Материалдар / Психологиялық тренинг: "Жақсы көңіл-күй - жан азығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тренинг: "Жақсы көңіл-күй - жан азығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық тренинг мектеп психологтарына көмекші құрал ретінде ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2024
78
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жақсы қарым-қатынас - жан шуағы»

Мақсаты: Оқушылармен қарым - қатынас жасай отырып, «алғыс айту», «ризашылық білдіру» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру. Басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру. Кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Түрі: Тренинг

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс

Көрнекті құрал - жабдықтар: мультимедия, түрлі - түсті қағаз.


Жүру барысы:


Кіріспе сөз.

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын.. Ендеше «Өмірге риза болып, алғыс айт» аты тренингімізді бастаймыз. Айтпақшы, РАХМЕТ!!!


Тренинг бағдарламасы:

  1. Шаттык шеңбері

  2. Ойланайық, пікірлесейік

  3. Тыныштық сәті

  4. Миға шабуыл

  5. Аппликация

  6. Сергіту сәті

  7. Ойын

  8. Қорытынды. Жүректен-жүрекке


1. Шаттық шеңбері - Ал қане, шаттық шеңберін құрайық. Үстел үстіндегі қағаздарды ала қойыңыздар. Енді екі - екіден бір - бірімізге қараймыз. Егер қағазда күлімдеу (смайлик) белгісі тұрса, бір - біріне күлімдеп ишаратпен амандасып жылы сөздерді айтамыз, егер екі смайликтің суреті тұрса, қолдасып амандасып жылы сөздерді айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір - бірімізге жылы қарап амандасып, тілек айту керек.




2. Ойланайық, пікірлесейік
1. «Алғыс айту», «ризашылық білдіру» дегенді қалай түсінесіздер?
2.
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
3. Сіз көбіне қандай жағдайларда алғыс айтасыз?
4. Алғыс білдіру қиын ба, кешірім сұрау қиын ба?


3. Тыныштық сәті

Біз көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздері адамдардың жүрегін жылытады. Біз алғыс айтқан кезде көңіл-күйіміз көтеріліп жеңілдеп қаламыз. Ал ренжіген кезде керісінше ауырлық пайда болады. Сондықтан да біз бойымыздағы өкпе - реніштен құтылып, оның орнын алғыс сөздерімен толықтыру мақсатында тыныштық сәтін өткізейік.
(Классикалық музыка жіберіледі.)
- Көздеріңізді жұмып, денелеріңізді еркін ұстаңыздар.
- Демдеріңізді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар
- Енді соңғы кездердегі өкпе - реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідіңіз?)
- Осы өкпе - реніштер бұлт болып сіздің ішіңде орналасып алған екен. Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр. Енді сол жерге саусақтарыңызды апарып, өкпе - реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңіздер. Бірте - бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер.
Енді оның орнын жақсы алғыс сөздерімен толықтырайық.

Мысалы: Өмір берген анама рахмет!

Бақытқа бөлеген Балаларыма рахмет!

Жұпар иісі аңқыған далама рахмет!
Күннің шуағындай осы жақсы алғыс сөздерді ішімізге орналастырайық.
Алғыс айту, ризашылық білдіру адамгершілік қасиет.Олай болса, оны жүрегімізге орналастырып алайық. Ендеше адамгершілігі мол кең пейілді жүрегімізге қол соғып қояйық.

4. Миға шабуыл:
Әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамдық парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу. Сіз жаныңыздағы адамға алғысыңызды қалай білдірер едіңіз. (Қимыл іс-әрекетпен көрсету)
Мысалы:  құшақтау, күлімдеу...


5. «Аппликация» жаттығуы:

Бұл бөлім бойынша оқушылар өзі таңдап алған түсінен сыйлық жасап бір-біріне рахмет және алғыс айта отырып сыйлау. 




6. Сергіту сәті.
- Жағдайыңыз қалай?
- Жақсы! (саусағымен көрсетеді)
- Тренингке қалай келдіңіз?
- Былай! (екі саусақпен жүріп көрсету)
- Түнде қалай ұйықтайсыз?
- Былай! (көзін жұмып, басын қисайтып)
- Қалай жүгіресіз?
- Былай! (жүгірген қимыл көрсетеді)
- Қалай ренжисіз?
- Былай! (екі ұртын томпитып,)
- Көңіл - күйіңіз қалай?
- Өте жақсы! (саусағымен көрсету)

7. Ойын.
Назарларымызды тақтадағы суретке аударайық. Бұлттың бетін түрлі түсті гүлдермен толтырыңыздар. Гүлдерге жақсы алғыс сөздер, тілектер жазу керек.


8. Қорытындылау:
– Құрметті ата-аналар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білу және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.


Жүректен - жүрекке:
Енді сіздерді «Жүректен жүрекке» айдарына шақырамын. Шеңбер болып тұрып, тақтадағы мына сөздерді хормен айтамыз.
- Менің қайырымды жүрегіме рахмет!

- Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
- Мен айналама тек жақсылық тілеп алғыс білдіремін!

-Мен ризамын!
- Мен бақыттымын
!

-Рахмет! Рахмет! Рахмет!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!