Психологиялық тренинг "Алақай, мен 5 - сыныпта оқимын!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық тренинг "Алақай, мен 5 - сыныпта оқимын!"

Материал туралы қысқаша түсінік
5-класс оқушыларын бейімділік кезеңінен өтуге психологиялық көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алақай, мен 5 - сыныпта оқимын!

15 маусым 2018, Жұма

Категориясы: Психология

aiboll

Сабақтың тақырыбы: Алақай, мен 5 - сыныпта оқимын!
5 - сынып оқушыларына арналған тренинг сабақ
Сабақтың мақсаты:
5 - сынып оқушыларына орта буында (орта мектепте) оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо - педагогикалық қолдау көрсету.
Сабақтың міндеті:
5 - сынып оқушысының жаңа әлеуметтік статусы туралы түсінігін дамыту;
Өзінің мүмкіндіктеріне және жетістіктерге ұмтылуға деген дұрыс қатынас қалыптастыру;
Басқалармен тату өмір сүрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызды екендігін түсіндіру;
Қажетті құралдар: дәптер, қалам, карандаш, жұмсақ ойыншық немесе доп.

Жұмыс жоспары:
1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
2. Жаттығу «Орнымызды ауыстырамыз».
3. Топтық ереже қабылдау.
4. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
5. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.
6. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?».
7. «Дос іздеймін» жаттығуы.
8. Кері байланыс. Қорытындылау.
9. Үйге тапсырма.

1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
Қазір біздер балалар, шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп көмектеседі. Әрбір оқушы қолына сиқырлы допты алғаннан кейін өзін мақтауы керек. Сіздерден ұялмауларыңызды сұраймын. Ендеше, ойынды өзімнен бастайын. «Мен өзімді ақылдымын және мейірімдімін деп мақтағым келеді, себебі мен әрқашан өзімнің оқушыларыма және олардың ата - аналарына, сонымен бірге басқа да адамдарға көмектесемін». Осылай допты келесі адамға береді. Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады.

2. Жаттығу. «Орнымызды ауыстырамыз».
Бұл ойын кішкене қимылдауға, көңіл - күйді көтеруге, сонымен қатар бір - бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші босаған орынға отырып алу үшін келесідей тапсырма береді: «кімнің достары көп, алмұртты жақсы көретіндер, оқуды жақсы көретіндер, домбыра тарта алатындар, балмұздақты жақсы көретіндер, ата - анасына көмектесетіндер және т. б. орындарын ауыстырсын».

3. Топтық ереже қабылдау.
Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе – аяқтарымен жерді тысырлатады.
Ашық әңгімелесу
Белсенді болу және әзілдесе білу
бағаламау
сөзді бөлмеу
көп қатынасу

4. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.
«Бастауыш мектепте маған бәрінен де есте қалғаны...»
«5 - сыныпта мен (менің).... келеді».
Оқушыларға 5 - сыныпқа келгенде олардың өмірінде қандай өзгерістердің, жаңалықтардың болғандығы туралы әңгімелеу ұсынылады.
• 5 - сыныпта қандай қиындықтар болды?
• Келіспеушіліктер туындаған сәттер болды ма?
• Қандай қызықты оқиғалар болды?

5. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.
Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.
«Менің ойымша, мен...».
«Басқалар мені... ойлайды».
«Мен... болғым келеді».
Әрбір сөйлемге 5 - 6 сөзден жазуға болады.
Сөздер тізімі:
Ұқыпты, белсенді, қонақжай, тәртіпті, білімді, жауапты, еңбекқор, кешірімді, таза, шыдамды, батыл, сенімді, қарапайым, мәдениетті, қамқор, мейірімді, сабырлы, жылы жүзді, адал, сыпайы, білімге құштар, кеңпейіл,... т. б.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Оқушылардың көпшілігіне ортақ, сәйкес келгендері саналады.

6. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?»
Балалар ата - аналарымен бірге демалысты елсіз аралда өткізуге көп уақытқа кетіп бара жатырмыз деп ойлауы керек. Ата - аналары балаларына өздерімен бірге чемодан және онда салатын өздеріне ең маңызды деген тек үш нәрсені ғана алуға рұқсат береді. Сіз не алып кетер едіңіз? Сол нәрселерді қағазға жазыңыздар. Әрі қарай балалар тізімді оқып және осы үш нәрсені не үшін таңдап алғандықтарын әңгімелеп беруі керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2021
2204
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі