Материалдар / Қ қ дыбысы мен әрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қ қ дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
491
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ққ дыбысы мен әрпін таныту, буындар мен сөздер өткен сабақты пысықтау; әдемі, көркем, сауатты жазу дағдысын, іскерлігін қалыптастыру;
Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөздік қорын, әңгімелеу дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Сабақтың түрі: Таным сабақ Сабақтың көрнекілігі: кеспе буын, сөздер, сөзжұмбақтар суреттер, .
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, сабаққа зейінін аудару.

  1. Психологиялық көңіл - күй.
    Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі әрі ,нәзік жүрек мейірімді,

Болып кетеді сонда дереу жан жағым.
Топқа бөлу

І топ ІІ топ ІІІ топ



Қарбыздар Құлпынайлар Қошақандар

Әр топ өз тобын қорғап шығу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.\Сұрақтарға жауап беру.

Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде? Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
О дыбысы қандай дыбыс?
О дыбысы жуан дауысты ма, әлде жіңішке дауысты дыбыс ма?
О дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
О дыбысы бар сөздерді атайықшы? Орал ор, ойна, торғай, шопан, отар

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жаңа сабақ:
а) Сөзжұмбақ шешу



І топ


қ а л а

ІІ топ

ІІІ топ

Shape1

Сөздің басында келеді

Shape2

Сөздің ортасында


Қандай сөз шықты? \Суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен қала деген сөзді шығарту.\
Буынға бөліңдер, бірінші буындағы қандай дыбыс таныс емес.
Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Қ дыбысын үш рет айту



Shape3

Shape4

Shape5 Shape6 Қ

Shape7 Shape8

Дауыссыз дыбыс

Сөздің соңында келеді

.












Қ әрпіне байланысты сөздер айту талдау жасату
Қа - ра - қат, қа – ла, қа - лақ, қо - нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын байқату.

Жұмбақ шешу

Суға түссе , балықтай, Жүре берер жалықпай. Судан шықса , баладай, Тәй- тәй басып қалады -ай!

Жауабы:


ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Суретте не көріп тұрмыз? Біздің Елордамыз қай қала? Қандай қалаларды білеміз? Біз қай ауданда тұрамыз? Біздің өңірде қандай қалалар бар?

Бәйтерек
Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.
Сөздік қоржын.
қала қара қалақ қалта ақ

қола қора қонақ тақта лақ
орақ ақпан Қанат
ошақ алақан Қайрат
қарақат қошақан Қуат
Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру.
Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру.
Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.
Ү. Дәптермен жұмыс: Бір, екі, үш
Бойға жинап күш.
Дәптерді ашайық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық Қ әрпін жазып үйрену.
ҮІ. Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат қағайық.
Қарлығаш боп ұшайық,






Ұшып - ұшып алайық.

ҮІІ. «Тиінге көмектес» ойыны

Қ әрпі сөздің қай буынында тұрса сол сөзді сандықшаға сал


Қ ......... .......Қ....... .........Қ

І топ. қант қала, қалта , қора, қалам

ІІ топ . тақтай , аққу, аққала, мақта, тақта

ІІІ топ. тарақ, парақ, тауық, лақ, тамақ, тауық

ҮІІІ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру:
Қ қандай дыбыс?
Сөздің қай буынында жазылады?
Қала аттары қалай жазылады?
Қала тақырыбына мәтін құрау.
Сөйлем құрату.
Алмат қалада тұрады.
Қарағай тауда өседі.

ІХ.Қорытынды :

Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?
Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар?
Қай тапсырма ұнады?

Х. Үйге тапсырма: Қ. Қ дыбысы мен әрпі
Сабаққа қатысқан оқушыларды марапаттау.





«№9 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Shape9





Таным сабақ















Тақырыбы: « Ққ дыбысы мен әрпі »



















Орындаған: Г.Рсмбетова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!