Психологиялық тренинг "Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық тренинг "Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау" психологиялық тренингі мектеп психологтарына арналған көмекші материал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Исакова Зәуреш Төлегеновна

«№2 мектеп-гимназия"КММ

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

Тақырыбы: Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау

Мақсаты: ҰБТ-ге психологиялық қолдау, ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.

Қатысушылар: 11-сынып оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар.

Көрнекілігі: «Адам баласының құндылығы-оның білімінде һәм ойлана біуінде»

«Ерік-жігері күшті адам-нағыз мықты адам».

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең»

1-топ. Ата-аналар тобы. 2-топ. Пән мұғалімдері. 3-топ. Оқушылар тобы.

Тренинг «Қар қиыршықтары».

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау: - Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма? Жоқ. Себебі неден деп ойлайсыздар?

  • Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

  • Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз бәрі әр түрлі. Ал оқушыларға келсек, әр қайысы бөлек тұлға, ойлауы, дүниетанымы, көзқарасы-бәрі әр түрлі. Бірақ, бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар-ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.

Топтық жоба «Мен үшін ҰБТ...»

Нұсқау: ҰБТ-ның қиындықтары мен жетістіктері, оның маңызы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар көзімен айтылып, жоба қорғалады.

Қорытынды: Ұлттық бірыңғай тесті-заман талабы бола тұра, ол оқушыларға оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігі. Ендеше, сол мүмкіндікті жібермеу әркімнің өһз қолында. Өз білімі мен еңбегіне сенген адам ғана өз өмірінің қожасы бола алады.

Жаттығу «Қасиеттер жәрмеңкесі»

Мақсаты: мұғалім, ата-аналар тарапынан оқушыларға қолдау көрсету, жағымсыз күштен, қасиеттен арылуға көмектесу.

Нұсқау: Алдымен оқушылар жағымсыз күштерден арылғысы келетін қасиеттерді қағазға жазып, аукционға шығарады. Оны ата-аналар мен мұғалімдер сатып алып, орнына өздерінің бойындағы қасиеттерін жазып айырбастайды.

Талдау:

  • Оқушылар, сендерде қандай сезім пайда болды?

  • Жағымсыз күштен арылудың әсері болды ма?

  • Мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан қолдау көру қаншалықты әсер берді?


Жаттығу «Терезе»

Мақсаты: бұлшық еттерді босаңсыту, сергіту.

Нұсқау: бәріміз шеңбер бойымен арқамызды беріп отырамыз. Саусақ қимылдары арқылы жаттығу жасаймыз.

  1. Жай жауын басталды-саусақтар арқылы тықылдату.

  2. Нөсер күшейді-жұдырықпен соғу.

  3. Қатты жел тұрды-сипау.

  4. Су ақты-арқаны сипау.

Қорытынды: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Өз еңбектеріңіз бен білім жолында төккен терлеріңіз алдарыңыздан жарқырап шығатынына сеніп, шаршамай, талмай еңбектене отырып, ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетулеріңізге тілектеспін, сәттілік тілеймін!

Жаттығу «Май шам»

Нұсқау: оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер бір шеңберге тұрады. Майшам –ол жарық, шуақ. Сондықтан өмір жолдарыңыз тек жарық болсын, ақ болсын деген ниетпен майшамды бір-бірімізге бере отырып, сәттілік тілейік.

Оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер бір-біріне жанып тұрған майшамды беру арқылы ақ жол тілеп шығады.

«ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әнін орындау. («Біз дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2021
743
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі