400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

психологиялық тренинг Мен өзіме сенемін жетістікке жетемін

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың бойын асенімділік қалыптастыру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ






Бекітемін

Директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары

Қалжанов Е. _________

«___» ___________ 2019ж.





Тренинг сабақ






Тақырыбы: « Мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін»























Сарыағаш 2019ж.

Shape1




Сабақтың тақырыбы

«Мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін»



Сабақтың мақсаты

  • Студенттердің бойына өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.

  • Табандылық және жігерлілік қасиетін шыңдау

  • Жетістікке жетуге деген мақсат қалыптастыру


Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу:

«Есімдер» жаттығу арқылы студенттер өздерінің есімдерін сын есіммен қосып атауы тиіс. Бірінші тұрған студент өзін,ал келесі студент өзінің есімінен бұрын алдынғы адамды қоса сын есімімен атап отыруы тиіс болады. Үлгі :

  1. Айдай Ақнұр

  2. Айдай Ақнұр, Дарынды Дамира

  3. Айдай Ақнұр, Дарынды Дамира, Көрікті Карима

  4. ...


II Негізгі бөлім:


Тақырыпты ашу - талдау

  • «Сенімділік туралы» әңгіме

  • «Жетістікке жетудің кепілі – сенімділік» видеоролик

  • Көріністен қандай әсер алдыңыз? Топтық әңгіме


«Мен саған сенімдімін»

Мақсаты: өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту, оқушылардың өз бойындағы жақсы қасиеттерін жаздыра отырып басқалардың көзімен жақсы қасиеттерін білдіру арқылы сенімділіктерін арттыру. Нұсқау оқушыларға парақ таратылады. Параққа үнсіз уақыттан кейін кезекпен мынадай фразалы сөзді аяқтау. «Мен саған сенімдімін, сен....» жазу тапсырылады, парақ екінші адамның арқасына түйреліп, досы оның бойындағы жақсы сенімділігін арттыратындай қасиеттерін жазып шығады.

Талдау: Әр қайсысына жеке жеке қандай жақсы қасиеттерін достары жазғанын оқытып талдау. Сөйлемді аяқтау қиын болдыма? Сенімді сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіңдіңіз?

«Айдаһар» жаттығуы

Топ студенттері тізіліп доғал сызық бойымен тұрады. Бірінші студент айдаһардың басы. Ал соңғы студент айдаһардың құйрығы болып табылады. Айдаһар өзінің құрығын тістеп қалмауы тиіс





«10ға дейін санал» жаттығуы

Топ студенттері 10санына дейін саналуы керек. Шарты бойынша бір санды бір студенттен артығы айтуына және бір студент екі санды айтуына болмайды


«Асып өтем шыңдарды!» студенттер қатар болып тұрады тау шыңы секілді қыр жасауы тиіс. Ал бір студент сенімділікпен және табандылықпен ғана сол шыңды асып өтуі керек. Және орындап болғанан соң «мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін» деп айтады


Жаттығулардың студенттерге тигізген әсерімен бөлісу


  1. Өзіңе деген сенімділік деңгейі қандай екендігін сезіне алдыңыз ба ?

  2. Өз –өзіңізге сенімдісіз бе?

  3. Жетістікке жетуге сенесің бе?



Тақырыпты бекіту

Қоштасу рәсімі «Шүйде жіп»

Нұсқау: Құрметті оқушылар! Қазір сіздер менің қолымда тұрған шүйде жіпті кқріп тұрсыздар. Қазір осы жіпті біз бір – бірімізге жылы сөзбен, тілекпен береміз. Жіп барлық қатысушыларды айналып шыққаннан кейін мынадай сұрақ қойылады.

Мына жіпті немен салыстыруға болады. (өмір)

Ал қазір егер осы жіптің басы мен аяғын туаып көрсек ші, ол не деп ойлайсыңдар? (өтіп жатқан өмір)

Ал егер де осы жіпті бір – біріне шатастырып жіберсе не болады? Сол үшін естең шығармайық өз өміріміз өз қолымызда. Жақсы жолды да, жаман жолды да біз өзіміз таңдаймыз

Қорытынды

Рефлексия

Қатысушылар төмендегі сұрақтарға стикерге өз ойларын жазып, айта отырып жеткізеді

Сұрақтар:

1.Бүгінгі кездесу сізге не берді?

2.Несімен ұнаған жоқ?

3.Тілегіңіз?





Педагог –психолог: Жұма Д









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.06.2020
1080
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі