400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Психологиялық тренинг "Жақсы көңіл күй – жан азығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналардың эмоционалды және көңіл - күйлерін көтеруге өздеріне құрметпен қарау, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жақсы көңіл күй – жан азығы.

Мақсаты: Ата-аналардың эмоционалды және көңіл - күйлерін көтеруге өздеріне құрметпен қарау, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз».
Көрнекілік құралдар:  музыка аппараты, баяу әуенді диск, тақта, қалам,қағаз.                                                                                                   

Тренинг ережесі

1.Бір – біріне  көңіл  бөлу 

2.Тыңдау 

3.Сыйлау

4.Көзбе – көз  қарау

5.Тиімді   орынды  таңдау 

6.Әзілді  сезіну

7.Түсіністік қарым-қатынас.

 Жоспар

1. Танысу. «Есімдер алмасы»
2. Жаттығу: «Ауа-райы».

3. «Балама қандай жылулық беремін»

4. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.

5. Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

Тренинг мақсатын түсіндіру.

Тренингтің кіріспе сөзі .                                                                                             
 Құрметті ата-аналар, бүгін сіздердің көңіл - күйлеріңізді көтеруге,
өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізге сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Көктем, күз, қыс мезгілдерінде адамдар өте шаршағыш, эмоциялық күй - жағдайлары өте төмен болады. Сондықтан қазір біз сіздермен әр кезде көтеріңкі көңіл - күйде болу үшін, бірнеше жаттығу жасап үйренеміз .   








Тренинг барысы:
1. Бөлім. Танысу. «Есімдер алмасы»            

Жаттығу: Барлық қатысушылар шеңбер жасап отырады.

Әр адам өз есімін айтады және қалғандары хормен қайталап айтады. Өте жақсы. Нұсқау беріп іс – қимыл қайталау. Оң қолымызды көтеріп оң жақтағы адамға «сіз кереметсіз», сол қолымызды көтеріп сол жақтағы адамға «сіз әдемісіз», екі қолды көтеріп «Бірақ маған жету қайда» деп аяқтаймыз.

Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды атмосфера орнату, қарым-қатынасты бастау.

 2. Жаттығу: «Ауа-райы»

Әдіс-тәсілі; Тар шеңбер болып тұрамыз.

Қажетті құралдар; баяу әуенді диск.
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу.
Орманындамыз деп ойлайық. Ауа-райы бастапқыда керемет болды. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезгілде самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі (арқаға батыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз). Содан кейін жай жаңбыр сіркіреді (көршінің арқасын саусақтарыңмен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауып, сосын жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді жаттығуды ауысып жасайсыз.
Талдау:
-мұндай жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?
-жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?
-өз сезімдеріңіз бен көңіл-күйлеріңізді бөлісіңдер. 

3. «Балама қандай жылулық беремін?» 
 Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек. 


4.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер
өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді. 

5. Қорытындылау . 

«Тілек гүлі».                                                                      

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Жақсы көңіл - күй жан азығы». атауының мәніне терең үңілер болсақ, гүлдің де үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан  гүлді бір-бірімізге беріп  тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына гүлді бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.                     

 

                                                                               




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі