«Менің
болашағым»
(психологиялық
тренинг)
Мақсаты:
Жеткіншектердің өзін-өзі тануын
қалыптастыру, болашаққа нақты мақсат
қоя білуге және өзіне деген сенімділікті
нығайтуға бағыт беру. Ойларын еркін
білдіре білуге дағдыландыру.
Керекті
заттар:
түрлі-түсті қарындаш, гуаш, әр қатысушыға
А4 қағазы. Сабақ алдында қатысушыларға
өз есімдерін жазуға бейджик таратылады.
Өтілу
барысы:
Кіріспе
сөз: Бүгінгі
біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты
әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін
біз бір-бірімізді тыңдауға, өз-өзімізге
сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай
білуге үйренеміз. Біздің алға қойып
отырған мақсатымыз болашаққа нақты
мақсат қоя білуді үйреніп, сенімділікті
нығайту. Ең алдымен сергіту жаттығуын
жасап алайық:
1. Сергіту-жаттығуы
«Мейірімді жануар»
Жүргізуші:
Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып
отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде
сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын
ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық
тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар
дем алады. Бір қадам алға аттап, дем
аламыз, бір қатар артқа аттап, дем
шығарамыз. Жануарлар-дың жүрегі соғады.
Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда.
Рахмет.
2. Жаттығу.
«Ойлануға арналған балықтар»
Біз бір-бірімізді
жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық
аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы
«балық аулайды», себеттен аяқталмаған
сөйлемі бар карточканы алады да, өз
сөздерімен аяқтайды.
Карточкадағы
сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш
– бұл...
Мен мынадай
адамдарға сенбеймін...
Мен ренжимін,
егер...
Мен ұмытпаймын,
егер...
Маған көңілсіз,
егер...
Егер маған дауыс
көтерсе, мен...
Мен қарсыласқанда...
Егер мен сенімсіз
болсам, онда...
Сөйлемді аяқтағанда,
сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине,
әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік,
сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген,
нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік
болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен
сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде
адамдар өздеріне талисмандар ойлап
табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап
табамыз.
3. Коллаж
«Менің таңбам»
XV ғасырдың
екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы
өз орындарын білдіру үшін арнайы
эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар
өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан
адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы
жетістіктерін, мінезін білуге болған.
Таңба – негізгі қалқан болып табылған.
Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші.
Қазір әрқайсысымыз өзімізге таңба
жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі
бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке
бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей
аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден
- өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы,
мектеп, достарыңның ортасы, т.б.). Үшіншіден
– ең үлкен жетістігім. Төртіншіден –
сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет,
символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншісінде
- өзің туралы естігің келетін үш сөз.
15 минут уақыт
беріледі.
Қатысушылар
қалаулары бойынша өз жұмыстарын
көрсетеді.
Біз
дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі.
Осыны әр-қайсысымыз есімізде сақтауымыз
керек:
жалғыздықты
сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе
алатын адамдарды еске түсіру;
- өз жетістіктеріңді
еске түсіріп, сенімді
түрде тағы қандай
жетістікке жете алатының туралы ойлан;
- өзіңе жайлы,
демалатын жерді ойла;
- өзіңді
нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда,
қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін
өзі туралы естігің келетін үш сөзді
дауыстап айт.
4. Жаттығу:
«Әрі қарай не?»
Қазір сендерге
өзің туралы сөздерді дауыстап, әрі
сенімді айтуды ұсынамын. Ал, басқалар
айтқанда бұл сөздер қалай естіледі?
Бұл сөздерді
әрбіреуің айтуларың керек. Әркім кімге
айтқысы келсе, соған айтады. Бұл сөзді
әрқайсыларың естулерің керек. Рахмет.
Қатысушылар шеңбер
бойымен өз ойларын айтады.
бұл сөздерді өзің
айтқанда не сездің?
Бұл сөздерді өзің
біреуге айтқанда және басқа адам саған
айтқанда қандай айырмашылық болды?
осы айтылған
сөздерге лайық болу үшін не істеу керек?
Шынымен, бұл сөзді
өзің туралы естігің келсе, өзіңді
түсініп, жұмыс істеуің қажет. Мысалы,
денсаулық туралы ойлауға болады. Тағы
бір ұсыныс, массаж. Бір-біріңнің артыңнан
шеңберге тұрыңдар. Алдында тұрған
адамның басына қолыңды жайлап қойып,
массаж жаса, иығын уқала. Енді арқаны
шымшып, алақанмен сыйпа.
Мен сендердің
жақсы көңіл-күйде екендеріңді көріп
тұрмын. Өз ойыңмен бөлісу өзіңді жақсы
түсінуге көмектеседі. Қолдарыңнан
ұстап, ақырын сөйлесіп көріңдер,
көздеріңді жұмыңдар, қол ұстасыңдар.
Енді естіген дауыстарды тануға тырысыңдар.
Көздеріңді ашпай, оң және сол жақтағы
алақанға көңіл бөліңдер. Ал, енді
денелеріңде бір кішкентай өте мейірімді
бөлік бар деп елестетіңдер. Ол бөлік
өте бақытты. Бұл бөлікті өздерің деп
елестетіңдер. Тағы да қол ұстасыңдар.
Бір-бірлеріңнің сезімдеріңді түсінуге
тырысыңдар. Көздеріңді ашпаңдар. Рахмет.
5.
Рефлекция.
1. Біздің сабақтан
өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?
2. Сендерге не
ұнады, не ұнамады?
3. Қалай ойлайсыңдар,
таңба нашар көңіл-күйді жеңе білуге, өз
күшіңе сенімді болуға көмектесе ме?
VІ.
Қоштасу «Шеңбер бойымен қол соғу»
Жүргізуші:
Сендердің
таңбаларыңның екінші жағы таза, сондықтан
қоштаспас бұрын мен сендерге бүгінгі
күннің ұранын сыйлағым келеді. Оны
таңбаның екінші жағына жазуға болады.
Кімге қандай ұран бұйыратынын білмеймін,
бірақ бір сөз өмірді өзгертеді немесе
өмірлік серік болады. Ұран түрлі-түсті
кішкентай таңбалар сыртында орналасқан.
Қатысқандарыңа рахмет, барлығыңа
жақсылық тілеймін.