жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қ дыбысы мен əрпі.
Күні: Сынып: 1 |
|||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. |
||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||||||||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, орыс тілі,ағылшын,бейнелеу сабағы |
||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||||||||
Тілдік құзыреттілік |
Қала-город- city қол-рука-sing |
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Жоспарланған уақыт есебі. |
Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) |
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Топқа бөлу . Осы жерде аңдар суреті арқылы үш топқа бөліп отырғызамын. Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл. «Менің отбасым» тақырыбында ашық,жабық сұрақтар қойылады. -Отбасыңда неше адам бар? -Отбасыңда алты адам бар ма? |
Шаттық шебері
|
|||||||
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Топқа бөлу . Осы жерде аңдар суреті арқылы үш топқа бөліп отырғызамын . 1-топ: Қояндар. 2-топ: Қонжықтар. 3-топ: Қасқырлар.
Әр
сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс
жасаймыз ғой. Қане, кім айтады дыбыс
дегеніміз не? №1Оқулықпен жұмыс. ( Оқылым,айтылым,тыңдалым.) Слайд. (Ұжыммен жұмыс) Қарақаттың суреті. Қарақат сөзіне дыбыстық талдау жасау,буынға бөлгізу. №2. Топтық жұмыс. Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап.(Жазылым)
Осы тапсырмаларды орындайды. Дискрипторы мынандай: жазады,атай алады, ажырата алады
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|||||||
Сергіту сәті
|
Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. №3. Жұптық жұмыс. «Адасқан буындар» Буындардан сөз құрау. Мысалы: қалақ-лақ,ақ т.б. Аққала-қала,қал,лақ т.б.
№ 4 «Жоғалған әріп» Жеке жұмыс. Қар,қант, мысық, қоян, тақта, қасық |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|||||||
Мұғалім сыйы
Аяқталуы
|
«Қояндар» тобы: «Қ»әріпі бар тамақтар атын жазу. «Қонжықтар» тобы. «Қ» әрпі бар аңдар атын жазу. «Қасқырлар» тобы. «Қ» әрпі бар адам аттарын жазу.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
|||||||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия.Кері байланыс. -Бүгін қандай әріппен таныстық? -Қ дауыссыз ба? -Қ әріпінің К әріпінен айырмашылығы бар ма? -Айырмашылығы қандай? Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар |
|||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||||
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген