400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Психологиялық тренинг "Көтеріңкі көңіл- күй- жанға қуат береді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазларға, психолог мамандарға. Жұмыс алдында к-ңіл- күйді көтеріп алып, жұмысқа кіріскенге, стресс, уайымнан арылуға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Көтеріңкі көңіл күй- жанға қуат береді»

Тренинг мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Барысы:

1. Сәлемдесу.

2. Аутотренинг

Табиғат кереметтері.Видеоролик

3. «Табиғатпен байланыс»

4. Релаксация « Ғажайып бақ»

5. Психологиялық кеңес

6. Қорытындылау


Психолог сөзі: Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған ғаламның таңғажайып бөлігі- табиғатпен байланысты әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

«Әрбір адам-өмірге келген қонақ» деп өлең жолдарында жырланғандай өміріміздің өте мағыналы, мазмұнды өтуі маңызды. Қамшының сабындай қысқа өмірде бір-бірімізбен сыйластықта болғанға не жетсін? Ендеше бүгінгі тренингіміз «Көтеріңкі көңіл күй- жанға қуат береді»

деп аталады. Көңіл-күйді көтере білу- үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді. Көңіл күй адамның ішкі жан дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы.

Ендеше көңіл күйлеріңіз қалай? сауалына өз көңіл-күйлеріңізді белгілер арқылы білдірейік ( белгілермен көрсету ұсынылады бұлт, күн, жаңбыр суреттері)

Сәлемдесу. Жаттығу «Мен сізді жақсы көремін,себебі....»

Көрдіңіздерме, «Жақсы сөз-жарым ырыс» -дейді халқымыз. Жақсы сөз-жанды жадыратады.

Аутотренинг. «Табиғат кереметтері»

-Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңыз сұралады. Баршаңыздан мына табиғат көріністері бейнеленген суретке зейін қойып, мұқият қарауларыңыз сұралады.

Табиғат суреттері кетеді.

Табиғат кереметтері.видео


Picture 7 Picture 8 Picture 9

Picture 10 Picture 11 Picture 12

«Табиғатпен байланыс»

«Табиғатсыз адамдардың  күні жоқ ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

Адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттың ажырамас бөлшегі. Табиғат дегенде көзімізге жайқалып өскен ағаштар, мөлдіреп аққан бұлақтар, жасыл желек шөптер елестейді. Табиғаттағы ерекше бір жаратылысы , ол – Ағаш. Енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма?

Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып, таңдаңыздар!

Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.

Тамыр- істің нәтижесіне мән беретін адамдар

Діңгекті- берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

Жапырақ- сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтын жандар.


Picture 76


Релаксация « Ғажайып бақ»

Мақсаты: Өмірдегі өз мақсатын айқындауға арналған.

Көзімізді жұмып, бар зейінімізді тыныс алуға аударамыз.

Денеміз толық босаңсиды. Асықпай 3 рет тыныс аламыз. Дем аламыз, дем шығарамыз...

Сіз өзіңіздің ішкі мүшелеріңізді сезініп, жүрек соғысын тыңдаңыз. Барлық мүшелерге ішкі қуаныш, күлкі толқынын жіберіңіз.

Сізге ешкім кедергі келтірмейді. Айнала тыныштық...

Өзіңізді жеңіл сезініңіз. Жеп- жеңіл мамық сияқтыңыз. Жоғары көтеріліңіз. Көйлегіңіз қандай әдемі! Алдыңыздан соққан самал жел сізді биікке үйіріп көтеріп әкетті.

Қандай тамаша!!! Еркіндік. Жүрегіңізді қуаныш билейді. Күнге қарай ұшып келесіз. Жерге қараңызшы, ол сізге қол бұлғайтын сияқты.

Алдыңызда шеті көрінбейтін баспалдаққа қараңыз! Бұл- сіздің арманыңыздың баспалдағы.

Баспалдақпен жоғары көтеріліңіз, көтеріле беріңіз, сіз шаршамайсыз, сізге өте жеңіл көңілді. Баспалдақ сізді басқа әлемге алып келеді. Бір кезде таңғажайып бақтың ортасында тұрғаныңызды көрдіңіз.

Алдыңызда алтын тақ тұр. Айналасына сәуле шашады. Бұл – сіздің өмірдегі өз орныңыз. Жеңіл көтеріліп барып, орныңызға жайғасыңыз. Енді сіз өз өміріңіздің қожайынысыз.

Айналаға қараңыз, қандай тамаша!

Алуан түрлі хош иісті гүлдер, сіз көрмеген әдемі ағаштар тербеліп, сізге сәт сапар тілейтін сияқты...

Құстардың сайрағаны естіледі. Жүрегіңіздің қуанышын жасырмаңыз. Қасыңыздан құйрықтары сан құбылған тауыстар өтіп бара жатыр. Олардың біреуі сізге қарай бұрылды. Тұмсығындағы асыл тастармен безендірілген жалт – жұлт еткен тәжді байқадыңыз. Ол – сіздікі!

Сіздің ойыңызды сезгендей құс жеңіл көтеріліп келіп, тәжді басыңызға кигізді де ұшып кетті. Басыңыздағы салмақты сезініңіз, сізге күш – қуат құйылып жатқан сияқты.

Енді алдыңызға мақсат қойыңыз. Мақсатыңыз орындалады, өйткені оны орындау сіздің қолыңыздан келеді және орындайсыз! Өйткені, сіз – өз тағдырыңыздың патшасысыз! Сізде үлкен күш- қуат бар! Менімен бірге іштей қайталаңыз: МЕн ең ақылды, ең әдемі, ең ерекше, ең күшті, ең бақытты адаммын! Менің қабілетім, барлық жағдайым күннен күнге жақсарып келеді. Маған бәрі көмектеседі. Мен бәрін білемін. Қайтадан жеңіл көтеріліп, баспалдаққа келіңіз, төмен қарай түсе бастаңыз.


10...1 санағанда көзімізді ашамыз.

Психологиялық кеңес

Күнделікті күйбең тірлік, қарбалас жұмыстан соң, ағзамыз әлсіреп, жүйкемізі шаршайтын кез. Сондықтан ағзаға қажетті дәрумендер қабылдап, жүйкені тыныштандыратын мэлисса, жалбыз шөбінен шай қайнатып ішкен жөн. Таңғажайып, аппақ қарға оранған табиғатта, таза ауада серуендеп, әдемі ән тыңдасаңыздар бұл сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтереді.

Таңертең күлімдеп оянып, айна алдына қарап тұрып, өздеріңіздің есімдеріңізді қайталап, мақтау сөздер айтыңыздар. Мысалы: Мен-мықтымын, сабырлымын, менің қолымнан бәрі келеді, мен бақыттымын, жетістіктерге жететініме сенімдімін т.с.с

Осы сөздер сіздерге сенімділік береді.

Қорытындылау

Тренингке белсенді түрде қатысқандарыңызға көп рахмет!

Көңіл күйлеріңіз әрдайым көтеріңкі болсын!



























Picture 79



«Көтеріңкі

көңіл күй - жанға

қуат береді»




Педагог- психолог: Диханбаева Г.А







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
2493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі