Сабақтың
мақсаты
|
Білімділік:
а) Қ дыбысының дұрыс және анық айтылуын
үйрету, дыбыс артикуляциясын пысықтау,
буында, сөздерде, сөйлемдерде дыбыстық
орнын белгілеу, түзету жұмыстарына
ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды
орындауды қадағалау.
Коррекциялық:
б) артикуляциялық аппараттарын дамыту,
дұрыс дем ала білуге дағдыландыру,
ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
Тәрбиелік:
в) топта достық қарым – қатынасты
қалыптастыру, бір – біріне деген
бауырмалдық сезімдерін нығайту..
|
Психологиялық
ахуалды қалыптастыру
|
«Жүректен
жүрекке» шеңбері
–
Балалар,
айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі,
жақсы адамдардың болғанын бәріміз
ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып,
бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен
саулық тілейік.
Кел,
балалар, күлейік!
Күлкіменен
түлейік!
Күлкі-
көңіл ажары !
Күліп
өмір сүрейік!
|
Балалар
алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
|
Ұйымдастыру
іздестіру
Жаңа
сабақ
|
Әр
сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс
жасаймыз ғой. Қане,
кім айтады дыбыс дегеніміз не?
Дыбысты
біз естиміз, айтамыз, ал әріпті біз
жазамыз, көреміз. Қазір біз дауыссыз
дыбыстарды өтіп жатырмыз. Балалар
тақтаның алдында нені көріп тұрсыңдар?
Ойыншықтар. Қандай ойыншықтар бар
екен? Қоян, қасқыр, қолғап, мысық, балық,
қошқар, қар. Енді осы сөздерді мен
қайталаймын, сендер мұқият тыңдап,
қандай дыбыс барлық сөзде кездеседі
екен, соған назар аударып бүгінгі
кезек қай дыбыстікі екен? Қ дыбысыныкі.
Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа
тартылады, ерніміз созылады, тістің
арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске
тиеді, тілдің түбірі жұмсақ таңдайға
тіреледі. Дем жоғары көтерілген тіл
мен таңдай арасынан атылып шығады. Қ
дыбысы тілімізде өте жиі қолданылады.
ІІІ.
Тақтамен жұмыс:Қ
әрпін тақтаға жазу
Сөздерді
оқу
ҚАҚ,ҚАР,
ОҚ, ТОҚ,БАҚ
Дәптермен
жұмыс.
Ұшақ, қобыз, тышқан сөздеріне
дыбыстық талдау жасатып, ондағы қ
дыбысының орнын ажыратқызу. Дәптердегі
буындарды, сөздерді құратып оқытқызу.
Барлығы хормен қайталап оқиды.
|
Балалар
барлық қимылдарды тәрбиешіге
қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды
орындайды.
|
Сергіту
сәті
|
Аязды
келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ
боп үстіміз
Ақ қырау жабысты.
Манадан
бері жаттығулар жасап, шаршап қалдық
енді отырып, біраз дем алайық! Балалар
қыс мезгілінде ауаға көптеген зиянды
микробтар таралады. Олардың кесірі
тимес үшін дұрыс дем ала білу қажет.
Дұрыс дем ала білген адамдар тамағын,
мұрын қуысын әр түрлі жұқпалы аурулардан
сақтайды екен. Сондықтан
деммен жұмыс жасап, денсаулығымызға
көмек берейік.
|
Оқушылар
ойын ойнайды
|
Рефлексивті
— түзетушілік
Деммен
жұмыс.
|
Енді
мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер
мұқият тыңдап, жауабын айта
қойыңдар.
Жапалақтап
жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл
не аппақ мақтадай?
Қанеки, кім
табады? (Қар)
Алдымен
мұрнымыз бен дем алып, Аузымыздан
шығарайық. Аузымызбен дем алып,
мұрнымызбен шығарайық.
|
Тапсырмаларды
әр бала өз алдына ерекше орындады.
|