Материалдар / Психологиялық тренинг-жаттығулар 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тренинг-жаттығулар 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының қабілетін, ақыл-ойын дамыту, ертегі айтып оның мағынасын түсіндіру, сандарды, геометриялық фигураларды, түстреді ажырата білуге үйрету мақсатында өткізуге арналған тренинг-жаттығулар. Бұндай іс-шаралар негізінде оқушылардың танымдық қабілеттері қалыптасып, қоршаған ортаға деген көз қарастары артады. Тіл дамыту жұмыстары жүргізіле отырып, оқушылардың ой-өрістері кеңее түсетініне сенімдеміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4750
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Психологиялық тренинг-жаттығулар

Мақсаты: баланың қабілетін, ақыл-ойын дамыту, ертегі айтып оның мағынасын түсіндіру, сандарды,геометриялық фигураларды, түстреді ажырата білуге үйрету.

Көрнекіліктер : түрлі –түсті геометриалық фигуралар,сандар ,жабайы жануарлар.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

ІІ. Баламен жеке жұмыс: «Келген қонақтар» жаттығуы.

-Балақайлар, бүгін бізге қонаққа орманнан жабайы жануарлар, яғни аңдар келді, Олар өте сақ, абайлағыш, сол себепті олар адамдарды көріп тығылады. Олар әрбір геометриялық фигуралардың артына сендерден тығылып қалды. Енді балақайлар оларды сол геометриялық фигуралардың артынан қызықтырып алып шығып, өзіміздің отрамызға қосып алайық.Ол үшін біз барлығымыз жұмыс жасайық.

Тапсырмалар:

  1. «Адасқан сандар» ойыны.

Шарты: үйінде түрлі-түсті сандар, геометриалық фигуралар орналасқан.Сол сандарды балалардың әрқайсысына бөліп беру қажет. Әр бала алған сол санды атап , қандай түспен боялғанын айтып, оны өз орнына қоюы тиіс.

  1. «Тығылмақ » ойыны.

Шарты: Әрбір геометриялық фигураның артына психолог балалардың көзінше аңдарды тығады . Бала сол геометриялық фигураның түсін және қандай фигура екенін айтады. Бала аңның атын атап, қолына алып, орнына отырады.



ІІІ. Тіл дамыту жұмысы: «Бүлдірген» ертегісі.

Психолог: Балақайлар, сендер жақсы еңбектендіңдер , енді демалып, ертегі тыңдаңдар.

Күн шығып тұр. Жер білдіргені пісті. Маса оны көріп, шырылдады: Жер білдіргені пісті, қып-қызыл үлпілдек.» Масаның сөзін құс естіп орманға жүгірді. Жер бүлдіргінің жегісі келіп тұр.Масаны тышқан естіп, орманға жүгірді. Жер бүлдіргенің жегісі келеді.Масаны құрбақа естіп, ол да орманға жүгірді. Ол да жер бүлдіргенің жегісі келеді.Жылан ла масаны естіп , жер бүлдіргенін жегісі келеді.Күнді бұлт жапты. Бұлтты маса көріп: «Жаңбыр жауады» дейді. Масаны құс естіп, терекке тығылады. Масаны құрбаққа естіп, жапыраққа тығылады. Масаны тышқан естіп, інге тығылады. Масаны жылан естіп, жер астына тығылады.

Ал жер бүлдіргені болса, жаңбырғашомылып, ешкім тимегені үшін қуанып, рахаттанады.

Хормен халықтың даналық сөзін айтқызу.

«Батыр туса, ел көгерер,жаңбыр жауса , жер көгерер»

ІV. Көңілді үзіліс.

Бас –бармағым-әкем,

Балаң үйрек –шешем,

Ортан терек-ағам,

Шүлдір шүмек -мен,

Кішкентай бөбек-сен,

Біз үйде нешеуміз?

Біз үйде –бесеуміз.

VІ. Рефлексия.

Ал , балақайлар, қазіргі көңіл-күйлерің қандай?

-Сабақта келген қоңақтарымыздың көңілдері қандай?

-Енді біз қоңақтарымызды қош айтысып, шығарып салайық.





































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!