Материалдар / Психологоиялық –педагогикалық қолдауда арнайы педагогтың ролі. Шебер сынып

Психологоиялық –педагогикалық қолдауда арнайы педагогтың ролі. Шебер сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Психологоиялық –педагогикалық қолдауда арнайы педагогтың ролі" шебер сынып арнайы мамандар оның ішінде дефектолог, логопед мамандарына арналған. Мамандармен жұмыс жасауға ыңғайлап жасалған. Формалар, бұйрықтарға байланысты ақиқат, жалған сұрақ жауаптары қамтылған
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады













Психологоиялық –педагогикалық қолдауда арнайы педагогтың ролі



Шебер сынып



































Тақырыбы: Психологоиялық –педагогикалық қолдауда арнайы педагогтың ролі

Тәжірбиелік маңыздылығы: Арнайы маман ретінде психологиялық-педагогикалық қолауда көрсетуде мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, мектеп психологы және ата-аналармен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жасауды іске асыру.

Шебер сынып барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап өссе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, білгені, көргені көп болған адам білімді болады- деп, Абай атамыз айтқандай. Біздің әлі де бір -бірімізден естіп, көріп үйренетініміз көп. Арнйы педагог ретінде бүгін сіздермен өз тәжірбиеммен бөліскелі отырмын.

Арнайы педагогтар негізінен ОПМПК мамандарының қорытындысымен мектепек келген Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы және Жеке оқу бағдарламасымен келетін оқушылармен жұмыс жасайтын болғандықтан, сол жұмыс жасауда қолданатын тиімді тәсілдермен бөліскелі отырмын. Сіздерді алдымен Психологоиялық –педагогикалық қолдауда арнайы педагогтың ролімен таныстырып өтейін. Содан кейін тіжірибелік бөлімде оқушыларды тексеру кезінде жетістік картасын толтыру үшін біз оқушылардың ерекшелігі мен деңгейіне қарай тапсырмалар алу керекпіз.Сондай тапсырмалармен сіздермен тәжірбие жүзінде бөлісіп, шебер сыныбымда сіздерге соны ұсынғалы отырмын.

Теориялық бөлім:

Тақырыбы: Психологоиялық –педагогикалық қолдауда арнайы педагогтың ролі

Мақсаты: Арнайы маман ретінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, мектеп психологы және ата-аналармен жұмыс жасауда тиімді тәсілдерді қолдану

Міндеті:

1. Мектепте ППҚҚ ұйымдастыруға қатысу.

2. ОПМПК қорытындысы бар оқушылардың ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен бірлесіп жұмыс жүргізу, бағыт бағдар беру.

3. ОПМПК қорытындысы мен ЕББҚБ оқушылармен жұмыс жасауда пән мұғалімдерімен бірлесіп жұмыс жасау

4. ОПМПК қорытындысы мен ЕББҚБ оқушылармен жұмыс жасауда арнайы дәптерлер, көрнекі құралдарды тиімді пайдаланып жұмыс жасау



Арнайы педагог мектепте ППҚҚ жауапты бірден бір маман.

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі

Педагогикалық диагностика нәтижелері (Жетістіктер карасы);

Арнайы педагогтің жеке балаға арналған бағдарламасы;

Негізгі пәндер бойынша жеке оқу бағдарламалары немесе бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары;

Арнайы педагогтің топтық немесе жеке сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары;

Арнайы педагогтің күнделікті сабақ жоспарлары (ҚМЖ);


Сонымен қатар ата-аналармен, мұғалімдерімен үнемі қарым-қатынаста болып, кеңес дәптерлерін жүргізіп отырыды. Өзін-өзі дамытуды да жүзеге асырып отырады.

Жүргізілетін құжаттары мектеп директорымен бекітіліп, мөрленіп, тігілген болуы керек.


Арнайы маман ретінде психологиялық-педагогикалық қолауда көрсетуде мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, мектеп психологы және ата-аналармен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жасауайды.

ОПМПК мен ЕББҚБ оқушыларды анықтауда бірлесіп жиналыстар өткізіп, оқушыларға толтыратын құжаттарды бірлесе отырып, дайындайды. \мінездемені де бірлесіп жазамыз\

ОПМПК қорытындысы бар балалар



ОПМПК қорытындысы бойынша оқушыларға екі түрлі бағдарлама ұсынылады.

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы- Оқушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрылған оқу бағдарламасы.

Оларға: 1.психикалық дамуы тежелген балалар.

2.Есту қабілеті бұзылған балалар

3. Ауыр сөйлеу тілінің бұзылысы бар балалар

4.Көру қабілеті бұзілған балалар

5.Тірек қимыл-қозғалысы апараты бұзылған балалар

6.Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің айқын бұзылуы бар балалар


Жеке оқу бағдарламасы\ арнайы оқу бағдарламасы\

Зерде бұзылыстары бар оқушының жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып құрастырылған оқу бағдарламасы. Бастауыш сыныптары үшін № 51 бұйрық

Негізгі орта білім үшін 469


Рисунок 4

Special-edu.kz ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ТҮЗЕТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ жеке арнайы бағдарламамен оқитын оқушыларға арнайы сабақ жоспарларын, оқулықтар, дәптерлерр мен әдістемелік нұсқаулықтар жасап шығарды. Қазіргі уақытта мектептерге оқулықтары беріліп, дәптерлерін сайттан шығарап алуға мүмкіндік жасалған. Мектеп мұғалімдері, арнайы мандар оқушылармен сол әдістемелік нұсқаулықты пайдаланып, оқулықтар мен дәптерлерді пайдаланып, жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Special-edu.kz сайтында Ерекше білім беруді қажет етенін балаларға араналған үлгілік оқу бағдарламаларының жобалары бөлімінде зерде бұзылыстары бар орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға да арнайы жоспарлар жасалынып, мектеп мұғалімдері мен мамандарына пайдалануға ұсынылған.

Мектептің арнайы педагогы 6-шы және 338 бұйрықты, 2019,2020,2021 жылғы әдістемелік ұсынымдарды негізге ала отырып жұмыс атқарады.

ППҚ- 2019 ж, арнайы педагогтың барлық құжаттары 2020 ж ,жеке және бейімделген оқу бағдарламалары 2021 ж әдістемелік нұсқаулықтан алынады.

ППҚ 6-шы бұйрыққа сәйкес, 2019 ж әдістемелік нұсқаулықты басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады. ППҚ басшысы ДОІЖО болады және оның құрамына мектеп психологы, арнайы педагог, әлеуметтік педагог және логопед мамандары кіреді.ППҚ қызметі 2019 жылғы әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген 12 қадам бойынша іске асырылады. 7 форма бар, сол формалар толтырылады. Бұл формалардың үлгісі 2019 ж әд. нұсқаулықтың 32- бетінде берілген.

7 формаға «Ақиқат, жалған» әдісі бойынша жиналған мамандармен сұхбаттасу.

Ақиқат жалған

1.ППҚ қызметі 2019 жылғы әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген 12 қадам бойынша іске асырылады. 7 форма бар, сол формалар толтырылады. Бұл формалардың үлгісі 2019 ж әд. нұсқаулықтың 32- бетінде берілген.

ППҚ қызметі 2019 жылғы әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген 10 қадам бойынша іске асырылады. 5 форма бар, сол формалар толтырылады. Бұл формалардың үлгісі 2019 ж әд. нұсқаулықтың 32- бетінде берілген.1а-формасын (сауалнама) мұғалім ата-анадан сұрақ-жауап алу арқылы бала туралы мәлімет жинайды. 1а форманың 2- түрі болады,ПМПК қорытындысымен жаңадан келген балаға және қорытындымен бірнеше жылдан бері оқитын балаға толтырылатын форма.

1а-формасын \хаттама\ ата-ана толтырады \ жалған\

1б-формасын \хаттама\ППҚ-ға қатысты барлық маман біріге отырып ата-анамен әңгіме өткізіп, олардан бала туралы мәлімет жинайды. \ақиқат\

1в-формасы балаға арналған жұмыс жоспары \жалған\

1в-формасы баланың коммуникативтік паспорты, бұл форманы сынып жетекші балға(өздігінен толтыра алса) немесе ата-анаға толтыртады.Бұл формада баланың суреті болу керек.

2а- формасы –сабаққа қатысу хаттамасы. \ақиқат\

Бұл форманы әр маман бөлек толтырады, баланың негізгі 6 сабағына қатысады және әр қайсысы 2а формасын бөлек толтырады, баланың сабаққа қатысу балдарын қояды.

Енді осы толтырған формаларымызды барлығымыз жинақтап ортақ 1ғана -2а формасын толтырамыз.Бұл формалар жылдың басында, I-ші жарты жылдықтың соңында және II-ші жарты жылдықтың соңында, яғни жылына 3-рет толтырылады. Осы ортақ шығарған формасының мәліметін формасына түсіреміз

2а және 2 б формалары арнайы педагогтың динамикалық бақылау құралы (мониторинг) болып табылады, бұл 2019 ж әд. нұсқаулықта айтылған.Жылдың басы, ортасы және аяғында толтырғандықтан ол баланың даму қарқынын айқындап бере алады. \ақиқат\

3- форманы мектептің арнайы педагогы толтырады.Бұл форманы үйде оқытылатындарға да толтырамыз.Үйде оқытылатындарға тек 3-ші форма ғана толтырылады. Жыл басында ғана толтырамыз.

Формалар баламен жұмыс жасалынып жатқандықтың дәлелі. Бұл формадағы: оқу, жазу, математикасын арнайы педагог толтырады.Кейбір пәндерді қосуға болады: дене шынықтыру н/се көркем еңбек. Кейінгі графаларды психологпен бірге толтырылады. \жалған\

3- форманы мектептің арнайы педагогы толтырады.Бұл форманы үйде оқытылатындарға да толтырамыз.Үйде оқытылатындарға тек 3-ші форма ғана толтырылады. I-ші және II-ші жартыжылдықтан кейін толтырамыз.

Формалар баламен жұмыс жасалынып жатқандықтың дәлелі. Бұл формадағы: оқу, жазу, математикасын арнайы педагог толтырады.Кейбір пәндерді қосуға болады: дене шынықтыру н/се көркем еңбек. Кейінгі графаларды психологпен бірге толтырылады.

4-форма оқушының ата-анасы туралы жалпы мәлімет. \жалған\

4-форма оқушы туралы жалпы мәлімет.

Оқытудағы қиындықтар-мұғалімдер мен мамандардың ата-аналармен сауалнама жүргізу және әңгімелесу, оқушының сабақта бақылау, оның қызметінің өнімдерін (дәптерлер, суреттер және т.б) зерттеу барысында айқындалады.

Себептер мамандар күрделі психологиялық-педагогикалық зерттеудің көмегімен оқытудағы қиындықтардың себептерін жүйелеу негізінде анықталады.

5 –форма

Жеке бағдарлама\ақиқат\

1. Оқушы туралы жалпы мәлімет

2. Оқушының жиынтық сипаттамасы

3. Оқушының ерекшк білім алу қажеттілігі

4. Мұғалімге ұсыныс

5. Ата-аналарға ұсыныс

6. Жеке оқу жоспары

7. Жеке оқу бағдарламасы



6-форма. Ата-аналардың келісім беру формасы.

Осы бір келісім формасымен ППҚ құрамындағы барлық маман оқушымен жұмыс істей алады \ақиқат\



7-форма. Арнайы маманға арналған сауалнама.

\жалған \

7-форма. Мұғалімдерге арналған сауалнама.

Бұл форманы мұғалімнің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметіне жүгінген кезде қолданылады.



Арнай манандар мен логопедтер мектеп әкімшілігіне жатпайды.\ақиқат\

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13181 болып тіркелді. В блогында - ектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі: МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГНЕ ЖАТПАЙДЫ.



ЕББҚББ анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының сабағына қатысып, формалар толтырылып, оқушылардың құжаттарын дайындаймыз.

Есіңде сақта! \сауалнама\

«Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы жаңа редакцияда –

ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300

Жалпы білім беру ұйымдарындағы арнайы педагог, педагог-логопедтерінің апталық жүктемесі неше сағатты құрайды? 16 сағат


Жалпы білім беру ұйымдарындағы арнайы педагог, педагог-логопед

неше оқушымен жұмыс жүргізеді? 12-14 оқушы



ЕББҚ оқушыларымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің (түзету сабағы) ұзақтығы неше минутты құрайды? 45 минутты





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі