жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қ қ дыбысы мен əрпі 1 сынып
Оқу ісінің меңгерушісі:
|
Күні:23.10.2017 Сынып: 1 «Б» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
ОҚО Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы.Жылы –су ауыл әкімшілігі ,Әл-Фараби ауылы «№114 Жалпы орта мектебі» |
||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. |
Мұғалімі : Кулсабирова.Д.А |
||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
|||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
|||||||||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
|||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
|||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
|||||||||
|
Тілдік құзыреттілік |
Қ дыбысы мен әрпі. |
|||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Ой қозғау Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыстар қалай айтылады? -Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? -Балалар дыбыстардан не құраймыз? -Буын. -Буыннан не құраймыз? -Сөз. -Сөзден не құраймыз? -Сөйлем. Ал ,балалар! Біз өткен сабақта қай дыбыспен таныстық. - М дыбысы -М дыбысы қандай дыбыс? -Дауыссыз -Қане тыңдап көрейік. - |
Шаттық шебері |
||||||||
|
Сабақтың ортасы 8 минут |
Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме? Кел,тыңдайық ертегі, Ертегі сыр шертеді. Талай ғажап оқиға Естіген жан елтеді. -Ерте,ерте ертеде ну орманда көптеген ағаштар өсіп,құстар сайрап,аңдар тіршілік етіпті.Түн болып,орман да,ормандағы аңдар да тіршілік біткеннің барлығы мүлгіп ұйқыға кетіпті.Тым-тырыс.Сәлден соң тау арасынан күн де сығалады.Қалың ағаш үстінен шыққан бір құстың үні орманды жап-жақсы жаңғыртып жібереді. -Ол қандай құс? -Тоқылдақ -Тоқылдақты,орман емшісі дейді.Себебі ол ағаштағы құрт-құмырсқаларды жеп емдейді екен. Сонымен,тоқылдақ «Ерте тұрып,еңбек етсін» деген оймен теректің басына қонып айғай салады. Тоқылдақ: Тоқ-тоқ-тоқ Күн шықты енді ұйқы жоқ ,-деп теректің қабығын қаққылап жатады.Тоқылдақтың айғайына ызаланып,ұйқысы қанбаған аңдар ояна бастайды.Кейбір аңдар тоқылдақтың айғайын елемей,ұйықтап жата береді. -Ол қандай аңдар екен? Жұмбақ Қалқиған екі құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян) Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. (Қонжық) Аузы бейне шалғы,орақ, Шөп емес,бірақ мал орады. (Қасқыр) -Балалар! Қ дыбысы буынның басында, буынның ортасында және буынның аяғында берілеген сөздерді атайық. Бұл аңдар да оянып,ашуға булығып,ызалана бастайды.Аңдардың барлығын ашуландырып алған тоқылдақ,енді олармен достасудың амалын іздейді. Балалар ол бізден көмек сұрайды.Бізге тоқылдақ бірнеше тапсырма береді. Сол тапсырмаларды орындасақ,тоқылдақ аңдармен қайта достасады екен. Қане балалаh қандай тапсырма екен көрейік. 1 тапсырма: Оқулықпен жұмыс. №1.Оқылым Қа ла қа ра қа лақ қал та Қо ла қо ра қо нақ тақ та А сық қар мақ тал қан Қа нат Қа сық сыл дыр мақ тыш қын Қу ат Мы сық та мақ а ла қан Қа сым Тауық ты мақ қо ша қан Қа лам қас
№2.Айтылым |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
||||||||
|
Сергіту сәті 1 минут |
Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
||||||||
|
Дәптермен жұмыс |
3 тапсырма:
№3. Жазылым |
|
||||||||
|
Қызықты тапсырма 8 минут Аяқталуы 16 минут |
Шығармашылық жұмыс: 4 тапсырма. 1-топ. Адасқан буындардан сөз құрастыру 2- топ Дыбыстық талдау жасау 3-топ Түсіп қалған әріпті жазу 1-топ Берілген сөзге сөйлем құра 2-топ Берілген сөзді буынға бөліп, үш тілде айту 3-топ Сурет бойынша әңгімеле №2 Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|
|
||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар |
||||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейіне қарай бағалаймын. |
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||
|
Қиналатын оқушылардың қасына барып, сұрақтар қою, бағыт беру арқылы көмек көрсету. Жұмысты жылдам орындайтын қабілеті жоғары оқушыларға конверт сыртына сурет салуды ұсыну. |
Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау. |
Сергіту сәтін өткізу.
|
||||||||
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Жұлдызшалар тарату. Қызыл жұлдыз- «өте жақсы» Жасыл жұлдыз- «жақсы» Сары жұлдыз-«орташа» |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||||
|
Рефлексия Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе,неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? |
||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген