналған.

Ұсынылған тренингтердің тиімділігі педагог-психолог пен білім алушылар арасындағы сенімді қарым-қатынассыз мүмкін емес. Егер тренингтерді жүргізетін психологқа сенім болмаса, білім алушылар ақпаратты, жаңа тәжірибені игермейді.

Педагог–психологтың іс-әрекетінде басты орынды топты алдағы бірлескен жұмысқа дайндауда психоэмоционалдық жағымды атмосфера тудыра білуі, суырып салмалық, психологиялық сезгіштік, елестету маңызды.орын алады. Әр қатысушының жүрегіне сүйіспеншілікпен жол тауып, психологиялық ерекшеліктеріне, ішкі –жан дүниесіне мінез-құлқына ерекше мән беріп, өзара жағымды және шынайы, шартсыз қарым – қатынас орната білуі керек. Осындай ортада ғана білім алушылардың қызығушылықтары мен проблемалары айқын көрініс тауып, субъектілік бақылауы, өзідік бағалау деңгейі жоғарылап, ішкі сенімділікке, психикалық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Мақсаты: Оқушыларға өмірінің уақыт кезеңдерін түсінуге көмектесу. Өзінің өткені, бүгіні және болашағы үшін жағдай жасау. Өз қажеттіліктеріңізді тыңдау, мақсаттарыңыз бен өмір жолыңызды анықтау қажеттілігін дамыту.

Міндеттері:

  1. Өзіне деген оң көзқарасты, сыни өзін-өзі бағалауды және оның даму мүмкіндіктеріне, қателіктер жіберуге ғана емес , оларды түзетуге де оң көзқарас қалыптастыру;

  2. Өзіңіздің құндылықтарыңыздың, мақсаттарыңыз бен көзқарастарыңыздың жүйесін құру, тәуелсіз таңдау жасау , мінез-құлқыңыз бен өміріңізді бақылау мүмкіндігін қалыптастыру.

Әдістемелік жарақтау: сандықша, фломастерлер, А4 қағазы, сурет, аудиожазба, доп, видеожазба.

Тренинг формасы: топтық,

Тренингтің ұзақтығы: 1,5 сағат

Қатысушылар саны: 10-12 адам

Тренинг кезеңдерінің стадиялары:

1. Психологиялық ахуал тудыру

2. Әр қатысушының индивидуалды жұмысы

3. Вербализация кезеңі (жұмысты, сезімді, талқылау)

4. Рефлексивті талдау кезеңі

5. Ұжымдық жұмыс кезеңі

6. Қорытынды кезең (қоштасу)


Тренингтің тиімділігін бағалау критерилері: қатысушылардың тренингке қызығушылығын, бірлескен жұмыста белсенділіктерін жоғарылата білу, соңғы кезеңінде тренинг басында қойылған мақсатқа жету.

Психолог: Қазір ыңғайлы отырып, тақтаға мұқият қарауларыңызды сұраймын. Мұнда сіздермен бірге сабақ барысында орындайтын ережелер жазылған.

  1. «Қазір және осында» ережесі

  2. Шынайылық ережесі

  3. Кеңес бермеу ережесі

  4. Әрекет пен сөзге баға бермеу ережесі

  5. Бірінші тыңда, одан кейін сөйле ережесі

  6. Белсенді болу ережесі


1 кезең

"Құпиясы бар парақ» ойыны

Психолог: Бүгін бізде үлкен психологиялық ойын өткізіледі. Біз сіздермен дос болу үшін, өмір жолын анықтауға және уақыт лабиринттерінде сергелдеңде қалмас үшін жолығып отырмыз

(Осы кезеңде психолог демократиялық, қолайлы атмосфераны құруы керек. Алдымен өзінің кәсіби қызыметі туралы айтып кетіп, алдағы жұмысты орындауда ашық болуларына тілегін айтады).

Жүргізуші ойынның барлық қатысушыларына карточкалар таратады. Карточканы алған әрбір адам оны айналасындағыларға көрсетпеуі керек деп алдын ала хабарланады.

Топ мүшелерін бір-бірімен" танысуға " шақырады. Қатысушылардың әрқайсысы жолдасына белгілі бір фразамен амандасып, жақындауы керек: "Сәлеметсіз бе, мен ең қызықты адаммын, өйткені мен …» (өзінің хоббиін атайды: "жапон тілін үйренемін", "таңертең 30 рет отырып тұрамын» т.с.с). Қағазға қатысушы "танысқан"адамның аты жазып отырады. Көбірек адаммен танысқан қатысушы ұтады.

Талқылау: Сен осы тренингтен не алғың/білгің келеді?

2 кезең


Психолог: Тақтаға қараңыздаршы, онда жолда кетіп бара жатқан адам бейнеленген.

Сіз өмірдің үлкен жолында келе жатқан жолаушы екеніңізді елестетіп көріңіз.

Өмір дегеніміз-адамға туғаннан өлімге дейін берілетін уақыт. Көзіңізді жұмып, өмір жолында өзіңізді елестетіңіз. өзіңіздің өмір жолыңызды туған сәтіңізден бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралыққа ойша шолу жасап, содан кейін болашағыңызға барып қайтыңыз.


«Өмір жебесі» (жебелерді қадап қою)

Психолог Қараңыздаршы, қағаз беттеріне жебенің әр түрлі түрлері салынған: олар түзу, шеңбер тәріздес, зигзаг бейнелі, бұтақ тәріздес. Сіздерге осы жебелердің ішінен өздеріңіздің өмірлік цикліңізге сәйкес келетін суретті таңдауды сұраймын.

Егер ешқандай жебе сізге келмесе, өз жебеңді сал.

Талдау: Сіз неге осы пішінді жебені таңдадыңыз?

Сіз дәл қазір осы көрсеткен жебенің қай жерінде тұрсыз.?


«Өмір жолы» ( тізбекті көрсетемін)

Психолог Өмір жолын беттің ортасында сызықпен (бағдар түрінде) жоғарғы және төменгі жартыға бөліңіз. Жоғарғы жартысына кіретін сызық өмірдің жағымды оқиғаларына, оның жетістіктері мен қуаныштарына сәйкес келеді. Сызықтан төмен сызық сәтсіздіктерді , қайғы-қасіретті, сәтсіз тәжірибені көрсетеді. Өзіңіздің салған өміріңіздің сызығына оның ішінде туылғаннан бастап бүгінге дейінгі және болашақта өзіңді қай нүктеде елестетесің, сонымен қатар бүгінгі күнде тұрған орныңды белгіле.

Талқылау Сіздің өмір жолыңыз парақтың қай бөлігінде орналасқан, өсу мен құлдыраудың айырмашылықтары бар ма?


Психолог "Көкжиектен" ауытқу ауқымы-бұл қиындықтар мен қуаныштар бізге үлкен тәжірибе екенін ескеру керек. Дегенмен бұл тура әрі «жоғары» өрлей жүру үшін үлкен тәжірибе болып табылады.

«Горизонттан» ауытқушы диапазон – бұл қиыншылықтар мен қуаныштар, БІРАҚ ӨМІРДЕ ӘР ТҮРЛІ БОЛАДЫ!



3 кезең


Психолог Қанеки қазір «Кішкене текшелер үйі» атты оқиғаны тамашалайық (психотерапиялық жұмыс). (ҚОСЫМША 1).

Талқылау

Бейнежазба көргеннен кейін бойыңызды қандай сезім биледі?

  • Кейіпкерге өткенді еске алу ауыр болды ма?

  • Қандай өткен естеліктер саналарыңызға оралды?

  • Өткеннің қазіргі кезеңмен сәйкес жерлері бар ма?

Психолог Өткен өмір жолымыздың кейбір сәттері көз алдымызға келді деп ойлаймын. Адамның өмірде жетістікке жетуінің бірден –бір құписяы, ол өткен өмір жолында болған жағымсыз жағдайларды, ренжіскен адамдарды т.с.с кешіріп тастау техникасын жасауында екен. Сондықтан алда биіктерді бағындырғымыз келсе, үйде отырып, бір бет қағазға «Кешірім хатын» жазып тастауға кеңес беремін.


4 кезең


«Менің жетістіктерім» жаттығуы

Біз барлығымыз өз өміріміздің жолаушысымыз, осы жолда қандай да бір жетістіктерге жеттік. Ішеріңіздегі менің добымды қағып алған адам өмірінде неге қол жеткізгені, нені ұнататыны, қолынан не жақсы келетіні туралы айтуы қажет (бұл жаттығуды психолог тренинг барысында аз белсенділік танытып, көп ашылмаған 1-2 қатысушыға ғана жүргізеді)


«Тілектер» жаттығуы

Нұсқау: Тренингке қатысушылар осы өмірде қандай өмір жолын таңдау керектігі туралы тілектерін жазып, сандықшаға салады. Содан кейін әр қатысушы бір-бірлеп тілектерді суырып алып оқиды.


«Маяк» релаксация

Психолог мәтінді белгілі бір тонды, модуляцияны, интонацияны және дауыс қарқынын қолдана отырып оқиды (жағымды әуен қосылады). Немесе аудиожазбасын қолдануға да болады.

Мақсаты: Елестету арқылы өзіндік «Мен» бейнесін бейнелеу.

Енді ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді бос ұстаңыздар

«Құрлықтан алыс орналасқан кішкентай жартасты аралды елестетіп көріңіз...

Аралдың жоғарғы жағында биік, берік маяк орналасқан...

Өзіңізді жартасты аралда тұрған маяк ретінде елестетіп көріңіз...

Сіздің қабырғаларыңыз соншалықты қалың және берік, тіпті аралда үнемі соғатын қатты желдер сізді шайқай алмайды...

Жоғарғы қабаттың терезелерінен Сіз күндіз-түні, жақсы және жаман ауа-райында кемелер үшін нұсқаулық ретінде қызмет ететін қуатты жарық сәулесін жібересіз...

Теңізшілерге судың таяздығын туралы ескертіп, жағалаудағы адамдар үшін қауіпсіздік белгісі (символы) болып табылатын мұхит бетіндегі жылжымалы жарық сәулесінің тұрақтылығын сақтайтын энергетикалық жүйенің барын ұмытпаңыз

Енді өзіңізде ішкі жарық көзін сезінуге тырысыңыз-ешқашан сөнбейтін Жарық...»

Әрі қарай қатысушылар көздерін жұмған бойы елестеткен ойларына, қиялына еніп аяғына дейін қосылып тұрған әуенді тыңдайды.

Психолог аудио жүйені өшіреді және қатысушылардан тренинг барысында пайда болған сезімдерін, ойларын, суреттерін сипаттауды сұрайды.

Қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!























ҚОСЫМША 1


Кішкене текшелер үйі


Ертеде жалғыз басты қария өмір сүріпті. Қария жалғыз болғандықтан бос уақытын балық аулаумен өткізеді екен. Қарияның үйі теңіздің ортасында болғандықтан жиі-жиі су басып кетеді екен. Қария жыл өткен сайын үйінің үстінен үй сала береді. Жылдар өткен сайын қарияның үйінің көлемі де кішірейе береді. Себебі қария жалғыз басты, жыл өткен сайын оның қажеттіліктері де азая бергендей. Қарияның күнделіті өмірі терезеге қараумен,ас ішуімен, теледидар қараумен бірсарынды өтіп жатады. Түн артынан күн, күн артынан түн жылжи береді. Қария таңертең оянса үйінің су басып кеткенін байқайды. Қария тағы да үй тұрғызуға тура келетініне көзі жетеді. Қария көршісіне керекті заттарын алып, тағы да үйінің іргетасын қалауға көшеді. Қария қабырғаларын қалап бастайды (жаңбырға да қарамастан). Қария болып, үйіндегі су басқан заттарын көшіруге кіріседі. Қария заттарын өзінің кішкене қайығына тиеп жатып, өзінің ең сүйікті темекі түтікшесін байқамай суға күмп еткізіп түсіріп алады. Қария ары қарап, бері қарап түтікшені көрмеді. Еңсесі түсіп үйіне қайтады. Су басқан үйінен әкелген заттарын орналастырып, орындықа жайғасады, қолында түтікшесі жоқ. Қария ескі түтікшелерінің арасынан өзіне қажеттіні іздеп көреді, сол кезде күшті ой келеді. Көршісінен теңізге жүзетін киім сұрап алып, суға күмп етеді. Қария теңізге бірақ жүзеді, ұзаққа бармай-ақ темекі түтікшесін тауып алады. Сол кезде қарияны естеліктер баурап алады. Қария тағы төмен карай жүзеді - ауырып жатқан әйеліне күтім жасаған сәттерін қария есіне алады. Қария тағы төмен жузеді – балалары, немерелерімен ойнап күлген сәттерін еске алады. Қария тағы төмен жүзеді, төмен жүзе береді қария ұлының есейіп отбасы кұрған сәтін есіне алады, қария тағы төмен жузіп балаларынын асыр салып ойнап журген сәтін есіне алады. Қария тағы төмен жүзіп әйелі мен баласының ойнап отырғанын есіне алады. Қария тағы төмен жузеді, төмен жүзіп қария сыртқа шығады. Өзінің қалаған үйін сыртынан қарайды. Қария сол сәтте өзінің жастық шағын ойнап күліп, асыр салған, есейген тіпті әйеліне алғаш рет ұсыныс жасаған сәті барлығы қарияның көз алдына келеді тіпті әйелі екеуінің ең алғашқы үйлерін калаған сәті сол уйде әйелімен дастархан басында күліп ойнап отырған сәтін еске алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!