400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Психологиялық тренинг Мен қандаймын ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналадағы адамдармен қарым қатынасымыз қандай, кімдер, өзімізді танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами қарым қатынасын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Мен қандаймын?»

Мақсаты: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналадағы адамдармен қарым қатынасымыз қандай, кімдер, өзімізді танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами қарым қатынасын анықтау.

Қатысушылар: педагог-тәрбиешілер.

Қажетті құралдар: А4 форматтағы қағаздар, маркер.

Тренингтің ережесі:

•   Ойымызды ашық айтамыз;

•   Бір-бірімізді тыңдаймыз;

•   Бір-бірлеп сөйлейміз;

•   Белсенді қатысамыз;

•   Бір-бірімізге сый көрсетеміз.



1. «Дәстүрлі емес амандасу» сергіту ойыны (3 мин) Оқушылар кабинетте әрі-бері жүріп, алдынан біреу шыққанда, онымен келесідей амандасуы керек: басты изеу, күлімсіреу, көзбен, қол алысу, иықты иыққа тигізу, арқаны арқаға тигізу, тізені тізеге тигізу.

2. Сұрақ – жауап Оқушылар сұрақ – жауаптар арқылы өз – өздерін реттейді. Сұрақ төмендегідей:

1. Мен кіммін? Деген сұраққа қанша рет түрлендіріп жауап жаза аласың? (Оқушылар жазбаша орындайды)

2. Қоғамдағы орнымыз қандай?

3. Болашақта кім боламын?

3. «Орын ауыстырыңыздар, егер…» сергіту ойыны (3 мин) Мен «Орын ауыстырыңыздар, егер…» деп бастап айтамын, егер оның сіздерге қатысы болса, орындарыңыздан тез арада тұрып, кез келген бос орынға отырасыздар. Сонымен бастаймыз: «Орын ауыстырыңыздар, егер өз денсаулығыңызды ойласаңыз. Орын ауыстырыңыздар, егер жақын және туыс адамдарыңыз болса. Орын ауыстырыңыздар, егер кіші іні-қарындастарыңыз және сіңлілеріңіз болса. Орын ауыстырыңыздар, егер табысты адам болғыңыз келсе. Орын ауыстырыңыздар, егер үлкен арманыңыз болса. Орын ауыстырыңыздар, егер тәуелсіз болғыңыз келсе».

4. «Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы

Мен сүйемін....

Мен көмектесемін....

Мен дарындымын.....

Мен жақсы орындаймын.....

Мен ашуланамын егер де.....

Мен көңілсізбін егер де.....

Маған ұнайды.....

Мен өзіме ризамын, өйткені.....


5. «Би терапиясы»

Нұсқау: Тәрбиешілер аталған дене мүшелерін қозғалту арқылы билейді. Экспериментатор ең алдымен қатысушыларға қасымен, көзімен билеуге нұсқау береді. Кейін осы дене мүшелеріне ауыз қосылады. Сөйтіп, иық, қол, аяқ т.б. дене мүшелері қосылады. Ең соңында барлық дене мүшелері билейді.

6. Кері байланыс: Екі жұлдыз, бір тілек сабақта ұнаған екі нәрсе, және ұсыныс.































Мен сүйемін....

Мен көмектесемін....

Мен қабілеттемін.....

Мен жақсы орындаймын.....

Мен ашуланамын егер де.....

Мен көңілсізбін егер де.....

Маған ұнайды.....

Мен өзіме ризамын, өйткені.....

Мен қызығамын.....

Мен жақсы көремін......

Мен болашақта ................

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.02.2023
1121
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12