Психологиялық тренинг Мен өмірді таңдаймын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық тренинг Мен өмірді таңдаймын

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар арасында аутоагрессияның алдын алады, тренинг арқылы балалар өмір құндылығын сезінеді, өмірге деген құштарлығы оянады, болашаққа позитивті көзқарас қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық тренинг- сабақтың қысқа мерзімді сабақ жоспары

Өткізген педагог-психолог: Ергешева Гульайм Абдуалиқызы Сыныбы: 9-11 сыныптар Күні:

Тақырыбы: «Мен өмірді таңдаймын» . Мақсаты: аутоагрессияның алдын-алу, өмір құндылығын сезіндіру, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, мақсатқа жете білуді уйрету.

Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығы, қызығушылығы оянады, мақсатқа жетуді үйренеді.


Әрекет кезеңі

Жаттығулар

Психолог әрекеті

Оқушы әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Сәлемдесу 3 мин



























(Баяу музыка қосылады) Қайырлы күн, балалар!

Балалар қалай ойлайсыңдар, сахнаға шыққан әрбір өнер жұлдызына көрермендер қошемет көрсеткенде , ол қандай сезімге бөленеді екен? Өздерің де осындай сезімге бөленгілерің келе ме? Ендеше барлықтарыңды ортаға шеңбер бойына шақырамын. Қазір сағат тілінің бағыты бойынша менің қасымдағы көршім бас иеді, ал қалғанымыз оның атын атап, бірдей ду қол шапалақ ұрамыз, яғни барлығымыз оған қошемет көрсетеміз.
Талдау: Қандай әсерде болдыңдар?

Түстер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу: «Үміт», «Сенім», «Болашақ»

Адам өмірінің үміттен тұратынын ұмытпайық. Әркім келешегіне үміттене қарайды. Ғұмыр біткенде ғана бұл үміт сөнбек, әлі талай өмір сүресің емес пе? Өмірден күдер үзгендер бастарынан нендей пайда әкеледі дейсің. Ел-жұртқа әңгіме болып, өз қадірін кетіргеннен басқа. Алла алдында еш қадірі жоқ шайтан ғана жаннатқа барудан күдер үзсе керек. Сондықтан «үмітсіз шайтан» дейді халқымыз. Олай болса үміт оты жанады, жана берсін дейік.

Балалар жаттығуды орындайды

Негізгі бөлім: ұйымдастыру-іздену

Тапсырма

5мин







Видеоролик «Өмір үшін күрес» 5мин



«Уорлд-кафе» ойыны.
7 мин

















«Сенімділік» жаттығуы

5 мин












1. «Басқа түскен қиындық қатып қалмайды»-деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2. «Қара бұлттың артынан әрқашанда күн шығады» деген дәйексөздің мағынасын ашып беріңдер?

3. Досыңның басына қиын іс түсті.... Әрі қарай осы қиындықтан шығаруға үміт жолдарын көрсетіп әрекет етіңдер.

Қорытынды: әр қиындықтың артынан жеңілдік келеді, қиындықтан шығатын жолды табуға болады.



Талдау: Осы бейнетаспадан не түсіндіңдер? Өмірдегі қиындықтың бәрін жеңуге болады екен ол үшін қол құсырып отырмай, әрекет жасауымыз қажет

Оқушылар өз ойын айтады.


Мақсаты: оқушылардың бойында өмірге деген позитивті көзқарасын қалыптастыру, қиындықтан шығу жолдарын көрсету. Балалар сендер 9 сыныпта оқисыңдар , әр қайсың 9 бітірген соң біреуің колледжге , ал біреулерің осы мектепте оқуың жалғастырып, ҰБТ тестінен кейін оқуға түсті делік . Енді әр қайсыңның алдыңда түрлі жағдайлар немесе қиындықтар болуы мүмкін. Сол үшін сендерге «Уорлд-кафе» ойынын ұсынғым келіп тұр.
Үш плакатта «Егер мен қалаған оқуыма түссем», « Егер қаламаған оқуға түссем», « Егер мен оқуға түсе алмасам» тақырыбы жазылған. Әр топ кезегімен үш плакатқа да өз ойларын жазады. Ойынның соңында жазылған сөйлемдерді топ басшылары оқып қорытындылайды

Нұсқау бойынша орындайды

1.Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім.

Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиеттерді ыдысқа салынып жағылады. Мысалы: Жағымсыз ерекшеліктер: Менің жылай салатын жаман қасиетім бар. Жағымды ерекшеліктер: Мен кішіпейіл қасиетіме ризамын, т.б.

Оқушылар жағымды және жағымсыз ерекшеліктерін тізбектеп шығады.


Постермен жұмыс « Менің келешек өмірім »7 мин





Релаксация

Өзіммен-өзім”

5 мин

Өз өміріміздің жақсы, қызықты, мәнді болу үшін алдымызға не қоюмыз қажет ? Дұрыс айтасыңдар- мақсат және келешегімізге сенімділік. Екі топқа плакат , журналдың, газеттің қиындылары.

Оқушылар келешек өміріне суретерді жапсырады

Сәл өзімізбен өзіміз болайық.

Тынышталып, еркін тыныс алып,

Көзімізді біраз жұмып, жайлап дем алайық.

«Мен өміріме ризамын, себебі ең бірінші өзімнің бар екендігіме осы дүниеде өмір сүретіндігіме қуанамын.Мен өмірімме ризамын , себебі өзімді дүниеге алып келген ата-анам бар, олар мені жанындай жақсы көретіндігіне сенімдімін. Мен өмірге ризамын, себебі достарым бар. Мен өмірге ризамын. Әсем табиғатты жерімнің барына,күннің әдемі шуағына, таңымның арайлап атқанына.Мен өмірге ризамын,”Еліміздің тыныштығына, денімнің саулығына ,”Егеменді елім,туған жерім барына.Мен өмірге ризамын, өмірде бар болғаныма!»

Оқушылар көздерін жұмып релаксациялық жаттығуды орындайды

Рефлексті-қорытындылаушы

Кері байланыс 3 мин

Қорытындылау


Балалар, бүгінгі сабақтан қандай ой түйіндедіңдер? Не ұнады? Не ұнамады?

Балалар, сендер, мемлекетіміздің болашағысыңдар. Республикамыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскедеріңе байланысты. Ал ертеңгі күні сендер әрқайсың әр мамандықтың иесі боласыңдар, белгілі бір қызмет атқарасыңдар. 
Бүгінгі тренинг-сабағымызды Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен аяқтағым келеді: 
Көтеріп тұрып, құлатады өмір. 
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір. 
Етегің толып еңіреген кезде 
Қайтадан өзі жұбатады өмір. 
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме, 
Құлап барып та гүл атады өмір. 
Үп еткен желге дірілдей берме 
Шыдамдылықты ұнатады өмір-дей келе алдағы өмірлерің тек жарқын болсын деймін

Балалар өз ойларын стикерге жазып жапсырады



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
1623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі