Материалдар / Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2019
13940
16 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы


«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .

Есте қалған қызықты оқиға

Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.

Мен саған сенемін

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.

«Сиқырлы сөздер» ойыны

Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау №302007 МП

«Жағдайлы волейбол» ойыны

Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды.

«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Радио. Балалар шеңберге отырады.Психолог балаларға арқасын беріп жайғасады да хабарлайды; «Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Бір кішкентай қыз жоғалып кетті (шашының түсін,киімін,бойын,сырғасын,т.б.ерекшеліктерін нақты айтады)Сол қыз мені естіп тұрса директорға келсін» дейді.Балалар тыңдап болған соң бір бірлеріне қарайды.Кім туралы айтылып жатқаны анықтап сол қыздың атын атауға тиіс.Үйреген соң директордың орнына қалаған бала отыра алады.


«Шеңбер бойындағы доп» ойыны.Мақсаты; шыдамсыз,импульсивті балаларды өзін –өзі устауға үйрету.

Педагогтың белгісі бойынша балалар допты шеңбер бойынша бір –біріне береді. «Тоқта»деген белгі берілген кезде тоқтатылады.Допты түсіріп алған немесе уақытында тоқтай алмаған балалар ойыннан шығарылады.

Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті

арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар

Мақсаты: Ауызша сабақтар кезінде балаларда көбінесе қорқыныш пайда болады. Ұялшақ балаларда қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса, баланың өз-өзіне сенімсіздігі жоғарылай түседі. Үрей мен сенімсіздікті сезінуі мүмкін екендігін елестетіңіз және оларға көмектесуге тырысыңыз.

1. «Ватмандағы саяхат»

Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. әр қасында 10 сек ғана бар. әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»

2. «Титаник»

«Балалар, сендар жұпқа бөлініп, кім А ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басын жақындап алдарына қағаз қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез келген бір кинонын атын айтамын. Олар А-лардың арқаларына сол киноның суретін салады, ал А-лар сол суреттерді қағазға салып қай кино екенін тауып алу керек. Егер А-лар киноның атын тауып алса, дауыстамай

Б-лардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырылады.»

3. «Дұрыс бағыттағы қадам»

Сендер менің 30 сұрағыма жауап беруге тиіссіңдер, егер сендер дұрыс жауап берсеңдер, онда мен бір қадам алға жасаймын, ал егер қате жауап берсеңдер онда бір қадам артқа шегінемін. Мен есік маңынан бастаймын. Бүкіл бөлмені өтіп, қайта орныма оралуға тиіспін. Мен сендердің қолдарыңдағы пешка ретінде боламын. Соңында көрейік қай жерге келеді екенмін. Сұрақтар пәндерге немесе арақатынастыққа байланысты алуға болады (не ұнайды, не ұнамайды, қандай қиялын бар т.б.).

4. «Қандай кейіп?».

Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.

Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы (ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.

Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі сіздердің қолдарыңызда.

Мен осы баяндамамды шығыс данасы Абдул Баханың сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің еңбегі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері- салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.

Жаттығу.«Сөйлемді жалғастыр»

Жақсы өмір – бұл......

Бақытты адам – ол.......

Мен адамдардың ....... жоғары бағалаймын.

Менің өмірімнің маңызы мынада.....

Менің өмірім – ол ...

Менің көңіл-күйім көбінесе ...

Менде нашар көңіл-күй пайда болады, егер...

Айналадағы әлем-ол...

Менің достарыма деген қарым – қатынасым...

Жалғыздық мен үшін ол ...

Оқу мен үшін ол...

Егер мен оқудан шығып кетсем...

Мен ойлаймын, біздің отбасымыздың бір-біріне деген қарым-қатынасы...

Отбасылық қарым-қатынас дегенді мен былай деп түсінемін...

Неке (брак) мен үшін...

Ата-анамның алкогольге деген қарым-қатынасы...

Менің ата-анам спирттік ішімдіктерді ...... қолданады.

Өз өмірімді қию туралы ойлар мені....... мазалайды.

Мен өз түрімді, кел бетімді........ деп ойлаймын.

Пікір алмасу.(Оқушыларға сөз беріледі)

Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімінің өніп шыққаны, оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.

жанұядағы тәрбиені адам өз өмірінің «алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді.

Кешірімді болу,кек сақтамау, әділ болу өмірге керекті қағидалар.

Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Өмір сүру құқығы адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Адам бойында жақсы қасиет әр оқушының өз отбасын сыйлауынан басталады.

«Сенің есімін» жаттығуы.

Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.


Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. Мысалы: Дамир

Д- денелі

А-аяулы

М-мықты

И-инабатты

Р-романтикалы

Жағымды сөздерді жазғаннан кейін барлығы оқып шығады.

Жаттығу «Сиқырлы сөз – Иә»

Мақсаты:көңіл-күйді көтеру, өзіне деген қалыптасқан қатынастан шығу.

Нұсқау: психолог әр түрлі сұрақтар дайындайды, кейін оқушылар өздері сұрақтарды дайындайды.

Мысалы: Сенде миллион теңге бар ма?

Саған мұхит ұнайды ма?

Сен мейірімдісің бе?

Сенің шұлығын жыртық па?

Сен билегенді ұнатасың ба?

Сен біреуге ғашықсың ба? Т.б.

Сұрақтың дұрыс немесе бұрыстығына қарамастан оқушылар Иә деп жауап беру керек.




Жаттығу «Шабадандағы хат»


Мақсаты: Жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуының жеке әлеуетін ашу, өзіндік сананы, өзін-өзі реттеу мен тексеру қабілетін дамыту.

Әр қатысушы ойыншылардың санына қарай бос картон карточкаларын алады да, оған топтың қалған мүшелерінің әрқайсысына жеке тілек жазады (немесе теңеу формасында сурет салу) Тренингтің нәтижесінде жасөспірімдердің өзара тұлғааралық қырлары жаңаша ашылады, эмпатия деңгейі және басқа адамдардың күйзелісін сезіну деңгейі артады, өзі туралы білімі кеңейеді, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі реттеу қабілеті күшейеді.

Әрине, өзіндік сананы дамыту тренингі жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуының жеке әлеуетін ашатын тек жүргізуші механизм ғана, қатысушылардың әрқайсысы өзін-өзі өзгертуге немесе бәрін ескіше қалдыруға шешім қабылджайды.

Тренинг тек бозбаланың өзіндік санасын өзгертуге , осылайша оны жаңа қылықтар жасауға дайын болуға жағдай жасайды, ал «жаңа қылықтар өзіндік санада өзгерістерді бекітеді».

Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Тапсырманы орындау кезінде не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар? Қазір не сезінудесіздер?

Жаттығу «Ассоциациялар»


Мақсаты:Өзгенің даралығын бағалау, коммуникациялық дағдыны дамыту.

Қатысушылардың бірі-жүргізуші-есік сыртына шығып тұрады. Топ өзара келісіп, қалған қатысушылардың ішінен бір адамды таңдап алады, ал жүргізуші оны табу керек. Жүргізуші топ мүшелеріне сұрақтар қояды және олардың жауаптары бойынша адамды табуға тырысады. Жұмбақ адамға байланысты, сұрақтар ассоциаацияға беріледі: Бұл адам қандай аңмен ассоциацияланады?

Қандай ауа-райымен? Өсімдікпен? Түспен? Музыкамен? Т.с.с.

Әдетте 5 сұрақ қойылады, жүргізуші жұмбақ Адамды табу керек. Дұрыс жауап берілсе, табылған адам жүргізуші болады, жауап дұрыс болмаса- жүргізуші осы жаттығуды орындайды.

Талдау: Жұмбақ адамды табуда не көмектесті? Қандай қиындықтарға тап болдыңыздар? Қандай әсер алдыңыздар? Енді өздеріңізді қалай сезінесіздер?


Жаттығу «Футболкадағы қолтаңба»


Мақсаты: Өзін өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту


Қатысушыларға парақ таратылады, оған өз футболкаларына қандай жазу жазатындары туралы жазу керектігі айтылады. Ол жазу адамның бір нәрсеге бейімділігі туралы айтылатындай – олардың немен айналысатынын, ойындарын, әлемге қатысын және т.с.с білдіруі керек. Бірнеше қол таңба ойлауға да болады. Жұмысқа 5-10 минут беріледі. Осыдан кейін қатысушылар өздерінің қол таңбалары туралы әңгімелейді.

Жаттығуды талдау.

Осы қол таңбалар не туралы айтады. Өзіміз туралы өзге адамдарға не айтқымыз келеді? Бәрінен де ұнайтын қолтаңба қандай? Өзіңнің қол таңбаң ұнай ма? Оны өзгерткің келе ме? Әр түрлі қатысуға қандацй қол таңба ойлауға болады?

Жаттығу «Тыңдай білу іскерлігі»


Мақсаты: Қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.

Жаттығу жұппен орындалады. Жұптың біреуі 3-5 мин. Ішінде екіншісіне өзін мазалап, абыржытып жүрген маңызды нәрсесін әңгімелейді. Ол үнсіз тыңдайды, тек вербальды емес мінез-құлыққа рұқсат беріледі. Одан кейін серіктестер рөлін ауыстырады. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын топ жетекшісі белгілейді. Жаттығу аяқталған соң жұптар 1-2 минутта күйзелістерімен алмасады. Содан кейін жаңа жұптар жаттығуды тағы орындайды.

Талдау: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жаттығуда не қиын , не оңай болды.? Жаттығу барысында қандай сезімдер болады? Мұқият тыңдау, қолдау көрсету сезілді ме? Серіктесінің қандай әрекетінде ол көрінді. Не кедергі жасады, не көмектесті? Әр серігін тыңдағанда өзгешелік болды ма?


Жаттығу «Мен сізді тыңдап отырмын»


Мақсаты: Қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.

Қатысушыларға парақ тартылады. Олар бөлмеге отырғызылады. Қатысушылардың әрқайсысының міндеті жазбаша түрде бірқатар сұрақтарға жауап беру. Сұрақтарды алдын-ала тақтаға немесе үлкен қағазға жазып қою керек. Сұрақ: мен жеңіл түрде тыңдай аламын ба? Мен үнемі тыңдап отырған сыңай танытамын ба? Эмоциялық реңмен айтылған сөзді мен сезінемін бе? Мен сұқбаттасушының сөзін үнемі бөлемін бе? Мені мұқият тыңдамайды деп, маған айтты ма? Егер тыңдау қызықсыз болса, мен қалай тыңдаймын? Әңгімелесуші баяу сөйлесе, мен алаңдамаймын ба? Әңгімелесушінің мінез-құлқындағы қателіктерге менің қатысым қалай? Мен асығыс қорытынды жасамаймын ба?


Қорытынды: Жұмыс аяқталған соң қатысушылар шеңбер бойымен отырады, парақтарын өткізбейді. Жаттығу бойынша пікірлер талқыланады.

Жаттығу «Мәтінді әңгімелеу»


Мақсаты: Ақпаратты дәлме-дәл жеткізу дағдысын дамыту

Нұсқау: «Қазір бәріңіз бөлмеден шығасыз, тек бір қатысушы қалады.Оған мен мәтін оқып беремін. Осыдан кейін мен бөлмеге екінші қатысушыны шақырамын, ал бірінші қатысушы оған тыңдаған мәтінін әңгімелейді. Содан соң бөлмеге үшінші қатысушы шақырылады, оған екінші қатысушы естігенін әңгімелейді. Сөйтіп барлық қатысушылар аяқталғанша бөлмеге шақырылады. Әр қатысушыны мұқият тыңдау қажет. Содан соң нұсқауға сәйкес жаттығу орындалады. (жетекші кез келген мәтінді алады, ешкімге таныс емес мәтін болғаны жақсы. Мәтін көлемі 50 жолдай. Жүргізушіде мәтіннің екінші нұсқасы болғаны дұрыс, себебі жаттығу қайталануы мүмкін)

Талдау: Ненің есебінде ақпарат бұзылды? Әр қатысушы әңгімеге «өз тарапынан» не қосты? Өмірде солай бола ма? Ақпарат аз бұрмалануы үшін не істеу керек?


Жаттығу «Кім жылдам?»


Мақсаты: Ұғымды дәлме-дәл бейнелеу

Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Жүргізуші алдын-ала сөздер тізімін дайындайды (қандай да бір ұғым, нақты да, абстрактілі де болуы мүмкін). Әр командаға жүргізуші тағайындалады., ол жүйелі түрде бес сөз көрсетеді. Ол осы ұғымдарды үнсіз (ымммен не ишарамен) бейнелеуі керек. Команда мүшелері түсініп, оның қандай сөз екенін айтуы қажет. Жүргізуші уақытты есептейді. Оның міндеті «түсінуге» қажет уақыт аз болатындай ұғымды дәлме-дәл бейнелеу. Басқа командада осыны орындайды. Тапсыроманы бірнеше рет қайталауға болады. Аз уақыттың ішінде тапсырма орындаған команда жеңеді.

Талдау: қатысушылар пікірлерімен бөліседі. Кімде жаттығу жақсы орындалады. Ненің есебінде? Ақпаратты дәл беруді қандай тәсілдермен жақсартуға болады?


Тест “Өзіңді тексер”


1. Адамдарға көңіл-күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба?

2. Сіз әрдайым ұстамды, сыпайысыз ба? Қарсылықты тура білдіресіз бе?, әлде “бұл қиын” деп айтасыз ба?

3.Сіз берген сөзіңізде (мәні жағынан да, уақыты жағынан да) тұра аласыз ба?

4.Сіз адамдармен қатаңдық танытпастан, паңданбастан қатынасқа түсе аласыз ба?

5.Өз қызметтестеріңізге жиі бұйрық бересіз бе? немесе әріптестеріңізге ешбір таңу мақсатын көздеместен жиі нұсқаулар бересіз бе?

6.Сіз адамның көңіл-күйін көтеретіндей, оның келбеті туралы және басқа да заттар туралы жағымды сөз айта аласыз ба?

7. Сіз өз-өзіңізге соншалық сыни көзбен қарайсыз ба? Өзінді-өзің сынау бәрінен бұрын айналаңыздағыларға жағымды әсер етенінін түсінесіз бе?


Мен –ғажаппын!”

Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.

Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.


Мысалы:


- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

- Мен ғажаппын, мен кереметпін.

- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.

- Мен тамаша жанмын.

- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.

- Мен сабырлымын, салмақтымын.

- Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.

- Мен әділетті, адал жанмын.

- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.

- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.

- Менің қолымнан бәрі келеді.

- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.

- Мен үшін өмірдің қызығы мол.

- Мен бәріне ризамын.

- Мен бақытты адаммын.

«Поезд» жаттығуы

Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.

«Өз жұбыңды тап» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).

Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.

Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.

Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.

«Оның есесіне мен…» жаттығуы

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

— Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне … .

— Мен шаршадым, оның есесіне … .

— Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне … .

— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне … .

— Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне … .

— Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне … .

— Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне … .

— Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне … .

— Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне … .

— Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне … .

— Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесі

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!