400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Психотехника элементтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психотехника элементтері.


Саусақ жаттығулары жеке жүгізіледі, немесе топпен күнделікті жүргізіледі. Ұсақ моторикаларын жаттықтырып, сөйлеуді, кеңістікте ойлауды, зейінін, қан айналамын, қиялын, жылдамдық әрекетін ынталандырады. Барлық балаларға ұсынылады, әсіресе сөйлеуінде ақауы бар балаларға. Үзіліс уақыттың ыңғайлы кезінде жүргізіледі.

Пальминг (көзге арналған жаттығу) күннің бос уақытында көзге ауырлықтың түсі қарқынына қарай, күнделікті 3-5 минуттан жүргізіледі. Көз бұлшықеттерінің статикалық күш салуын төмендетеді, қанайналымын жақсартады.

Тыныс алу жаттығулары дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының барлық түрінде қолданылады. Бала ағзасының тіндерінде оттегі алмасуын белсендендіреді, оның жұмысын тұтастай қалыптандырады және үйлесімдендіреді.

Ойын сауықтыру жаттығулары ұйқыдан кейін 5-10 минут жүргізіледі. Бұл кешенге төсекте ояну, жалпақтабандылықтың алдын-алу, дұрыс сымбатты қалыптастыру, ауқымды жуыну жаттығулары кіреді.

Таңғы жаттығу күнделікті әуенді сүйемелдеу арқылы 6-8 мин жүргізіледі. Әуенді сүйемелдеу әрбір жаттығуды алып жүру керек. Сонымен баланың ритмикалық дағдысы мен ептілігі қалыптасады.

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті аптасына 2 рет жас ерекшелігіне қарай бағдарлама талабына сай жүргізіледі (дәстүрлі, мазмұнды –ойын, кіріктірілген , сауықтыру). Олар қимыл дағдысы мен ептілігін оқытуға бағытталады. Жүйелі дене шынықтыру оқу іс –әрекеті бала ағзасын нығайтып және иммунитетінің көтерілуін қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетіндегі музыка бала ағзасының психологиялық және физиологиялық жағдайының жақсаруына мүмкіндік береді..

Белсенді демалыс (денешынықтыру уақыты, сауықтыру мерекелері, музыкалық уақыты, “Денсаулық күні”). Балалардың бос уақытын, мерекелерін ұйымдастыруда балалар өзара қатынаста болады. Сайыс тапсырмаларын, қимылдық тапсырмаларды орындау арқылы аса ерекше жүктемесіз қимылда болады. Өздері меңгерген қимыл дағдылары мен ептілігі негізінде балалардың өзіндік әртістік, қимылында жинақылық дағдылары байқалады. Дене шынықтыру мерекелері мен ойын –сауықтары міндетті түрде музыкамен сүйемелденуі керек, себебі музыка баланың сезімін, эмоционалдық ортасын дамытады. Музыка баланың қимыл реттін бекітеді, музыкалық шығарманың мінезін түсініп, есте сақтау, музыкалық бейімі қалыптасады. Баланың серуенде белсенді қимыл әрекетте болуы үшін спорттық құралдармен жабдықталу керек.

Түзету бағытына (Бейімделу): артикуляциялық жаттығулар, музыкотерапия, ертегі терапиясы, арттерапия кіреді.

Артикуляциялық жаттығулар – артикуляциялық аппараттарды жаттықтыруға арналған жаттығулар (ерін, тіл, төменгі жақ), дыбыстың дұрыс айтылуына қажетті, дыбыстың айтылуын нақтылауға, бұрыннан құралған дыбыстың айтылуының бұзылуын жеңуге көмектеседі. Дыбыстың айтылуында кемшіліктері бар балалармен тәрбиешілер жұмыс істейді. Оны үнемі қадағалап отырады.

Тақырыбы: "Метафора"


Жүргізуші: Әркімнің қоршаған ортаға қандай әсер қалдыратыны қандай ассоциациялар тудыратыны, мәнді ретінде қабылданатыны түсінікті, ал нелер байқалмайтынын білу қызық. Барлығымыз өз әріптесімізге көркем бейнесін бірігіп жасауға шығармашылық жұмысты жүргізуге қатысуды ұсынамын. Ол үшін алдымен, шығармашылық зат болғысы келген, өз еркімен шеңбер ортасына шығамын дегендерді шақырамын. Өтінемін. Қазір қатысушыларға тапсырма: "Біздің кейіпкерге қарағанда сендердің бойларыңда қандай бейне туады. Бұл бейнені қандай суреттен толықтауға болады. Оны қандай адамдар қоршауы мүмкін. Суреттің фонын қандай интерьер немесе пейзаж құрайды. Бұның бәрі қандай кезеңдерді еске түсіреді. Мысалы: біздің ортадағы өз еркімен шыққан бейнесі сендерді суда жүзген және мұхит жәндіктері қоршаған су перісі жайлы ой келуі мүмкін, мүмкін қайда барары белгісіз, шөл даламен келе жатқан жалғыз ел кезуші болуы мүмкін. Міне, осындай ойлар келуі мүмкін, яғни осындай ойларды өз шығармапшлық ойларымен ортаға салып бір-бірімізбен бөлісейік. Рахмет. Тағы өзін сыртынан көргісі келетін адамдар бар ма? Қане алган әсерлерімізбен алмасайық.


Тақырыбы: "Символика"


Назар аударыңдар! Сендердің әрқайсыларың бүгінгі кездесу уақытына өзіңнің жеке символикаңды иеленуің керек. Қазір әрқайсымызға үш символикалық атрибут ойлап табу немесе жасау керек: біріншіден, жалған есім: екіншіден, жеке ерекшелік белгі: және үшіншіден, девиз және ерекшелік белгі параққа салынуы керек. Ол қарапайым және символикалық болуы мүмкін. Девиз, қысқа және бейнелі болу керек. Сонымен, жалған есім, девиз және ерекше белгі. Мысалы: жалған есім "Дядя Вася", ерекше белгі - күрек, девиз - "терең қазамын". Егер тапсырма түсінікті болса жұмысқа кірісуге болады. Енді суреттеріңмен алмасуға болады және оларды талқылап жиналғандардың әрқайсына жеке мінездеме беруге тырысайық. Сонымен қатар сендерге топтың әр қатысушы-сының символикалық атрибуттары қаншалықты сәтті таңдалғанын бағалау керек. Бес ұпайлық жүйе бойынша әр қатысушыға оның таңдаған жалған есіміне, ерекше есіміне және девизінің жиынынша баға беріндер. Ендеше өз парақтарынды шеңбер бойынша жанымызда отырған адамдарға береміз, әрқайсысы оларға кезектеп баға қояды. Өтінемін. Тамаша. Ал, енді барлық ұпайларды санап арамызға кімнің осындай символикалық формада өзін жақсы көрсете білгенін айтамыз".


Тақырыбы: "Біз нені жақсы көреміз?"


"Қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түскенде біз әншейінде олардың бізге ұнайтынын немесе ұнамайтынын байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Қане адамдардың қандай қасиеттерін бағалаймыз және қабылдаймыз осы туралы айтып өтейік. Тапсырманы жазбаша орындаймыз. Бір парақ алып, топ ішінен көп жағынан саған ұнамды көрінетін кісіні таңдаймыз. Бұл кісідегі саған ерекше ұнайтын бес қасиетті белгіле. Сонымен адамның өзін белгілемей, ол кісіде саған ерекше ұнайтын бес қасиетгі жаз. Бастадық! Уақыттарың бітті. Енді өтінемін, кезекте өз сипаттарыңды оқыңдар, ал біз бәріміз оның қай кісіге келетінін анықтап көрелік. Ал, енді кім бастайды! Сол жақтан оңға қарай бастауымызға болады. Бастадық. Ал, енді қазір қорытынды жасауға болады. Қатысушылардың қайсысын біз тезірек таныдық, яғни ең танымал адам қатарында кім болды?".


Тақырыбы: "Шеңбер бойынша фраза "

"Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр." Енді, экранның оң жағындағы шыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларынды сұраймын. Ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз".


Тақырыбы: "Жалпы назар аудару"

"Ойынның, барлық қатысушыларына бір қана қарапайым тапсырманы орындау ұсынылады. Кез-келген әдістермен, әрине физикалык әсер және жергілікті апатта қолданбай қоршаған-дардың назарын аударуға тырысыңдар. Тапсырма ойынға қатысушылардың барлығы оны бір уақытта орындауға үмтылумен күрденеледі. Бұған кім қандай жолдармен қол жеткізгенін анықтандар. Бастадық. Санаймыз ойын ішінде қатысушылардың назарын көп аудартқан адамды байқаймыз".


Тақырыбы: "Эмоция түстері"

"Жүргізуші таңдаймыз. Жүргізуші белгі бойынша көзін жабады, ал қалған қатысушылар тыныш қана өзара бір түсті ойластырады, бастапқыда ең негізгі түстерді ойластырған жөн (қызыл, жасыл, көк, сары). Жүргізуші көзін ашқанда, барлық қатысушылар өз қылықтарымен, әсіресе эмоцияларымен білдіруі керек. Түстің атын атамау керек. Егер ол адам таппаса, басқа жүргізуші тандалынады".


Тақырыбы: "Айна "

"Қазір біз сендерге бірнеше тапсырмаларды орындауға ұсынамыз. Тапсырманың шартына назар аударыңдар. Барлығы төртеу:

1. Түймені тігеміз;

2. Жолға жиналамыз;

3. Пирог пісіреміз;

4. Циркте ойнаймыз.

Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мынадай, оның әрқайсы-сын жұптап орындайды, жұптағылар бір-біріне қарсы тұрып екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Ол үшін алдымен жұп-жұпқа бөлінейік. Сонымен әр жұп кезекпен өз таңдауы бойынша тапсырмаларды орындайды. Олардың бірі - орындаушы, ал екіншісі -оның айнадағы бейнесі, орындаушының барлық қимылдарына еліктейді. Топтың басқа қатысушылары - көрермендер, олар жұптың, ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Содан кейін жұптағылар рөлдерімен ауысады.


Жұптар кезекпен ауысады, осылайша топ алдына барлық қатысушылар шығады. Топ айна рөлінде ойнаушыны бес ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Кейін барлық қатысушылардың бағалары қосылады да әркім өзінің айна роліндегі жұмысының сәттілігін біле алады. Рахмет! Қорытынды жасайық. Әр қатысушы өзі үшін өзінің рөліндегі алған топтың берген бағаларының қосындысын есептейді.


Жаттығу: "Амандасу"

Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), вербальді әрекеттерді қолданбай, амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдердегі амандасу тәсілдерді психолог (жетекші) есіне түсіру керек.


Жаттығу: "Тұсаукесер " ("Презентация ")

Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог (жетекшіден) бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: "Ыммен, қол қимылы арқылы, әрі позамен, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа Сіз қандай адам тұрғысынан сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдауын қалайтындығын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз", - дейді. Психолотың сөзінен кейін оның өзі топтың алдында айта бастайды. Содан кейін әр қатысушы шеңбер бойымен өзін таныстырады. Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.


Психолог төмендегідей сұрақтарды қояды:


- "Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қаларлықтай әсерін тигізді?";

- "Сіз үшін қай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?";

- "Қай топ мүшесінің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді (мінезі, көңіл-күйі бойынша)?";

- "Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе Сізді таңқалдырды?

- Мүмкін, Сіздің сол адамға қандай да бір сұрақты қойғыңыз келетін шығар?"


Жаттығу: "Мұз жарғыш".

Қатысушылар екі қатар құрып, бір-біріне қарап тұрады. Мақсаты: серіктесті итеріп жіберу. Талқылау.Қойылатын сұрақтар:

- Неге ұнамсыз сезім пайда болды?

- Сіздің өміріңізде кездескен осындай жағдайларды айтып бере аласыз ба?


Жаттығу: "Танысыңыз, шетелдік!"

Топ бір қатарға тізіліп отырады. Әр адамға карточка таратылады. Карточкада әр адамға белгілі бір ұлттың ағылшын, француз, италъяндық, жапондық және тағы басқа ұлт өкілдері мінез-құлықтағы қол-дене қимыл-қозғалысын, бет қимылын, позасын, жүріс-тұрысын көрсету керек екендігі туралы тапсырма берілген. Қалған қатысушылар қай ұлтты көрсеткенін табу керек.

Талқылау:

- Неге сүйеніп анықтадық?

- Ұлттық таптауырындар қажет пе?

Осы сұрақ бойынша топ екіге бөлінеді. Бір топ таптауырындардың қажетін дәлелдейтін болса, ал екінші топ - оның қажет емес екендігін дәлелдеу үшін пікір-талас жүргізіледі.

Жаттығу: "Елсіз арал "

Психолог ойынның шартымен таныстырады: "Мүхит бойындағы бірнеше күнгі болған окиғадан кейін адамдар елсіз аралға орналасады. Осы уақыт аралығында тек үрленген салдан басқа ештеңе қалмады. Әрі ол да жарамсыз болып қалды".

Ойынның шарты: "Сіздер елсіз аралда қалдыңыз. 20 жылға дейін Сіздер басқа адамдармен кездесе алмайсыздар. Енді үш топқа бөлініңіздер".

Жетекші әр топқа барып, оларға жеребе арқылы қай ұлттың өкілдері (қазақ, орыс, ұйғыр) болғанын анықтап алғаннан кейін, топтар бір-бірінің қай ұлттың өкілдері екенін білмейтіндігін, әрі бір-біріне айтуға болмайтынын түсіндіреді.

Жиырма жылдың аралында әр ұлт өкілдері қалай өмір сүретінін, қандай зандарға сүйенетінін, нені өсіретінін, оларды кім басқаратынын, құндылық, салт-дәстүр, түрткі, мейрам ерекшеліктерімен көпшілік алдында таныстырып, ойнатып көрсету керек. Әр топ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, желім және тағы басқалармен қамтамасыз етіледі.

Әр топ тапсырманы алғаннан кейін, екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа көріністі көрсетуге 30 минут беріледі. Топ қай ұлт өкілдері туралы екенін айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекті құралдарды да дайындайды. Тыңдаушылар анықтауға тырысады. Талқылау толық жүрмейді. Тек мынадай сұраққа жауап беріледі:

- Қандай белгілер арқылы ұлтты анықтау мүмкіндігі болды?

Жаттығу: "Көзқиық"

Қатысушыларға адам саны бірдей ішкі және сыртқы шеңбер құру ұсынылады. Іштегі шеңбердегілер сырттағыларға қарап тұрады. Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай, күлмей, бет-аузын қисайтпай, тыжыраймай қарау керек.

Содан кейін сыртқы шеңбердегілердің барлық қатысушыларға сағат тілі бойынша қозғалып, келесі серіктеске барады. Сөйтіп, осы көрініс қайталанады. Осымен жаттығу аяқталып, әр қайсысы өз орнына отырады. Ескерту. Жаттығу, қанша дегенмен, көптеген тұлғалық тосқауылды жеңуді талап етеді. Топтың барлық мүшелері өзін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайда төмендегі жаттығулардың біреуін қолдануға болады: а) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару;


ә) шеңбер құрып, барлығы бірге тебінуі, бір мезетте қолды жұдырықпен сілку;

б) барлығы бірге "А-а-а" немесе "Ия" деп айқайлау.

Талқылау.


Қатысушыларға төмендегілерді еске түсіруді ұсынады:

а) жаттығудың басында және аяғындағы өзінің күйі қандай болғаны жайлы;

ә) не айтқысы, не жасағысы келгені туралы;

б) адам бір-біріне қараған кезеңде қандай ойлар пайда болғаны жайлы;

в) серіктес не туралы ойлағаны жайлы айту керек.

Талқылау кезінде талап пен ақыл айтуға мүмкіндіх бермеу қажет. Шеңбер бойында рефлексия жүргізіледі.


Жаттығу: "Мүсін өнерінің аукционы ".

Жұптық жұмыс, Бір топ мүшесіне "мүсіншінің" рөлін атқару тапсырылады, ал екіншісі - материалдың қызметін атқарады. "Мүсінші" тек қолды қолданып, мүсінді үндемей "жапсырады". Мүсінші ұлтгық ерекшелікке (ұлттық киімдерге, дәстүрге, әдеп-ғұрыпқа) байланысты тақырыпты ескеру керек. Мүсін өнерін көпшшіктің алдында көрсету үшін жұмыстың соңғы, шешуші, нүсқасын есінде сақтау керек. Содан кейін, әріптестер рөлдерімен алмасады. Мүсінді көрсету кезеңінде топ мүшелері қай ұлттың мүсіні немесе қай ұлттың өкілдері екенін табады. Содан кейін ғана мүсіннің шынайы "атын" автор жариялайды. Талдау:

- "Материал" - "икемді" ме?

- Мүсіншінің қолының ұстау, тию қасиеті қандай?

- Мүсінді қабылдаудағы субъективтілікке назар аудару: дененің сол ле басқа жағдайында қандай сезім туды?

- Сіздің денеңіз әрқашан Сізді тындай ма?

- Дене өз бетімен өмір сүреді деген ой пайда болды ма?

Басқа қандай өз ұлтыңыздың ерекшеліктерін мүсінде байқадыңыз?


Жаттығу: "Суретші".

Қатысушылар жұптасып тұрады. Оларға серіктестің арқасындағы қағазға қолымен қалаған суретті салу керек. Әрі екінші адам не салғанын шешуі қажет. Талқылау:

- Денеге қолдың тигені ұнады ма?

- Жағымсыз қандай сезім болды?

- Серіктесті түсінуге не кедергі жасады (тұлғалық қабылдау ма, қолдың тиген кезеңі ме)?

-Қарым-қатынаста қалай кедергі жасайды?

Тренинг рефлексиямен аяқталады.

Тақырыбы: "Достық жылы күлуден басталады" Мақсаты: Жылы қарым-қатынас түзу.

Барысы: Дөңгелене отырғандар бір-бірінің қолдарынан ұстасып, көршісінің жүзіне үндемей қарап, мейірімді де әсем күлкісін сыйлайды, кезекпенен осылай жалғасып кете береді.

Тақырыбы: "Жел соғады".

Мақсаты: Ойынға қатынасушылардың зейінін тұрақтандырып, көпшілікпен қарым-қатынасын нығайту.


Барысы: Жел соғады соған ..... деп бастайды. Қатысушылар бір-бірін жақсы білу үшін, келесі сұрақ: "Жел соғады соған, кімнің шашы қысқа болса", барлық шашы қысқа ұлдар мен қыздар бір жерге жиналады. "Жел соғады соған, кім жануарларды жақсы көрсе", ".а", "....... кімде көп достар болса", "..... кім іскер болса" т.с.с.

Тақырыбы: "Қолғаптар"

Мақсаты: Өзгемен бөлісе отырып, жұмыс жасауға үйрету. Қажетті заттар: Қағаздан қиылған дайын қолғаптар, түрлі-түсті қаламдар. Қолғаптың саны, қатысушылардың анына тең болуы қажет. Әр пар қолғаптың өрнегі бірдей салынған, бірақ боялмаған. Жүргізуші бөлмеде еденге қолғаптарды шашып тастайды. Балалардың әрқайсысы бір қолғаптан алып, өзінің серігін (қолғаптың парын) іздейді. Серігін тапқаннан кейін екеуі бірге ойланып, келісіп бояйды.

Ескерту: Серігімен келісе алмай отырған балаларға ортақ тіл табысуға көмектесу.

Тақырыбы: "Сиам егіздері"

Мақсаты: Өзін, өзгемен бөлісіп, біртұтас етіп сезіну. Ойын барысы: Балалар пар-парымен иықтарын түйістіріп, құшақтасып тұрады, бір қолын белінен, бір-аяқтарын бір аяқтың алдына қояды. Енді бұлар бірге өскен егіздер: екі басты, 3 аяқты, екі қолды, денесі бір. Бұларға бөлме ішінде олай-бұлай жүруді, отыруды, бұрылуды, жатуды, сурет салуды т.с.с. ұсынамыз.

Кеңес: Үшінші аяқ әрдайым бірге болуы қажет, оны жіппен байлап қоюға да болады.

Тақырыбы: "Ұлдар мен қыздар".

Мақсаты: Балаларды өзінің жақсы жақтарын ғана ойлап, оны айта білуге үйрету.

Барысы: Жүргізуші балалармен шеңбер құрып отырады. Әр бала кідірістен соң, кезек-кезек сенімділік сезіммен қарап, өздерінің бойындағы жақсы жақтарын айтып өтеді. Мұнда әр баланың өз бойындағы жақсы жетістіктерін жасырмай, ұялмай жеткізіп айтқаны дұрыс.

Баланың жақсы жақтарымен қатар бойындағы кемшіліктерінен де дер кезінде арылуға жағдай туғызу қажет. Ондай жағдайда психолог балаға үнемі өзін-өзі сынату аркылы жағымсыз жақтарынан арылуға көмек бере алады.

Соңында педагог балалармен олардың бойындағы қалыптасқан ерекше сапалы жақсы жақтарын айтып қорытындылайды. Сонда ғана олар және айналасындағылар өте жақсы өмір сүре алады. Өз бойына жақсы дағды қалыптастыру -бұл өмір сүру мәдениеті.

Тақырыбы: "Айна".

Мақсаты: Өзгенің қимылын бұлжытпай қайталауға үйрету -бейсананы дамыту.

Барысы: Жүргізуші: Балалар, қабырғасы айналардан жасалған дүкенге кірдік деп ойлаңдар. Сыртқы шеңбердегі балалар осы қабырғалардағы айналар, ал ішкі шеңбердегі балалар әр түрлі, балықтар, жыландар, т.с.с. Өтіп бара жатқан аңдар айнаға қарап секіріп, бетін, көздерін қисайтып әр түрлі қимылдар жасап өтеді, ал айна аңдардың әр қимылын бұлжытпай қайталып отыруы қажет.

Жүргізуші алақанын соққанда ішкі - сыртқы шеңбердегі балалар орындарын ауыстырып, жоғарыдағыдай ойынды жалғастыра береді.


Жүргізуші балалардың әрқайсысы екі рольде (айна және аңдар) ойнап шығуын қадағалап отырады.

Тақырыбы: "Психологиялық мүсіндеу".

Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, ептілікке үйрету, қол моторикасын дамыту.

Барысы: Бұл жерде жүргізушінің тапқырлығына байланысты. Жүргізуші балалардан өздері жасаған денелерден, үлкен бір дене құрауын өтінеді. Мысалы: "Теңіз жұлдызы" (кілемнің үстіне жатып) - дененің бәрі бірге қалай қозғалатынын көрсету. "Мысық" - бір бала - басын, екіншісі -денесін, үшіншісі - аяғын, күлағын осылай әркім өзінің жасаған денесін -бәрі бірге мысықтың бүкіл дене мүшесін түгел құрайды. Балалар тек денені мүсіндеп қана қоймай, оған жан бітіреді. Денені құрап, бүтін қалпын бұзбай, бәрі бірге жеңіл жүреді.


Тақырыбы: "Қуаныш".

Мақсаты: Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай білуге үйрету. Барысы: Балалар әуен ырғағымен екі қолдарын бүйірлеріне таяп, еркін, бірін-бірі көргендеріне қуанышты екенін айтады. Содан соң, оң қолын жүрегінің тұсына сол қолымен, одан кейін екі қолын кеудесіне қойып тілегін жалғастырады. Осындай қимыл барысында балалар ішкі тебіреністерін байқайды. Барлығы осы қимылды қайталайды. Олар бір-бірімен мейірімді қарым-қатынаста болып, айналасын қуанышқа бөлейді.


Тақырыбы: "Саяжайда қыдырамыз".

Мақсаты: Балалардың қиялын дамыту, өзіне сенімділігін, шыдамдылығын арттыру.

Барысы: Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді, бірінші жақ "саз балшық", екінші жақ "мүсіншілер". Саз балшық жүмсақ, илеуге ыңғайлы, ал мүсіншілер өздері ұнатқан мүсінді жасауға кіріседі. (аңдар, гүлдер, балықтар, құстар, ойыншықтар т.с.с). Жасалған дайын мүсіндер катып, қимылдамай тұрады, ал мүсіншілер оларға ат қояды. Соңында барлық мүсіншілер саяжайдың ішінде тұрған мүсіндерді аралап, қарап бір-бірінің жасаған мүсіндерін мақтап, аттарын дұрыс табуға кіріседі. Қатысушылар рольдерімен ауысады.

Ескерту: Мүсіндер тұрған қимылдарын өзгертпейді және сөйлесе алмайды. Жүргізуші барлық жасалған мүсіндерді мақтап, мадақтайды.


Тақырыбы: "Қайырымды жануар".

Мақсаты: Жүректің дұрыс соғуына арналған психологиялық жаттығу. Балаларды жағымсыз сезімдерден арылтып, жақсылыққа үйрету.

Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап, қолдарын ұстасып тұрады. Жүргізуші жай ырғақты даусымен: "Біз -бәріміз бірге, үлкен, қайырымды жануармыз. Кәне, тыңдап көрейікші, ол қалай тыныс алады екен?". Барлығы бірге өзінің және көршісінің тыныс алуын тыңдап көреді. Ал енді бәріміз бірге бірдей тыныс алып көрейікші. Тыныс аламыз - бәріміз бір қадам алға, дем шығарамыз - бәріміз бір қадам артқа. Тыныс аламыз - екі қадам алға, дем шығарамыз - екі қадам артқа (2-3 рет қайталаймыз).

"Жануар тек қана бұлай дем алып қоймай, оның үлкен қайырымды жүрегі де, осылай нақты соғады. Соғады - бір қадам алға, соғады - бір қадам артқат.с.с. Біз бәріміз осы жануардың тынысы мен жүрегінің соғуын өзімізге аламыз".


Тақырыбы: "Мылқау сыйлық".

Мақсаты: Балаларды мимика, ым арқылы түсінуге үйрету. Барысы: Шеңбер бойында дөңгелене түрып, көршісіне ыммен, мимика, пантомимо арқылы бір қалаған сыйлығын тарту ету. Ал сыйлықты қабылдаған көршісі басын изеп "Рахметін" байқатады.

Мақсаты: Жылдамдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту. Барысы: Бөлмеде қатысушылар шашырап жүреді. Жүргізуші алақанын қанша соқса, сонша қатысушы бірігеді. Мысалы: жүргізуші алақанын 5 рет соқса қатысушылар әр жерге бес-бесеуден шоғырланады т.с.с. ... ойын осылай жалғаса береді.


Тақырыбы: "Көңіл-күйім неге ұқсайды?".

Мақсаты: Өз көңіл-күйін ауа-райына баламалай айтуға үйрету. Барысы: Қатысушылар кезектесіп өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне, ауа-райына ұқсатып айтады. Бірінші қатысушы: "Менің көңіл күйім ашық, көк аспандағы аппақ, жұмсақ бұлтқа ұқсайды, (көршісіне қарап) ал сенікі ше?" Келесі - "өте жақсы" деп, өзінің көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді. Соңында жүргізуші барлығынан - "Бүгін біздің топтың көңіл-күйі қандай екен? - көңілді ме, қуанышты ма, болмаса көңілсіз бе? - деп сұрайды.

Ескерту: Жүргізуші балалардың жауабын бақылап тұрады. Егер жауаптары нашар - ауа-райы суық, нөсерлі жаңбыр, қара түнек аспан т.с.с. болса, мұндай ашу элементтері қолайсыз (жағымсыз) эмоционалды жағдайды көрсетеді. Бірақ мұны балаларға нашар деп айтудың қажеті жоқ.


Тақырыбы: Көңіл күйіміздің суретін саламыз. Қажетті заттар: Суланған қағаз, түрлі-түсті бояу. Барысы: Балаға өз көңіл-күйінің суретін салуын сұраймыз, жанына анасының, әкесінің, інісінің т.б. көңіл-күйін де бейнелеуге болатынын түсіндіреміз. Жүргізуші баланың жұмысына араласпай бақылап отырады. Ашық түсіне, бояудың қоюлығына, суреттің түсіне қарай анықтаймыз. Тұйық түстер -бұл алаңдатарлықтай жайды байқатады.


Тақырыбы: "Тілектер".

Мақсаты: Құрбы-құрдастарына жақсы тілектер айтып, жағымды қарым-қатынас түзу.

Барысы: Бір-бірінің қолынан ұстап дөңгелене отырады. Көршісінің көзіне қарап, бір-екі ауыз сөз жақсы тілек айтады. Қабылдаған бала басын изеп: "Рахмет, маған өте ұнады!" деп жауап береді. Сосын ол өзінен кейінгі көршісіне жақсы тілегін сыйлайды, осылай жаттығу жалғасып кете береді. Ескерту: Кейбір балалар тілек айта алмай қиналғанын байқасаңыз, оның көршісінің күтіп, ренжігенін күтпей, өзіңіз көмектесіп айта салыңыз. Тұйық балалардың көпшілігі айта алмай қиналып көп тұрып қалған жағдайда, көпшіліктің назары өзіне ауғанын байқап, одан сайын тұйықталып еш нәрсе айтпауы мүмкін, сондықтан да күттірмей өзіңіз айта салғаныңыз жөн, ол бала осылай біртіндеп араласады.

Тақырыбы: "Оқиғаны ойлап табамыз

". Мақсаты: Қиялын, тілін дамыту.


Барысы: Жүргізуші: "Ерте, ерте, ертеде ...." деп бастайды, келесі қатысушы оқиғаны ары қарай жалғастырады, осылай шеңбер бойынша бәрі оқиғаны жалғастырып айтып шығады. Қайтадан кезек жүргізушіге келгенде, ол оқиғаны тереңдете, қиындата түседі, осылай жаттығу жалғаса береді.

Ескерту: Жүргізуші қиялға түсе алмай отырған балаларға көмектесіп, демеп отырады.

Тақырыбы: "Жел бергіш және үрленетін қуыршақ".Балалар жұп-жұп болып бөлінеді: біреуі - еденде желі шығып жатқан (аяғы тізесінен бүгіліп, басы, қолы төмен қарап салбырап) үрілетін қуыршақ. Ал екіншісі - алдыға қарай еңкейіп жел бергішпен қуыршаққа жел үрлейді, тынысын шығарып "с-с-с" деп дыбыстайды. Қуыршаққа жайлап жел үрленеді, бойы созылып түрегеліп, жел толып қатаяды. Енді үрленіп болды. Сосын үрленіп тұрған қуыршақтың ішін қатты басып, желін шығарады. "с-с-с" деп желі біртіндеп шығады. Желі шығып, қуыршақ қайтадан бастапқы күйіне түседі. Балалар рольдерін ауыстырады.


Тақырыбы: "Көзімізді түйістіріп"

Мақсаты: Сезім арқылы өзгенің ішкі дүниесін түсіне білу. Барысы: Балалар жұп-жұп болып бөлініп қолдарынан ұстасып тұрады. Жүргізуші: Үндемей бір-біріміздің көзімізге қарап, қолымызбен сезініп, - "Мен көңілдімін, кәне ойнайық", "Мен сенімен достасқым келеді!" т.с.с. ойларымызды сезім арқылы жіберіп, оны қалай қабылдағанымыз жайында әңгімелеп, ойымызды бөлісеміз.

Тақырыбы: "Амандасу - сәлемдесу".

Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау. Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады. « Қайырлы таң, Асқар! (күліп, басын изеу)

Қайырлы таң...! (жүргізушінің атын атайды)

Қайырлы таң ...! (шеңбер бойымен балалар бір-бірінің аттарын атап шығады)

Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).

Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге! (балалар қолдарын жандарына жайып, кейін түсіреді).



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.04.2019
886
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі