жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Қ, қ» дыбысы мен әрпі
Пәні: сауат ашу |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ортақ тақырып |
Бөлім |
Бөлімше |
Сабақтың тақырыбы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Менің отбасым және достарым |
Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым |
1.8.Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 2.1.Оқу түрлерін қолдану 3.4.Оқыған/тыңдаған материалдар мазмұнын жазу |
«Қ, қ» дыбысы мен әрпі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құрастырған Алиева К.Ш |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып 1 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.8.1. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту 1.2.1.2.Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.3.4.1.Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет,сызба,белгілер қолданып жеткізу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды, буындап оқиды. Көптеген оқушылар: жиі кездесетін сөздерді тұтас, түсініп оқиды Кейбір оқушылар: оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет,сызба,белгілер қолданып жеткізеді |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлер |
*Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады. *Оқудың түрлері бойынша сөздерді буындап, тұтас оқиды. *Оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Талқылауға арналған сұрақтар: *Қ дыбысы қандай дыбыс? *Қ дыбысына байланысты қандай сөздерді атай аласыңдар? *Қ дыбысы бар сөздерге сөйлем құрай аласыңдар ма? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Өмір бойы білім алу, еңбек пен шығармашылық |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану ( Менің отбасым) |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, компьютер, флипчарт |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Қ дыбысын таниды. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
І. Ұйымдастыру кезеңі -Балалар,мен сендерге бірнеше жұмбақ қояйын. Мұқият тындап отырыңыздар. *Көк лағым көгенде тұрып семірген. (Қарбыз) *Құдая,құдіретіңнің панасынан, Таңым бар мен құдайдың бар күшіне, Анасы туады екен баласынан (Қауын) *Аласа талда алуан алма, Алқызыл болмай аузыңа салма. (Қызанақ) -Енді осы жұмбақтардың жауабынан не байқадық? Және барлық жауаптарда қандай әріп кездеседі екен? (Оқушы жауабы: көкөністер, «Қ» дыбысы, әрпі.) -Ендеше, балалар, бүгін қандай әріпті танып, білетін болады екенбіз? (Оқушы жауабы: «Қ» дыбысы, әрпі.) -Балалар, бүгінігі сабақтағы мақсатымыз қандай болмақ? (Сурет бойынша шағын әңгіме құраймыз, сөздерді буындап, дұрыс оқимыз, «қ» дыбысымен танысамыз) Әр тапсырманы орындау кезінде өзімізді тапсырма реті жазылған шарларды бояу арқылы бағалаймыз. 1-тапсырма. Оқулықтағы суретпен жұмыс. (Бүкіл сынып орындайтын жұмыс). (Айтылым, Тыңдалым)
-Балалар, тақтадағы суреттерде кімдерді көріп тұрсыңдар? (АКТ-ден ата, ана, бала суреті көрсеті леді. Балалар кімдер екенін атайды.) -Енді осы адамдардың барлығын не біріктіруі мүмкін немесе бұлардың барлығын бір сөзбен не дейміз?(Отбасы) -Дұрыс, біздің бүгінгі тақырыбымыз менің отбасым. *Суретте дастарқан басында отыру орны қалай? *Суретке қарап қандай шағын әңгіме құрар едің? Дескриптор: -отбасы мүшелерін атай алады. -суретке қарап шағын әңгіме құрай алады. Ынталандырушы бағалау: «от шашу» арқылы Қалыптастырушы бағалау: «шарлар бумасын» бояу арқылы |
АКТ
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
2-тапсырма. «Поездтар тізбегі» ойыны. (Жеке жұмыс), (Оқылым). -Балалар, «Поездтар тізбегі» ойынын ойнайық. Ойын шарты бойынша оқушылар вагон суретінің екінші бетіндегі «Қ» дыбысына байланысты сөздерді оқып, буынға бөлуі тиіс. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушы вагондар тізбегін толықтырады. Кім көп сөзді оқып, буынға бөледі, сол жеңімпаз атанады. Вагондардағы сөздер: Қала, қола, асық, қасық, мысық, тауық, қара, қора, қармақ, тамақ, тымақ, қалақ, қонақ, талқан, тышқан, алақан, қошақан, қалта,тақта, Қанат, Қуат, Қасым, Қаламқас.
Дескриптор: -берілген сөздерді оқи алады. -сөздерді буынға дұрыс бөле алады Ынталандырушы бағалау: «от шашу» арқылы Қалыптастырушы бағалау: «шарлар бумасын» бояу арқылы Ширату жаттығуы. (Белсенді жұмыс). «Доп лақтыру» әдісі. Әр оқушыға доп лақтырылады. Допты алған оқушы «Қ» дыбысынан басталатын бір сөз айтып,келесі оқушыға допты өткізеді. 3-тапсырма. /Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма/Белсенді оқу/. (Топтық жұмыс), (Жазылым). Берілген хатқалта ішіндегі тапсырмаларды орында. Әр топқа өздері құраған сөздерді дәптерге жаздырту. 1-топ. «Қ» дыбысынан басталатын сөздер тауып, жаз. 2-топ. Берілген буындардан сөздер құрастырып, жаз. 3-топ.Берілген сөздерден сөйлемдер құрастырып, жаз. Дескриптор: - «Қ» дыбысынан басталатын сөздерді тауып, жаза алады. -буындардан сөздерді құрастырып, жаза алады. -сөздерден сөйлемдер құрастырып, жаза алады. Ынталандырушы бағалау: «от шашу» арқылы Қалыптастырушы бағалау: «шарлар бумасын» бояу арқылы 4-тапсырма. «Коллаж әңгіме» әдісі. Қорытынды бойынша саралау. ( Жұптық жұмыс), (Жазылым) «Коллаж әңгіме» әдісі арқылы оқушыларға тапсырма беріледі. Яғни, араласқан суреттер арасынан әкесіне, анасына, қызына қатысты заттарды тауып алып, атын жазады. Жұбы болып отырған оқушы осы заттарды қатыстырып бір сөйлем құрап, айтады
Жұмыс құралдары: Ыдыстар: Ойыншықтар: Дескриптор: -әкесіне тиесілі заттарды таба алады. -анасына тиесілі заттарды таба алады. -қызына тиесілі заттарды таба алады. Ынталандырушы бағалау: «от шашу» арқылы. Қалыптастырушы бағалау: «шарлар бумасын» бояу арқылы. 5-тапсырма. (Айтылым, Тыңдалым, Оқылым) Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату. Қаламқас, сылдырмақ, қошақан, қарақат, алақан.
|
Қима қағаздардағы вагон суреттері
Қима қағаздар, түсті қарындаштар
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
|
«Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы оқушылардың білімдерін бекіту. Топтар бір-біріне бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтарын қояды. Сұрақ қойылған топ кері қарай жауап қайтарады.
Кері
байланыс:
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Дескриптор |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
*Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады. |
-отбасы мүшелерінің орнын анықтай алады. -суретке қарап шағын әңгіме құрай алады
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
*Оқудың түрлері бойынша сөздерді буындап, тұтас оқиды. |
-берілген сөздерді оқи алады,буынға дұрыс бөле алады
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
*Оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет,сызба,белгілер қолданып жеткізеді. |
-берілген сандар арқылы құпия сөздерді тауып, жаза алады -әкесіне тиесілі заттарды таба алады. -анасына тиесілі заттарды таба алады. -қызына тиесілі заттарды таба алады.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді -жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау арқылы саралау. Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау. Қорытынды бойынша саралау. Қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырмалар. «Коллаж әңгіме» әдісі арқылы оқушыларға тапсырма беріледі. Яғни, араласқан суреттер арасынан әкесіне, анасына, қызына қатысты заттарды тауып алып, атын жазады. Жұбы болып отырған оқушы осы заттарды қатыстырып бір сөйлем құрап, айтады |
Ынталандырушы
бағалау-
Қалыптастырушы
бағалау-
Кері байланыс:
|
Партада дұрыс отыру. Қалам, қарындашты қолға дұрыс ұстау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Сабақ мақсатын оқу мақсатымен сәйкес алдым. Мақсатым анық әрі түсінікті. Мақсатты оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында құрастырдым. Саралауда әртүрлі тәсілдерді жоспарладым (тапсырмалар, оқушыларды қолдау,бағалау). Таңдау әдістерінде пән бойынша тақырып мазмұнын анықтадым. Қолданылған әдістерім оқыту мақсатына қол жеткізуге ықпалын тигізді. Әдістер оқушыларды оқу үдерісіне тартуға бағытталған. Бағалауды оқу мақсатына сәйкес алдым. Бағалау критерийлерін пайдаландым. Сабақтың мақсаты шынайы болды. Сабақта оқушылар «Қ» дыбысы туралы білім алды, оқудың түрлерін меңгерді. Сюжетті суреттер бойынша шағын әңгіме құрай алды. Сабақтың тақырыбы айтылып, мақсаты ашылды. Сабақта уақытты тиімді пайдаландым. Саралауда қолдауды қажет ететін оқушыларға ресурстар арқылы сөздерге дыбыстық талдау жасаттым. Сабақта белсенді оқыту түрлері болды. Тапсырмалар орындау нәтижесінде мақсатқа жету жүзеге асты. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген