Психологиялық тренинг "Ойнайық та, ойлайық"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық тренинг "Ойнайық та, ойлайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал психологтарға 1 сынып оқушыларымен жұмыстану үшін қажет болады. Ішінде қызықты ойын түрлері мен әдістері берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ойнайық та,ойлайық!

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттырып,есте сақтау қабілетін дамыту,қиялдарын жетілдіру. Баланы қуана білуге,өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білуге үйрету. Ойын жаттығулары арқылы білімдерін дамыту.

Түзету мақсаты: Ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын,ойша жұмыс істей білуін дамыту.

Көрнекіліктер: Слайд,қима суреттер,

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

1.Ұйымдастыру бөлімі: Шаттық шеңбері

Балалар шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге түрайық,достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық.

2. «Естіп есте сақтау»

Сендерге қазір он сөз оқылады. Сол он сөзді естерінде сақтап,қайталап айтып берулерін керек. Шарт бойынша бұл сөздер үш рет қайталанып оқылады.

Мектеп,кітап,қалам,бор,дәптер,сөмке,қарындаш,сызғыш,доп,орындық.

3. «Мен баламды білемін бе?» әдістемесі

Алдарыңыздағы төрт суреттің ішінен өздеріңіздің балаларыңыздың мінез-құлқына сәйкес келетін біреуін таңдаңыз. (тоты құс,маймыл,піл,қонжық). Таңдалған суреттер бойынша мінездеме оқылып,ұсыныс беріледі.

Тоты құс- жайдарлы,жарқын,белсенді. Берілген тапсырманы уақытында орындайды,айналасындағы шуға көніл бөлмейді. Балалармен тез қарым-қатынасқа түседі. Күн тәртібін сақтайды,уақытымен тамақтанады ұнатады. Егер күн тәртібі бұзылса, көңіл-күйі болмай,тез ренжіп, тәбеті мен ұйқысы қашады.

Ұсыныс:

1.Күн тәртібін сақтау. 2.Балаға қолайлы орта жасау.

Маймыл- шапшаң,жігерлі. Шулы ойындарды жақсы көреді. Қызыл түсті киімдерді,заттарды ұнатады. Тез ашуланады,бірақ қайтымы тез. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізбейді.

Піл- баяу қимылды,қыңырлыққа бейім. Жаны нәзік,ішкі сезімін ешкімге білдірмейді. Ол көбіне тыныш отырып ойнайтын ойындарды ойнайды. Сурет салғанды жақсы көреді,бұндай балалар жай басып,биіктен көріне алады.

Қонжық- өте нәзік,айналасында болып

жатқан нәрселерге көп көңіл бөледі. Өзге адамның көңіл-күйі балаға тез әсер етеді. Аз ғана көрінбейтін нәрсе үшін балаңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Өзіне көңіл бөлгенді ұнатады,тез шаршайды. Өзімен өзі болғанды ұнатады.

Ұсыныс:

1.Балаға үйде тыныш қолайлыжағдай туғызу;

2.Өзгерістер мен жаңалықтардын алдын ала хабардар ету;

3.Балалармен қарым-қатынас жасауға үйрету.

4. «Мына фигура неге ұқсайды?» ойыны

Мақстаы: балада қабылдау қабілетін дамыту.

Барысы: балаларға геометриялық фигура ұсынылады: шеңбер,үшбұрыш,төртбұрыш. Жүргізуші оларды атайды. Балалардан бөлмеден немесе даладан осы фигураға ұқсас заттардытабуын сұрайды. Мүмкіндігінше баладан пішінді әкелуді сұрау доп,шеңбер,кубик,тәрелке.

5. «Суретті есте сақта» ойыны

Мақсаты: балада есте сақтау қабілетін дамыту.

Барысы: Психолог балаларға бірнеше затттың суреттерін көрсетеді де жинап алады. Балалар есте сақтаған суреттерін атап береді.

6. «Оқушылар қатесі» жаттығуы

Мақсаты: оқушының зейінін дамыту.Менің үстелімде сөмке жатыр. Оны маған 1-сынып мұғалімі әкеліп берді. Оның сыныбында Асқар деген оқушы мектепке оқуға кейбір керек емес заттарды әкеліпті. Осыны анықтау үшін сөмкені бірге тексерейік. Мектепке керек зат болса сен алақандарынмен шапалақта,ал егер керек емес зат болса аяқтарынмен еденді ұрасың. (сауат ашу,доп,қаламсап,жұмсақ ойыншық,дәптер,секіргіш,санау таяқшалары,математика,түрлі-түсті қаламдар және т.б)





Қорытынды:

1-сынып

Ана деген жылылық

Ана деген мейірім

Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Баланы беске дейін патшадай көтер, он беске дейін құлындай жұмса, он бестен кейін досындай сыйла-деген керемет ұлағатты сөзбен «Ойнайық та,ойлайық» атты тренингімізді аяқтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2019
3758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі