Жаңаөзен қаласы №11 орта
мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің
мұғалімі Аязбаева
Н.Х.
Тақырыбы:
«Мен достарыммен
біргемін»
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі
шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық
қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт
беру.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар,
сызба-карточкалар
Жүру
барысы:
Кіріспе
Дүниедегі ең үлкен нәрсе -
кеңістік
Бәрінен жүйрік -
ой
Бәрінен дана -
уақыт
Бәрінен жеңілі - басқаға ақыл
айту
Бәрінен қиыны - өзіңді өзің
тану.
Мағынаны
тану
Достық- адамдарды бір-біріне
бауырмал, жақын ететін, кіршіксіз, таза, ізгілікті
қарым-қатынас. Бір-бірлерінің көзқарастары мен ой-ниеті
үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Адам
досына ғана өз сырын айта алады, шынын жасырмайды. Дос болу
дегеніміз-керек кезде қол ұшын беру, сыйлау, қадірлеу. Өзінің жан
досы бар адам
бақытты.
Досым саған сенемін, сеніп
өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні
бөтен
Достық деген — адамның көрігі
екен
Достық деген — ақылдың серігі екен
.
Іскерлік
ойыны : «Комплименттер
бұрқасыны»
Топқа бөлу
кезеңі
Геометриялық фигураға назар аударып әркім
өзіне ұнаған фигураға барып
отырады.
Өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін,
неге осы фигураны қалағандарыңды
айтасыңдар.
(оқушылардың болжамдарынан кейін, мұғалім осы
тесттің мақсатын
түсіндіреді)
И. Панарин
тесті
Тіктөртбұрыш - таңдағандар лидерлік қабілеті
бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым
жандар.
Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының
шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін
жандар.
Төртбұрыш - жаңа идеяларға жақын, білуге
құмар, ізденгіш
жандар.
Дөңгелек - осы 5 фигураның ішіндегі өте
мейірімді, басқаның қайғысын қуанышын да бөлуге даяр тұратын
жандар.
Зиг-зак - шығармашылық қабілеті басым, үнемі
ізденіс үстінде жүретін
жандар.
«Мен
достарыммен біргемін» топпен
жұмыс
-
Бір сыныптас
ұлға немесе қызға қысқаша, оның жағымды және жағымсыз қасиеттерін
көрсетіп атын атамай мінездеме бер. Оның кім екенін өзге оқушылар
табады.
-
Өмірдегі ең
қажетті 3 нәрсені ата.
-
Аяқталмаған ой:
«Егер мен осы алдымызда тұрған мұғалім болсам.
...»
-
«Міне мен
қандаймын?» тақырыпқа сәйкес өз қабілетін ортаға
көрсету.
«Суреттерді аяқтайық»
жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын, көру
арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін
дамыту.
Алдын-ала
тақтада мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп
дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар
кезек-кезек шығып, бірі денесін, бірі басын салса, бірі аяғын
салады, осылайша жалғаса
береді.
1. Суретті
аяқтау қиын болды ма?
2. Жаттығу
ұнады ма?
3. Бұл
жаттығудың тиімділігі бар ма?
Жағдаяттар
шешу.
*Саған досың
өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен
не істейсің?
*Досың сенің
жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар
едің?
*Сенің досыңды
үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не
істейсің?
*Сенің досың
өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны
талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар
едің?
*Сенің жаңа
досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды
қалады. Не істейсің?
*Досың сенің
қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны
қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме
едің?
«Жүректен
жүрекке»