жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Пулеметші батыр қыз. Сәду Машақов. Мәншүк
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Атақты тұлғалар Күні: 14.03.2019 Сынып: 3 А |
Мектеп: Ақтам орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Мукакожаева Жанна Қатысқандар саны:17 Қатыспағандар саны:1 |
||||||
Сабақ тақырыбы |
Пулеметші батыр қыз. Сәду Машақов «Мәншүк» |
||||||
Оқу мақсаттары |
3.2.6.1 Автордың кейіпкер портретін сомдау тәсілін (сөзі, мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы) анықтау, кейіпкерді мәтіннен дәлелдер келтіре отырып бағалау
3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.
|
||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Өлеңді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтайды Көптеген оқушылар: өлеңді шолып оқиды, кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды: өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды табады; Кейбір оқушылар: өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды анықтайды, сөйлеу барысында қолданады. |
||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||
Тірек сөздер |
Оқушылар: Мәтінді түсініп оқиды. Көркем сөздерді орынды қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Бөлік, тақырып, негізгі ой, пулемет, зеңбіреткер, пилоткалы қыз, қаһар тігіп, өлім қаупі, жасымаған. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: «Максим» Мәншүктің пулеметі, өйткені ... |
||||||
Құндылықтарды дарыту |
Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Соғыс туралы баяндай алуы барысында дүниетану пәнімен, есту арқылы кейіпкерді туралы қатесіз жазау барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болды. |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта Қазақтың батыр қызы - Мәншүк Мәметова |
||||||
Алдыңғы білімді игерулері |
Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Кейіпкерге мінездеме береді. Кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды. |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 0-3 минут |
Ұйымдастыру Үй тапсырмасы"Серпілме доп"әдісі арқылы сұрақ-жауап ұйымдастыру 1. Мәтінде Бауыржан қандай нақыл сөз айтқан? 2.Бауыржан Момышұлының жақсы қасиеттерін ата 3. Шайқас кезінде жауынгерлерге жігер беретін ең күшті жебеуші не нәрсе? 4. Бауыржан болған оқиғаны қалай басады? 5. Олар орманға бара жатқанда қандай жағдайға тап болды? 6. Бауыржан қандай амал тауып орманға жетті? 7. Соғыста ең қауіпті нәрсе не? Топқа бөлу: «Қимылды көрсет» ойыны. Мұғалімнің нұсқауымен оқушылар әртүрлі қимылды көрсетеді. 1.«Адамдар» дегенде барлығы жүреді. 2.«Үй» дегенде екі адам үй жасап тұрады. 3. «Тұрғын» дегенде үй ішіне адам кіреді. 4. «Қонақ » дегенде 6 адам қол ұстасып тұрулары керек. 5. Осы қонаққа жиналған 6 оқушы 1 топ болып топтасады. Ширату тапсырмасы. Оқушыларды батыр қыздар есімін құрау арқылы 3 топқа біріктіреміз. Ітоп – Мәншүк Мәметова ІІ топ – Әлия Молдағұлова ІІІтоп – Хиуаз Доспанова Батыр қыздар туралы әңгімелейді. (алдын ала тапсырма беріледі) Қосымша ақпарат: Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор. Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. Мағынаны ажырату. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру |
Доп
Интербелсенді Тақта
Слайд 1,2,3
|
|||||
Сабақтың ортасы 4-7 минут
8-14 минут
15-25 минут
26-30 минут
31-36 минут
|
(МК, Ө) «Ой қозғау» әдісіне сүйеніп Ұлы Отан соғысына қатысты ерлік туралы немесе соғыс деген сөздерге өз ойларын білдіреді.
Соғысс
Ерлік
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды. «ООО»- тамаша «МММ» - жақсы «Сұқ саусақ» -келісемін «Екі саусақты» -сұрағым бар Қосымша ақпарат: Сәду Машақов (1906-1995) - Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында туған. Аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағының өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған. Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).
Кітаппен жұмыс Инсерт әдісі Барлығы өлеңді өз беттерінше бір рет оқиды, өлеңді әр оқушыға оқыту. І – топ «Мәншүк» өлеңіндегі кездесетін түсініксіз сөздерді табыңдар ІІ – топ «Мәншүк» өлеңінің алғашқы жолдарында қай уақыт бейнеленген? ІІІ – топ «Мәншүк» өлеңінің мазмұнын не туралы? Дискриптор 1. Өлеңдегі түсінінксіз сөздерді табады 2. Өлеңнің алғашқы жолдарынан қай уақыт екенін табады. 3. Өлеңнің мазмұнын айта алады. «Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «Отшашу» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. “Кубизм” стартегиясы. Топтық жұмыс: Кубикті топ басшысы үстел үстіне лақтырғанда түскен санды таңдау арқылы сол санға тиісті тапсырмаларды алады. 1.Зерттеңіз. Тапсырма: 1941 жылы қандай оқиға болды? 2.Суреттеңіз. Тапсырма: Соғысқа қатысқан жауынгерлерді сипаттаңыз. 3.Қолданыңыз. Тапсырма: Сөз-сандықта белгіленген сөздерді оқы, ол сөздерді өлеңнен тауып мағынасын түсіндір. 4.Дәлелдеңіз-болжаңыз. Тапсырма: “Еліңді сүйсең – ерлік істейсің” мақалының мән-мағынасын қалай түсінесің? Өзің осы атаққа лайық не істеп жүрсің? 5. Ұсыныңыз: 6 – тапсырма бойынша кестедегі берілген сөздердің баламасын табу 6. Ақын сөздерін пайдаланып, Мәншүктің ер жүректілігін суреттеген жолдарын тауып оқы (ҚБ) «Бағдаршам»
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
берілген тақырып бойынша ой қорыта алады
«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Жеке тапсырма
Әр оқушы шығарған өлеңдерін бір-біріне тексертіп, өзара бағалайды.
«Толықтыр, өзгерт, дамыт, күрделендір» әдісімен берілген сөздермен сөйлем құрайды, дәптерге жазады. 1. Оқушыларға «Сөздерді оқы, түсініп ал» деген тапсырма беріледі. 2. Осы берілген сөздерден сөйлем құрастыру тапсырылады. 3. Оқушылардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар құрастырған сөйлемін толықтырады және оқиды. Бірнеше жауап тыңдалады. Түп нұсқа: Мәншүк Мәметова – пулеметші, батыр қыз. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мүмкін нұсқа: Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол – пулеметші, батыр қыз. Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі (ҚБ) «Смайликпен» бағалау әдісі. Оқушылар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған оқушы үстеліне жапсырады |
интербелсенді тақта, парақшалар, маркер. Слайд 4
Түрлі оқулықтар, интернет желісі Интербелсенді тақта, плакат, маркер
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
Слайд 9 |
|||||
Сабақтың соңы 37-40 минут
|
Рефлексия «Жақсылық тамшысы» Әр оқушы тамшыға берілген тапсырмаларды қалай орнындағанын, жіберген қателіктерін, ұнаған, ұнамаған тапсырмалар туралы ойларын жазады. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге жария етеді. |
Тамшы суреттері,
слайд 10 қосымша 5 |
|||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. |
Бағалау |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
«Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Ой қозғау», «Инсерт», «Кубизм» «Толықтыр, өзгерт, дамыт, күрделендір» әдістер арқылы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. «Уақыт арқылы саралау» негізінде «Өзім үшін жазу» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі. А - білімдерін көрсетеді, көмектеседі. В- белсенді қатысады. С-білімді меңгереді.
|
Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Жапондық бағалау», «Бағдаршам», «Отшашу», «Смайлик» , әдісі
Дескриптор:
берілген тақырып бойынша ой қорыта алады.
|
Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.
|
|||||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген