жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Психологиялық зерттеу және психолог тұлғасы"
Психологиялық зерттеу және психолог тұлғасы
(мәнжазба)
Дайындаған: Сактаганова Ж.А
Психологиялық зерттеудің мақсаты-баланың психикалық дамуы мен баланың жоғары психикалық функцияларының қызметін бағалау, сипаттау. Психолог баланы зерттеу мерзімінде - адамгершілік принципін, балаға қатысты мейірімділікті басшылыққа ала отырып, баланың психикасына әсер етпейтіндей шараларды және сөздерді дұрыс қолдана білуі тиіс. Психолог экспериментальдық-психологиялық зерттеу жүргізу барысында сабырлы, мейірімділік, шыдамдылық сақтауы тиіс, сонымен қатар оның іс-әрекетіне қарап нақты бір дәлелдеме қоюға асықпауы тиіс, баламен қарым-қатынаста үнемі оны мадақтап, оны қолдап отыруы шарт. Зерттеу барысында жүргізіліп отырған орта жағымды болуы тиіс. Кабинеттің ішінде көп заттардың болуы баланың зейінін аударады, сол себепті зат мейлінше аз болуы тиіс. 4 жасқа дейінгі баламен жүргізілетін зерттеу жұмысында-балаға ыңғайлы кішкентай балаларға арналған үстел немесе кілемше, ал 4-6 жас аралығындағы балаларға-балалар үстелінде, ересек балдармен-қалыпты үстелмен өткізіледі, үстелдің үстінде барынша бөгде заттар болмауы тиіс. Алғашқы рет жүргізілейін деп отырған зерттеу жұмысында берілетін тапсырма деңгейі оңай болғаны дұрыс. Психолог баланың іс-әректіне қарайлай отырып, сабырлық танытуы тиіс. Егер бала тапсырма орындау барысында қателіктер жіберген болса, экспериминтатор тапсырманы орындауға қатысты өз нұсқаулығын беруі керек. Зерттеу жұмысының қорытындысы протоколға толтырылады: тапсырма орындауға кеткен уақыт, жіберілген қателіктер, көрсетілген көмек түрлері, баланың тапсырма орындау барысындағы белсенділігі көрсетіледі. Егер бала зерттеу жұмысы кезінде, анасының қатысуынсыз орындағысы келмесе, анасының қатысуына рұқсат беріледі, ал қалған жағдайда анасының қатыспағаны жөн. Зерттеу жұмысынан кейін психолог қорытындыны анасына айтуы тиіс, оның сұрақтарына жауап бере отырып, оған кеңес береді. Егер зерттеу уақытында қандай да бір себептермен бала өзін жаман, теріс мінез-құлықтар көрсеткен болса, онда оның себептерін білу керек, баланы тексеріске қайта бірнеше күннен кейін қайталап алып келгенін айтуы шарт. Сол уақытқа дейін баланы психологпен жұмыс істеуіне дайындап, балаға түсіндіру қажет. Зерттеу қатарына, психологқа сонымен бірге жұмыс істеу барысында, тез жалығып, шаршап қалатындарды да қайта тексеріске шақыру қажет. Баланың психикалық дамуының ерекшеліктерін анықтауда және жоғары психикалық қызметінің жай-күйіне баға беруде ақыл-ой әрекетінің түрлі қырларын зерттеп, сипаттау қажет. Олар: ақыл-ой қабілетінің жай-күйі, зейін қабілетінің ерекшелігі, түйсік, ес, ойлау, сөйлеу қабілетінің ерекшеліктері. Қажет болған жағдайда өз-өзіне баға беруі және ынтасының деңгейі, отбасындағы және бала мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшелігі, қатарластарымен қарым-қатынас ерекшелігі және басқа да ерекшеліктері зерттеледі.
Экспериментальды психологиялық зерттеу жұмысын уақытында, психолог баланың даму картасын, басқа да құжаттармен (мектептегі дәптерімен, суреттермен, баланың жұмыс орындау белсенділігімен, психологиялық мінездемесімен), медициналық қорытынды (неврологиялық, психологиялық және көру,есту мүшесінің жағдайымен, тірек-қимыл аппаратының, сөйлеу тілінің деңгейімен), баланың қандай затқа, тапсырмаларды орныдауға қатысты белсенділігімен, қызығушылығымен таныса отырып, соған сәйкес өзінің әдістерін, тапсырмаларды өткізу тактикасын дайындай отырып, балаға зиян келтіретіндей сұрақтар мен ескертулерді дұрыс қолдануы керек. Ата-анамен жүргізілетін сұхбат-баланың нақты психикалық жағдайы мен сөйлеу тілінің деңгейін анықтау болып табылады.Баланы күнделікті бақылайтын ата-ана тарапынан,психологқа қажетті мәліметтерді қамтамасыз етеді. Анасына қойылған сұрақтар, баланың өмірімен нақтылы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ата-анамен жүргізілген сұхбат, сонымен қатар ата-анасының балаға деген қарым-қатынасы жайлы ақпарат алуға жағдай туғызады. Сұхбат нәтижесінде баланың ерекшеліктері мен баланың қызығушылығын, жалқаулығын, өзіне қатысты көзқараспен таныса алады. Сұхбатты жүргізу барысында баланың жас ерекшелігі, оның өзінің жеке қызығушылықтары, сұраққа жауап беру кезіндегі реакциясына мән беріледі. Баламен сұхбат нәтижесінде оның мінез ерекшелігімен таныса отырып,
Педагог-психолог жұмысының негiзгi бағыттары психологиялық ағартушылық, психологиялық алдын алу, психологиялық және психо-педагогикалық диагностика, дамыту және психотүзету жұмыстары, психологиялық ақыл-кеңес беру болып табылады. Соңғы жылдары психологты қабылдаудағы белгілі бір дайындықты жалпы білім беретін мектептен көруге болады, дәл сонда оның қызметінің нәтижелеріне қатысты азды -көпті тепе-тең үміттер қалыптасқан. Бүгінгі күннің өзінде–ақ мұғалімдер, оқушылар және ата – аналар көптеген қиындықтарын шешуде психологқа сүйенеді.Олар: оқудағы ерекше қиындықтарды және олардың себептерін анықтау; ақыл –ой мен тұлғалық дамудағы ауытқуларды жою және алдын алу; күрделі даулы жағдайларды шешу және т.б. Дегенмен, бұнда да психологиялық білімдердің танымал болуы ең алдымен мәдениеттің негізін қалыптастыруда өзекті.
Баланың психологиялық-педагогикалық диагнозын анықтау үшін психикалық функциялырдың қозуы мен бұзылуы ерекшеліктерін айқындау нейропсихологиялық зертеудің мақсаты болып табылады. Мектепте білім алуда арнайы көмек алатын және мектепте бейімделуде қиындыққа щалдықан балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум мен консультациялардыжиі талап етеді.Егер бұрын таңдаулы комиссияның басты мақсаты сана ауытқуының бар немесе жоқтығын, баланың психикалық дамуында ауытқудың деңгейін анықтау болса, қазір дамуында қиыншылықтар бар баларға тән психикалық функция дамуының әркелкілігі өте терең әрі дифференциалді қорытынды қою маңызды. Сонымен қатар, баланың тек қана әлсіз және күшті жағын ғана емес, артта қалушылықтың механизмін, сапалы спецификасын айқындап, әрі қарай дұрыс түзету-дамыту үдерісінің сәтті өтуіне ықпал тигізеді әрі баланың әрі қарай дамуына болжау жасауга көмектеседі. Бала ауытқуының сапалы механизмін нейропсихологиялық бағытта диагностикалауды А.Р.Лурия әзірлеген. Бұл әдістің басты негізіне сүйенсек, баланың дамуындағы психикалық үрдістер күрделі, көпкомпонентті құрылымдарға ие және ми қызметінің құрылымына сүйенеді және әрқайсысы өзінің спецификалық үлесін қосады. Праксистің жетіспеушілігі,гнозис сияқьы әрбір сиптомдар бас миінің бөлімдерінің зақымдануынан, бірақ әрдайым мидың басқа құрылымдарынын да бір-бірінен ерекшеленіп тұрады.
Психолог маманның тәжірибесі психолог қызметіне деген әлеуметтің тапсырыстың туындауына ықпал етеді. Сондай -ақ ұйымдағы психолог нақты қызметкердің немесе топ мінез -құлқының, қарым -қатынастарының және іс –әрекетінің ерекшеліктері оның назарын аударып, алаңдатса әрі ол сол ерекшеліктерді түзету немесе дамыту мақсатында олардың себептерін анықтау қажеттігін сезінсе әрдайым бастамашылдық танытып, ол жөнінде алдына міндет қоя алады. Мемлекет практикалық психологияның маңызды тапсырыс берушісі болып табылады. Дәл сол жағдай әртүрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың қызығушылықтары мен қатынастарын үйлестіруді, тұрғындардың нақты қатпарларындағы өмірдің сапасын жақсартуды, адамдардың психикалық денсаулығын нығайтудың жағымды жағдайларын қалыптастыруды көздеген әлеуметтік саясатты жүргізуі тиіс.Бұл салада сәйкес мемлекеттік бағдарламаларсыз шешілмейтін көптеген күрделі негізінен жалпы ұлтқа ортақ проблемалар бар. Мәселен, АҚШ та санақтың мәліметтері бойынша стресстермен байланысты проблемаларды шешуге жыл сайын 75-90 миллиард доллар жұмсалады. Ол ұлттық жалпы өнімнің шамамен 10 пайызын құрайды. Сонымен бірге, өнімділіктің стерсстік күйзелістерден төмендеуінің шығындары шамамен 17 миллиардды құрайды; ішкілік 10 миллиардтармен есептелетін шығындардың себебі болып табылады (жұмыстан қалу және бос шығындалған дарындылық); нашақорлық жыл сайын 17 миллиардтың шығындалуын әкеледі.
Қазақстандағы әлеуметтік денсаулық мәселесі де қылмыскерліктің деңгейін, саяси алаңдағы конфронтациялықты төмендету үшін, билік пен халықтың, жұмыспен қамтамасыз етушілер мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы өзара қатынастарды жақсарту үшін, тұрғындардың барлық категорияларының күнделікті тұрмысын сауықтандыру үшін қуатты шешімдерге мұқтаж болар. Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялар психологиялық қызметкерлердің ең жетекші тапсырыс берушілері болып табылады. Басшылық саяси процестегі психологиялық факторлардың маңыздылығының және практикалық психологияның стратегиялық деңгейге көтерілгенінің қуатын сезген сайын, саяси –психологиялық сипаттағы тапсырыстардың саны арта түседі. Осылайша, психологтың іс-әрекетіне әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуы экономиканың, саясаттың, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдерінің, сондай-ақ қоғамдық өмір мен іс-әрекеттің басқа да салаларының адамдар мінез –құлықтарының психологиялық заңдылықтарын түсіну мен ескерудің толыққандылығына деген өспелі тәуелділігімен міндеттеледі. Тұрғындардың адам өмірінің құндылығын сезінумен байланысты психологиялық мәдениеттің артқан деңгейі психологиялық қызметтердің маңызды бастауы болып табылады.
Психолог білім беру мекемелеріне тәрбиешілер үшін «жедел жәрдем» немесе мұғалімдер үшін «күтуші» емес, маман ретінде келеді. Педагогикалық үрдістің одан басқа ешкім кәсіби маман ретінде қамтамасыз ете алмайтын, әсіресе психикалық (жеке тұлғалық, эмоциясының, түрткі- қажеттіліктерінің, қарым- қатнасының және т.б.) дамуын, балалардың психологиялық денсаулығын қадағалайтын педагогикалық ұжымның тең құқылы мүшесі. Өз жұмысында психолог жеке тұлғаның әрбір жас кезеңінде даму заңдылықтарын, әрбір тұлғаның психикасының дамуының әртүрлі екендігін, яғни жеке тұлғаның онтогенезде дамуын өзінің кәсіби біліміне сүйеніп орындайды. Кез келген білім беру мекемелерінің міндеті баланы біртіндеп дербестілікке дайындау. Әр бір маман бұл міндеттерді өз бағдарламасымен іске асырады. Көптеген БҰҰ елдерінде психологиялық қызмет адам денсаулығын сақтауға, кәсіби жолмен тұлға дамуына, әсер ететін іс-әрекет ретінде танымал. Ал АҚШ-та психологиялық қызмет өз жұмысын 1800-ші жылы бастады. Мектеп психологиясы АҚШ-та заңмен бекітілген, білім беру департаменті мектеп психологтарына куәлік беруді қадағалайды. АҚШ-тағы алғашқы психолог-практиктер өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттеген экспериментальды психологтар. Бірақ көп ұзамай мектеп психологтарының негізгі функциясындағы бастапқы міндет арнайы бағдарламалар бойынша балаларды оқытуға дайындау. АҚШ мектептердегі тестілеудің кең практикасы орын алды, өлшем және тестілеу функциясы ертеден қолданылды. Мектеп психологының негізгі күші - өлшемді стандартталған тесттер арқылы қолдану дәстүрге айналған мектеп психологиясы эволюциясы және мектеп психологының қызметіндегі теориялық және практикалық елеулі жетістіктер соңғы 35-40 жылдары дамығанын атап өту керек. Оқушылар арнайы оқуды таңдау үшін тесттер өңдейді. Бұл жұмыс белгілі бір деңгейдегі білім мен тәрбие көрсеткіштеріне бағытталған. Психологиялық мәселелер бойынша кеңес, оқушылардың қажетсінуі бойынша тікелей психологиялық көмек қарастырылады. Психологиялық қызмет екінші деңгейліктен бастап жүзеге асырылады. Көптеген мамандар қазіргі кезде өлшем мен тестілерді психологиялық қызметтердің тек бір компоненті ретінде қарастырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген