Қ. Аманжолов.Туған жер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қ. Аманжолов.Туған жер

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің бұл сабағымның көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Күні 03.09.2018ж

Сыныбы 4 «Ә»

Пәні әдебиеттік оқу

Мұғалімі Керімқұлова Л.С.

Қатысқандар саны –

Қатыспағандар саны –

Сабақтың тақырыбы

Қ.Аманжолов. «Туған жер»

Сабақтың мақсаты

Оқушыны өлеңмен таныса отырып, өз туған жерінің ерекшелігін ақын сезімімен сезінуге үйрету, шығармашылыққа баули отырып, ақынға деген, туған еліне деген көз қарасын дамыту, еліне, жеріне деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Әдістері

Алтын ереже, жылы сезімдер, миға шабуыл

«топтастыру» «Ой қозғау» әдісі. «Автор орындығы». АКТ

Ресурстар

Оқулық, стикер, А-3 форматы, маркер, тақырыптық сурет, бейне материалдар, слайд көрсетілімдері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады.

- Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз?

- Бір біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?

- Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық:



- Жылылықты сеземіз.


- Жақсы көңіл күйді қуанышты көріп тұрмыз.

- Кел, балалар, күлейік, Көңілденіп жүрейік. Балдырғанбыз демейік,

Өмір сырын білейік.

Миға шабуыл

Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Балалар, қандай Отан, туған жер туралы өлеңдер білесіңдер?

Шығармашылық қабілеттері артады.

«Ой қозғау» әдісі

а) Қ. Аманжолов атамыздың «Туған жер» өлеңімен танысамыз;

ә) Қ. Аманжоловтың өмірімен таныстыру

Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ даңқы кең жайылған Қ.Аманжолов (1911 - 1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. 
Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махабатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен зор тебіреніспен жырлады.

Қ.Аманжоловтың өмірімен танысады

Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

б) Өлеңді мәнерлеп оқу; ( мұғалімнің оқуы )

в) Өлең бойынша сұрақтар:

- Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі, өлеңнің қай жолдарында берілген
- Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой пікірін аңғартуға болады? (қызығыңды еркін көріп келем, сен аямай барыңды маған бердің, мен де саған барымды беремін)

Мәнерлеп оқу. Бір оқушы мәнерлеп оқиды;

«Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау.
Туған жер
1. Авторы: Қ. Аманжолов.
2. Тақырып: белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы. Бұл өлеңнің тақырыбы Автордың туған жерге деген сүйіспеншілігі.

Өлеңді мәнерлеп оқиды










Өлеңді сатылай кешенді талдайды



Сергіту сәті

Бір, екі, үш – бойға жинап күш,

Төрт, бес, алты – отыр, тұр, шалқы,

Жеті, сегіз, тоғыз, он – орныңа қон.

Қимыл-қозғалыс жасайды

Жаңа сабақты бекіту

1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас,
2. Ел іші - алтын бесік
3. Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
4 Әркімнің өз жері «мысыр шахары»
Дәптермен жұмыс: 
Оқушылардың білімін беки түсу үшін тапсырма беріледі.

Тапсырма: 1. Жезқазған сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

2. Туған елге, жерге байланысты өлең шығару немесе эссе жазамыз;

Туған жер туралы мақал-мәтелдерді еске түсіреді



Дәптерге жазады



Тапсырмаларды орындайды

Үйге тапсырма

Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін жаттап келу



Рефлексия

«Басбармақ» әдісі

Сабақты түсінгендерін басбармақ арқылы көрсетеді

Бағалау






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі