Түркістан
облысы
Бәйдібек
ауданы
Жамбыл
атындағы жалпы орта мектеп
Орындаған оқушы:
Нұрлан Нүрила
Жамбыл
ауылы
Қабылданған
дұрыс шешімдерім – менің өмірлік
ұстанымым
Нұрлан Нүрила Артыққызы
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы
Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп
10 – сынып оқушысы
Жетекшісі: Шаметова Кулпар
shametova.kulpar@mail.ru
Мен жалпы орта мектептің
10 – сыныбында оқимын. Болашақта қай
мамандық иесі болатынымды жүрек қалауымен
өзім таңдағым келеді. Әрине, дұрыс шешім
қабылдайтыныма сенемін. Сенім ешкімді
де адастырмайды деп ойлаймын. Өзіме
үлгі боларлық мамандық иелері туралы
баспасөз беттерінен, көркем шығармалардан
көп оқимын және дәріс беретін ұстаздарымды
да үлгі тұтамын.
Мен отбасымда ата-анамның
үшінші перзентімін. Менен үлкен ағам
мен әпкем де мұғалім мамандығын таңдап,
сол жолда бірі еңбек етіп жүрсе, бірі –
студент. Олар да қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі мамандығын таңдаған.
Мен де солардың жолын қуып, осы мамандықты
таңдағым келеді.
Мектептегі ұстаздарға
қарасам, олар мектептің жүрегі тәрізді.
Ұстаздық мамандықтарына риза, нағыз
ұстаз дерсің. Қызыға қараймын. Әр үйдің
бұзығы мен тентегінің тілін таба білген,
жөнге сала білген ұстазға қалай
қызықпассың. Ыбырай атамыздың «Бақша
ағаштары» әңгімесін еске алып көрейікші.
Қисық өскен ағашқа қарап, балаға тәрбиенің
жақсы берілуіне де, санасына жақсы
қасиеттердің ұялауына да ұстаздың
тынымсыз еңбегінің қажет екенін
түсінесің.
Шәкірт
тәрбиелеген ұстаз бен ағаш өсірген
бағбанның іс-әрекеті бірдей. Бақша
ағаштарына қарап, егілген ағаштардың
баптаумен, қадағалаумен өскен түзуі
де, қараусыз өскен қисығы да бар. Бұл
ағаштарды дұрыс баптап, қадағалап өсіру
- бағбанның қолындағы іс. Ұстаз да өз
шәкіртіне келген күннен бастап партаға
отырғызып, қаламды қолына ұстатып, білім
мен тәрбиенің сәулесін дұрыс шашып,
бағып-қағып өсірсе, ағаш секілді
түзу өсіп, жайқалады, содан жанына сая
табады. Ұстаз «қиын оқушылардың» да
ортақ тілін тауып, ата-аналарға да
бағыт-бағдар беруден шаршамайды. Нағыз
ұстаз деп соларды айт! Қандай төзім,
қандай еңбек десеңші!
Абай атамыздың «Сен де
бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар
қалан» - деген өлең жолдарын іштей жиі
қайталап, мамандықты жүрек қалауымен
қателеспей таңдау керектігін үнемі
ойлаймын.
«Ұстазы жақсының –
ұстанымы жақсы» - деген ұлағатты сөз
бар. Біздің білім, тәрбие алуымыз,
парасатты болуымыздың кілті – ұстазда.
Сондықтан менің де таңдаған мамандығым
– ұстаз болу. «Егер бір жылыңды ойласаң,
дән сеп, он жылыңды ойласаң, ағаш ек,
ғасырыңды ойласаң, жақсы адам тәрбиеле»,
- деген халық даналығын өмірлік ұстанымым
деп алып, қазір жақсы шәкірт, келешекте
жақсы ұстаз болу – дұрыс қабылдаған
шешімдерім. Осы жолда аянбай еңбектеніп,
биік шыңдарды бағындырсам, шешімдерімді
ата-анам қолдаса, маған сенім артса, нұр
үстіне нұр болар еді, қолдайды, сенім
артады деп ойлаймын.