Материалдар / Психологиялық тренинг "Ертегі терапиясы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тренинг "Ертегі терапиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтардың күйзелісінің алдын алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
3612
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертегі терапиясы

Мақсаты: Тәрбиешілердің өз мамандығын шыңдай түсіп,  тәжірибесін басқаларға өнеге ету. Педагогтің өз ойын аша білуге, белсенділігін арттыру. Біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтау. Бірлесе топ болып жұмыстануды көздеу. Өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.

Тренинг барысы: 

Құрметті әріптестер, бүгінгі ұйымдастырылып отырған тренингтің мақсаты педагог-тәрбиеші мамандардың біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтауға өз шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға және өзара тәжірибе алмасуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

1.«Табиғат мінезі» жаттығуы

Қане, бәріміз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша, ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да, аяқ астынан жеңіл жел соқты.

Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипайсыз.

Жел күшейді- енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.

Кенет, боран басталды- енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.

Содан кейін, аяқ астынан жәй ғана жаңбыр сіркірей бастады- енді қолымызбен жаңбырдың сіркірегеніндей жәймен ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды- біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтардың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.

Аяқ астынан бұршақ жауды- арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.

Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Бір-бірімізбен құшақтасамыз.

2.«Ертегі айтайық»

Балалық шақта барлығымызға ертегі тыңдаған ұнайтын еді ғой. Біз қазір сіздермен бірігіп ертегі құрастырайық. Бірақ бұл ертегі ерекше болады, өйткені біз оны соңынан бастап айтамыз (әрқайсысы 1 сөзден немесе сөйлемнен) Қатысушы жаңадан бір сөз айтып, алдыңғы жолдарды қайталайды. Бірінші қатысушы ертегінің соңғы фразасын айтады. Келесі қатысушы оның алдыңғы жағдайды айтып толықтырады. Ертегі осылай жалғаса береді, ең соңғы қатысушы ертегінің атын айтып, басынан аяғына дейін айтып шығады.

3.«Ойлан тап»

«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі жазылған парақ беріледі, қатысушыларға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек. 

4.«Күн шапағындағы менің портретім»

Сіздер «Мен құрметке қалай ие болдым?» деген сұраққа жауап беруге тырысыңыздар. Оны орындау оңай болу үшін сіздер шеңбер сызып, оның ортасына өз есімдеріңізді жазыңыздар.Сонан соң күн шуақтарына өзіңіздің жетістіктеріңіз бен жақсы қасиеттеріңізді жазыңыз. Күн шуағының мол болғанына көңіл бөліңіз. Жұмыс уақыты- 2 минут

Басқарушы:

Өз есіміңізді атаңыз, жетістіктеріңізді оқыңыз.

5.«Мәнерлеп оқу»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Қатысушылар алдарында жатқан парақты алып, сонда берілген тақпақты мәнерлеп оқиды.

«Қыс» А.Құнанбаев

«Ғылым таппай мақтанба» А.Құнанбаев

«Отан» М. Мақатаев

6.«Әріптер арасындағы сөздер»

Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздер тез оқи отырып, сол сөздердің астын сызуларыңыз керек. Жұмыс уақыты- 2 минут.

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопктәрбиешілыгксағатлыгбалаоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоандзздъхжрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр

7.«Әртіс»

Қатысушыларға жасырын рөлдер жазылған қағаздар таратылады. Екі қатысушыда бір рөл жазылған. Қатысушылар рөлге еніп, өз актерлік қабілеттерін көрсету арқылы өз жұптарын табуы керек. ( Ата, сәби, қүс, әнші, спортсмен, түлкі, т.б.)

Рефлексия.

Баріміз шеңберге тұрамыз. Мен біреуіңізге сөйлем айтамын, айтқан келесі адамға, ол кісі келесі адамға жеткіземіз.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Қортынды: Құрметті әріптестер, ойынға белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет! Мынау үлкен ағашқа өздерініздің жүрекшелеріңізді тілек жазып жапсырыныздар.

Татулық бар жерде достықтың, бірліктің, сыйластықтың болатын сөзсіз.





























Ата

бала

қүс

әнші

спортсмен

түлкі

Әже

аю

мұғалім

биші

биші

Әже

түлкі



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!