Психологияның адам
өміріндегі маңызы.
Жалпы психология ұғымын
қарастыратын болсақ ол жеке бас адамның рухани тұрғыдағы болмысы.
Яғни, адамның жалпы жан дүниесі оның мінез құлқы, жалпы саналық
болмысы. Психология қай тараптан қарасақ та адам өмірі үшін маңызы
зор болып табылады. Оның қандай маңызы болуы мүмкін? Ол адамның
сана сезіміне тікелей әсер етеді, сонымен қатар адамның өз ортасын
қалыптастыруға ықпал жасайды. Қазіргі қоғамда адамдардың басым
көпшілігі өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын болғандықтан
психологқа жүгінушілердің қатары толығуда. Оған мысал ретінде
психологияға өзіндік үлесін қосып жүрген жандардың бірінің пікірін
қарастыратын болсақ. Ол кез келген адамды алдыға жетелейтін негізгі
3 фактор бар деген. 1-шісі Сенімділік. Адамның миында қалыптасқан
шекараны толығымен жою. 2-іншісі Өз бағытын білу. Өзіне нақты не
керек екенін анықтап біліп алу. 3-іншісі Бойымыздағы бар қабілетті
дамыту. Осы аталмыш 3 фактор арқылы психология тұрғыдан ғана емес
тұлғалық тұрғыданда қалыптасамыз. Адамның ең үлкен үрейі- Өзі. Сол
үшін ең алдымен өзімізбен жұмыс істеуіміз керек. Оған жәрдем ететін
көптеген кітаптарда бар(В. Синельниковтың "Возлюби болезнь свою"
және К.Бекжігітовағың " Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт" т.б) .
Бізді айнала қоршаған заттарды біз әртүрлі көзқараспен көруімізге
болады. Жалпы адамның миын алдау оңайдың оңайы. Оны Кембридж
университетінің психологтары іс жүзінде дәлелдеген болатын. Бұл
тәжірибеге сүйене отырып не түйеміз? Жалпы адам не көргісі келеді,
не ойлағысы келеді сол нәрсені көреді және ойлайды. Тағы да бір
қарапайым мысал біздің бала шағымызда ата аналарымыз бізге қалаған
нәрсемізді емес бізге тиімді нәрсені алуға үйретті. Бұл нәрсе адам
баласының болашағына үлкен өзіндік үлесін қосады. Яғни бала өсе
келе қай жерде болмасын өзіне тиімді нәрсені
қарастырады.
Адам белгілі бір тәртіпті
қалыптастырғысы келсе оған 70 күн қажет болады. Осы күндер арасында
1-2 күн үзіліс болса ештеңе етпейді, ең бастысы басты қалаған
мақсатымызды ұмытпау. Мен үшін психологияның артықшылығы - ол
өмірімізде орын алып жатқан жайттардың барлығын өзіміз қадағалай
алуымызға мүмкіндік береді.
Тағы да бір қарастыратын жайт
ол адамдар өткенінен сабақ алып және сақтана білу керек. Мысалы біз
ғаламтордан бір ақпаратты көріп қалсақ, бірден сене кетеміз. Оның
шындыққа жанаса ма жоқ па ода шаруамыз жоқ. Яғни фильтірлеуді
білмейміз. Сол нәрсені үйренуіміз
қажет.
Жетісу облысы.Кербұлақ
ауданы.
Байғазы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен.
Педагог-психолог: Баракова
Зарина Нурдавлетовна