Материалдар / Қ дыбысы мен әрпі МАД тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қ дыбысы мен әрпі МАД тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектептің мектепалды даярлық топтарының жетекшілеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
1480
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қ дыбысы және әрпі»Білім беру саласы: «Коммуникация»Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу және жазу.Мақсаты: Балаларға «Қ» дыбысы мен әрпін таныту. «Қ» дыбысын сөз ішінен ажырата білу.Дамытушылығы: «Қ» дыбысы мен әрпін оқыту арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс – әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелігі: Қоршаған ортамен ізгілік қарым – қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Суреттер, текшелер, кеспе әріптер, слайдтар, бейнероликтер. Ұйымдастыру: Шаттық шеңбері:Ойын түрінде. «Ойлан тап» ойыныОйын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің қойған сұрағын тез жауап беріп, допты кері лақтыру керек.Іздену - ұйымдастырушы- Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, өткен әріптерімізді қайталап жіберейік.Тосын сәт:Слайдтан ата - ана Айшаның анасы Айсұлу көрінеді. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Айшаның анасы боламын. Мен қызымның не үйренгенін білгім келіп, хабарласып отырмын. Сендер қандай әріптерді үйрендіңдер соны білгім келеді.Тәрбиеші:- Сәлеметсің ба, Айсұлу!- Балалар, біз Айшаның мамасына қандай әріптерді өткенімізді көрсетеміз бе?Айсұлу:- Ендеше менімен «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнағыларың келе ме? Ойында мен бір әріпті көрсетемін сендер сол әріпті атап, сол дыбыстан басталатын сөз ойлайсыңдар, ойлаған сөздеріңнің орысша, ағылшынша аудармасын айтуларың керек.- Балалар слайдтан көрсеткен әріптерді атап, сол әріптен басталатын сөз ойлайды да, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айтады.- - Жарайсыңдар, балалар, әріптерді біледі екенсіңдер, рахмет сіздерге, сау болыңыздар!- Бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырып жіберейін.Жұмбақ1. Кішкене ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар.2. Көкала костюм киеді,Бойын жерге жасырған.Күннің көзін сүйеді,Бұрымы бар жасылдан. 3. Қалқиып ұзын құлағы,Елеңдеп, қорқып тұрады.

4. Жарқылдаған қос қылыш, Қолға тисе жоқ тыныш. - Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Осы қой, қоян, қарбыз сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?- Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің өтетін ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Қ»дыбысы және әрпі.- Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астын қойып «Қ»дыбысын айтайықшы.Барлығы бірге «қ» дыбысын қайталап айтады.-«Қ»дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?- Көк текшемен белгілейміз.-«Қ»дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.- Қасқыр, қоян, қой, қала, қаймақ, қар, қалам, қасық.- Жарайсыңдар, енді қасқыр, қой деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұрады.- Қас - қыр - екі буынан, екі дауысты дыбыстан тұрады. Қой - бір буыннан, бір дауысты дыбыстан тұрады.- Қой сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейікші.Балалар қой сөзіне дыбыстық талдау жасайды.Сергіту сәті:Ойын: «Дыбысты анықта».Ойынның шарты: балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «қ» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.Бейнежазба: сиқырлы әліппе ашылып, «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтылады.Үлестірмелі жұмыс:- Балалар, алдымызда тұрған кеспе әріптермен «қ» дыбысы басында, соңында кездесетін сөздер жазайықшы.Рефлексивті коррекциялаушы- Балалар, «қ» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік.Ойын: «Кім тез ойлайды?».Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «қ» дыбысынан басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау.Ойынға шыққан бала қасықты алып «бұл қасық, қасық – қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз» сөйлем құрайды. Ашық оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.Күтілетін нәтиже:Білу керек: Қ дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін;Игереді: Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды;Білді: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды.





















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!