15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Психологиялық тренинг.11-сынып
Сенімділік- менің серігім.
/
психологиялық тренинг /
Мақсаты:11-сынып
оқушыларын ҰБТ –ке байланысты өзіне
сенімділігін
арттыру.
Қатысушылар
: 11- класс
оқушылары
Қажетті
құралдар:
тренинг ережесі,ақ парақ
Түрі: Психологиялық тренинг сағаты
Тренинг ережесі:
Белсенділікті арттыру
Бірігіп жұмыс істеу
Бір-біріне кедергі келтірмеу
Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
Өзіме пайдалы нәрсені алу
Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.
Тренер сөзі: Құрметті оқушылыр! Міне алдарыңда үлкен белес ҰБТ жақындап қалды. Әр оқушы өз жүрек қалауымен өз мамандықтарын таңдап, соған жету жолында шаршамай еңбектеніп жатыр. Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, стрестен арылуға арналған «Сенімділік-менің серігім» атты психологиялық тренингке сіздерді ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
Релаксация:
Құрметті
оқушылар,барлығымыз орнымыздан
тұрып.тақтадағы бірнеше сөздерді бірге
оқимыз.
Әлемдегі
барлық адамдарға жақсылық тілеймін!
Әлемде
мені бәрі жақсы көреді!
Мен
бақытты оқушымын!
Менің
денсаулығым мықты!
Мен
білімді оқушымын»
Мен
жаңа ғасырдың оқушысымын!
Мен
алдағы ҰБны жақсы нәтижемен
тапсырамын!
Рахмет,барлығымыз
орындарымызға отырамыз.
1. «Сенімділік»
жаттығуы
Мақсаты:
оқушыларды стрестік жағдайдан
арылтып,сенімділікке үйрету.
Шарты:
Оқушыларға бос ақ парақ таратылды. Сол
парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылды.
Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп,бірінші
бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші
бөлікке жағымсыз
қасиеттерін жазады. Өздеріне жағымды
қасиеттерін қалдырып, жағымсыз қасиеттерін
жыртып, қоқыс жәшігіне салады.
«Жақсы қасиеттерін тап»
Мақсаты: Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазып, табу.
Барысы: Оқушылардың есімдері жазылған парақшалар оқушыларға таратып беріледі. Кімге қай оқушының аты түссе сол параққа сол оқушының жақсы қасиеттерін жазып айтады. Ал басқалар кімді айтқанан табу керек.
2.
Әдістеме: «Менің мінезім»
Мақсаты: Өзіне
деген сенімділігін, өзін тануға деген
қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы
білезіктей шеңбер сызып, оны төртке
бөледі.
Әр бөлікке төмендегі жануар,аң,
құс аттарын жазып шығады.
Түйе, Жылқы,
Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз,
Аққу, Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан,
Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі,
Тасбақа,
Жылан, Балық.
Соңында 1.
Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында,
4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге
жазылған жануарлар, құстар адамның сол
бөлікке қатысты мінездемелермен
танысады.
Жауабы:
1.
Түйе- шыдамды
2. Жылқы- тектілік
3.
Сиыр- өкпелегіш
4. Қой- жайдарлылық
5.
Ешкі- ұйымдастырушылық
6. Ит- адалдық
7.
Мысық- биөрісі басым адамдар
8. Тауық-
шығармашыл
9. Қаз- тазалық
10. Аққу-
сезімтал
11. Қарлығаш- бауырмал
12.
Үйрек- ұқыптылық
13. Бұлбұл- әнді жақсы
көретін
14. Арыстан- қайратты
15.
Қасқыр- жігерлі
16. Түлкі- бейімделгіш
17.
Маймыл- әртістік қабілеті бар
18. Қоян-
елгезек
19. Тауешкі- талғамы жоғары
20.
Тасбақа- мейірімді
21. Жылан-
салқынқанды
22. Балық- еркіндікті
қалайды
Талдау: жаттығудан
алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын
болды ма?
«Нұрлы жүрек» жаттығуы: «Оқушылармен сұхбаттасу жолы».Олай болса назарларыңызды экранға аударайық.Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр.
сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай?
сіздің қызығушылығыңыз қандай?
сіз қандай оқушыны ұнатпайсыз?
ең сүйікті мейрамыңыз қандай?
өз мамандығыңыз сізге ұнайма?
бос уақытыңызда немен айналысасыз?
оқушы бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді?
сізге ұнамайтын үйірмелер бар ма?
сіздің қолыңызда билік болса, қандай үйірме ашар едіңіз?
Тренер сөзі: Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және сауақтарға өз жауаптарын жазып, ал есімдерін ортадағы жүрекшеге жазу керек.
Оқушылар жауабы:
Тренер: Рахмет сіздерге, әрқашанда жүректеріңіз нұрлы иманға толы болсын деген тілекпен тренингімізді жалғастырамыз
«Сарқырама»
релаксациялық жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың
өздерін сергек сезінуіне көмектеседі.
Бұл
медитативтілік техника денедегі қысымды
түсіруге бағытталған, музыкамен
орындалады.
Жүргізуші:
«Жайланып отырыңыз және көзіңізді
жұмыңыз. 2-3 рет деміңізді шығарыңыз, дем
алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында
тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа
сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше
сарқырама. Судың орнына бұл сарқарамадан
жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді
өзіңізді осы сарқыраманың астында
тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан
сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар
ағып жатыр деп ойлаңыз… Өзіңіздің
маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен
мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты
сезініңіз… Ақ жарық сіздің иықтарыңыз
бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге
өзіңізді жайлы сергек сезінуіңзге
көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық
сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып
кеткендей болады…
Сонымен қатар
жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан
және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің
қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ
әрі сергек болғандығын сезіндіңіз.
Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден
ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл
жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен
бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ
әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы
сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды
күштер мен қуаттарға баюда… (30 секунд).
Ал енді, сіздің бойыңызды таратқан
сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз.
Денеңізді тік ұстап, көзіңізді
ашыңыз».
Талдау: Қандай
сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
Рефлексия: «Ашығын айтсам»
Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?
тренингтен қандай әсер алдыңыз?
тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз қандай?
Тренер сөзі: «жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә.Науай.
Осы шенбер бойынша тұрып,жүректі үлестіруарқылы бір-біріне тілек айту.
Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге ашуын қайтаруға септігін тигізеді. әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.
Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық.!
Алдағы ҰБТ өз-өзімізге сенімді болайық!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген