Психологиялық тренинг: "Эмоциялар патшалығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық тренинг: "Эмоциялар патшалығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі балаларға арналған психологиялық тренинг, бұл тренингте қызықты ойындар, тапсырмалар берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Эмоциялар патшалығы»

Кіммен өткізіледі: «Айдария» мектепалды тобының тәрбиеленушілері

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің зейінін тұрақтандырып,қабылдау,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыта отырып,эмоциялық көңіл-күйді белсендіру. Көрнекілік: смайликтердің суреттері, қыстырғыштар, шар.

Барысы:

- Сәлеметсіздерме балалар! Мен сендермен ерекше амандасқым келеді, ол үшін сендер шеңберге тұруларын керек, мен сендерге әр түрлі смайликтерді көрсетемін, сендер смайликке қарап, сол смайликтегі эмоцияны қайталауларын тиіс. «Ерекше амандасу» ( смайликтерді көрсету арқылы)

Тамаша балалар біз барлық смайликтерді қайталадық, смайликтерде не бейнеленген екен: әр түрлі эмоциялар. Дұрыс айтасыңдар эмоция-бұл дегеніміз біздің қоршаған ортамен, яғни біздің достармен, ата-анамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл күй.

-Қазір сендердің көңіл-күйлерін қандай?

-Олай болса мен сендерді «Эмоциялар патшалығы» атты тренингке шақырамын.

Әр түрлі дыбыстар, адым, айғай, жылау.

Балалар маған сендердің көмектерін қажет! Мені мына биік мұнарадан шығарыңдаршы!(Күлкі эмоциясының дауысы, аудио)

-Бұл кімнің дауысы екен, қане бірге біліп көрейікші!

Баяғы бір заманда Күлкі, Реніш және Ыза атты апалы-сіңілі эмоциялары болыпты. Бұл эмоциялар бір-бірлерінен ерекшеленетін қасиеттері болған. Күлкі эмоциясы әрқашанда айналасына күлкі сыйлап, үлкен сарайға күннің шуағы сияқты жарқырап жүретін, ал Реніш болса әрбір адамға ренішін білдіріп, олардың жасаған іс-әрекеттері оның көңіліне тиетінін айтып отырады екен, эмоциялардың кенже сіңілісі Ыза болатын, Ыза әрқашанда белгілі бір істің анық қанығына бармай ашу-ызасын көрсететін, тіпті бұл ашу-ызамен қате іс-әрекеттерді де жасайтын.

Бір күні «Эмоциялар патшалығына» мыстан кемпір келеді. Ең бірінші мыстан кемпірдің көзіне Күлкі эмоциясы түседі. Мыстан кемпір Күлкі эмоциясын алдап, өз қақпанына түсіреді де биік мұңараға Күлкі эмоциясын қамайды. Күндер өтеді, айлар өтеді сарайда тек қана толған реніш пен ыза. Бұған шыдамаған «Эмоциялар патшалығының» адамдары Күлкі эмоциясын іздеуді бастайды. Бірақ қолдарынан түк келмейді, себебі мыстан кемпір әр түрлі кедергілерді қойып қойған. Бұл кедергілерден тек қана «Айдария» тобының тәрбиеленушілері өте алады. Бізге сендердің көмектерін керек. (аудио қосылады)


І. Дидактикалық ойын «Эмоцияны тап»

Барысы: балаларға әр түрлі суреттер мен қыстырғыштар беріледі, балалар суретте не бейнеленгенін айтып, эмоция түрін қыстырғышпен көрсетуі тиіс.



ІІ. «Сәйкестендір»

Барысы: балаларға түрлі-түсті қарындаштар мен әр түрлі эмоциялары бар сурет беріледі, балалар сол суреттегі эмоцияларды сәйкестендіруі тиіс.





ІІІ. «Эмоцияларды кедергіден өткіз»

Барысы: Үстелде кедергілер тұрады, балалардың қолдарына күлкі эмоциясы бар жіп пен шар беріледі, сол жіппен балалар бірде бір кедергіні жібермей эмоцияны өткізуі тиіс.




ІV. «Эмоционалды нейрогимнастика»


Әрбір баланың саусағына түрлі түсті қағаз бен оған сәйкес шеңберлер беріледі. Балалар бірдей түстегі шеңберлерді бір-біріне қосады.




Тамаша балалар, ал енді әр түрлі көңіл-күйлерді қайталап көрейік, ол үшін ортада тұрған орындықтарға жайғасыңдар, орындықтарына мұқият қараңдар, қазір сендер сол көңіл-күйлерді қайталайсыңдар. Бұл ойынның аты «Смайликтерге қарап, көңіл-күйді қайталау» деп аталады.

V. Ойын барысы: Музыка қосылады, музыка ойнап жатқанда балалар шеңбер бойымен билеп жүреді, музыка тоқтағанда сол орындықта тұрған смайликтің көңіл-күйін қайталайды.




Қорытынды: -Балалар біз барлық кедергіден өттік, біздің Күлкі эмоциясы биік мұнарадан шықты. Қазір бізге келе жатыр екен.

-Сәлеметсіңдерме балалар! Мен Күлкі эмоциясымын! Менің сендерге әзірлеген сыйлығым бар! Мен ендігі «Эмоциялар патшалығына» қайтайын.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2024
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі