1. Аты-жөні
2. Жоспарланған болашақ
мамандығың
3.Болашаққа сенің
көзқарасың 4. Білім деңгейіңді қаншалықты
бағалайсың? а) Жоғары ә) Орта б)
Төмен
5. Соңғы күндерде қандай ой
мазалап жүр?
6 . Сізді мақсатқа жете алмай
қалам-ау деген қорқыныш сезім билей
ме?
а) Иә
ә) Жоқ
б) Кейде
7. ҰБТ-ке дайынмын деп
ойлайсыз ба?
8. Қандайда бір кездейсоқ
жағдайға дайынмын деп ойлайсыз ба?
9. Отбасымен, үлкендермен
алдағы мақсатын жөнінде кеңесіп отырасыз ба?
10. Сізде қажу, шаршау,
жалығу, жалқаулық жағымсыз әрекеттер болып тұра
ма?
а) Иә ә) Жоқ б)
Кейде
Нәтижені
өңдеу.
Балалар мен сендерге көбелек
туралы аңыз-әңгіме айтып берейін, мұқият тыңдаңдарБірде пілләде
кішкене ғана саңылау пайда болды. Кездейсоқ өтіп бара жатқан бір
адам сол саңылаудан көбелектің шығуға тырмысқанын қарап ұзақ
бақылап тұрады. Көп уақыт өтті, көбелек тырбынуын қойды, ал саңылау
сол баяғыдай кіп-кішкентай. Көбелек қолынан келгеннің бәрін
қолданып көріп, басқасына шамасы жетпейтіндей
көрінді.
Сол кезде адам көбелекке
көмектеспекші болып, бәкісін алып, пілләні кесіп жібереді. Көбелек
сол сәтте жерге түсіп кетеді. Бірақ оның денесі әлі әлсіз еді,
қанаттары қатпаған және әрең қимылдайды. Көбелек қазір қанаттарын
жайып ұшып кетер деп адам біраз бақылап тұрады. Бірақ ондай ештеңе
болмайды. Өмірінің соңғы сәттерінде көбелек әлсіз денесін,
жайылмаған қанаттарын жерде сүйретіп өткізді. Ол сол күйі ұшып кете
алмады.
Осы әңгімеден қандай ой
түйдіңдер?
“Үміт” тобы: « Қиындықпен
шындаласың, әр қателіктен сабақ аласын» деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
“Сенім”тобы: «Еңбек етіп
табысқа жету қиындығын көрмеген адамда қайыр жоқ» дәйексөздің
мағынасын ашып беріңдер?
“Болашақ”тобы: “ Егер
қиындықтан қаша берсең... Әрі қарай жалғастыруға әрекет
етіңдер.
Кейде бізге өмірге күш салу
керек болады. Егерде біз қиындықтарға кездеспей өмір сүретін тиіс
болсақ, өміріміз толыққанды болмас еді. Қазіргідей мықты болмас
едік. Ешқашанда ұша алмас едік.Мен күш сұрадым.... Ал өмір маған
мені күшті ету үніш қиындықтар сыйлады.Мен даналық сұрадым..... Ал
өмір маған шешуге тиісті мәселелер берді.Мен байлық сұрадым.... Ал
өмір маған жұмыс істей алсын деп ми мен бұлшық еттер берді.Мен
ұшуға мүмкіндік сұрадым.. Ал өмір маған жеңіс деп кедергілер
берді.Мен махаббат сұрадым... Ал өмір маған мәселелерін шешін деп
адамдарды берді.Мен жақсылықтар сұрадым... Ал өмір маған
мүмкіндіктер берді. Мен сұрағанымның ешқайсысын алмадым. Бірақ мен
маған қажеттінің бәрін алдым.
Қорытынды: әр қиындықтан адам
шындалып мықты бола береді.
|