Пәні: қазақ тілі
Сабақтың
тақырыбы: Публицистикалық
шығарма тілінің стильдік
бедері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Публицистикалық
шығармалар тілі үғымын түсіндіріп, мақаланы талдау жолдарын
үйрету.
Дамытушылық: Білім алушылардың саяси-әлеуметтік,
қоғамдық көзқарастарын дамытып, ой
қозғау.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты Отанды
сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне,
атамекеніне деген сүйіспеншілігін
арттыру,
Сабақтың түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,
түсіндіру, ойын, жұптық
жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың
көрнекілігі: суреттер,
плакаттар, слайд, видео
Сабақтың
барысы:
І Ұйымдастыру
кезеңі
II Үй
тапсырмасы
«Фишбоун» әдісі бойынша үй
тапсырмасын сұрау. (Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына
тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның
себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой
құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге
болады.)
133-тапсырма. Мәтінді оқып
шығып, сөйлеу тіліне тән белгілерді анықтаңыз. Тәжірибе ретінде
диалогті толық түрде құрап
көріңіз.
ІІІ Жаңа
сабақ
Көпшілікке арналған мерзімді
басылымдар (газет, журнал) тілі публицистикалық шығармалар тілі деп
аталады.
Публицистика латын тілінен
аударғанда көпшілік, әлеумет деген мағынаны
білдіреді. Газет, журналдардағы мақалалар,
памфлет, очерк, шығармалар – публицистикалық
туындылар.
Памфлет – белгілі бір құбылыстарды, беделді саяси
және мәдени қайраткерді әшкерелеуге арналған өткір сатиралық
шығарма. Қара сөзбен емес, өлең түрінде сатира үлгісінде
жазылады.
Публицистикалық стильде жазылған шығарма:
- Қоғамдық өмірмен тығыз байланысты болады.
- Жұртшылықты көптен хабардар етеді.
- Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.
- Шешендік сөзді көп қолданады.
Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш
қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына
байланысты. Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр
ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Ресейде XVIII
ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға
бастайды. Радищевтің “Санкт-Петербургтен Москваға саяхаты” сол
кезде жалынды публицистикалық шығарма болып
есептелген.
XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен
өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар
публицистиканы царизмге қарсы күрес құралы етіп жүмсады. В. Г.
Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский сияқты
сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық құрылысты
қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық
публицистиканың ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық
еңбектер болып саналәды.
Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп
даму дәрежесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі – Қазан төңкерісінің
жемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны болған жоқ.
Бірен-саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді.
Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі – “Қозы Қөрпеш –
Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы басылыпты). Шоқанның,
Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Санкт-Петербургте, Қазан мен
Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыққан. 1913 жылы басылған азын-аулақ
кітаптардың ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”,
“Қарлығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық
көрді”.
ІV Жаңа сабақты
бекіту
«Кувёртка» әдісі бойынша жаңа сабақты бекітемін.
(А-4 парақ екіге бүктелініп, жұпта кезек –кезек идеялар жазылып, ой
бөліседі.)
Сұрақ
–жауап:
Білім алушылар жұптық жұмыс бойынша бір біріне
мына төмендегі мәселелер бойынша сұрақ-жауап
жүргізеді.
Мерзімдік басылымдардың
атауын жазып, қандай бағыттағы мақалаларды жариялайтындығына ауызша
тоқталыңыз. (мысалы: Егемен Қазақстан,Жас алаш,Қазақстан әйелдері
журналы т.б )
136-тапсырма. Мәтінді оқып
шығып, әдеби тілдің қай стилінде жазылғанын ажыратыңыз. Тәуелсіз
Қазақстанның саясат, экономика саласындағы жетістіктерін айтып
беріңіз.
Мәтіндегі сөздерді «бейтарап»,
«жағымды», «жағымсыз» деп үш топқа бөліп
жазыңыз.
Бейтарап Жағымды
Жағымсыз
Өзіндік жұмыс: Колледж
өмірін баяндайтын мақаланың тезисін
дайындаңыз.
V Жаңа сабақты
қорытындылау.
«Константинополь» (Берілген сөз бойынша сөздің
әріптерінен зат есімдер құру. Сөздегі әріптерден асып кетпеу
керек. Білім алушылардың ойлау қабілетін
дамытады.
Сөздік қорын
арттырады)
Сабақты қорытындылауға
арналған сұрақтар:
-
Публицистикалық шығарма
тілінің сөз бедері дегеніміз
не?
-
Стиль түрлеріне ауызша мысал
келтіріп, дәлелдеңіз.
-
Публицистикалық шығармаға қойылатын
талаптар.
Тест сұрақтарын шешу (184-185 б.б.)
VI Үй тапсырмасы. 137-тапсырмасы және дәріс мәтінін
оқу.
VII Бағалау. Білім алушыларды сабақтағы
белсенділігіне қарай бағалау.