жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қабырғаға шкаф орналастыру
ОҚО, Түркістан қаласы, №21 колледждің өндірістік оқыту шебері Бекетов Байділла
Сабақтың тақырыбы: Қабырғаға шкаф орналастыру.
Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:
Білімділік: Жихаздар туралы мағлұмат беру. Қабырғалық шкаф жасау жолдарын меңгеру.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баули отырып өз бетінше ізденістерге тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу. Жұмыстың ұқыптылығы мен көркемділігіне мән беріп үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. Түсіндіру. Топтық оқу әдісі.
Сабақтың оқу - құрал жабдықтары: Технологиялық карта, терезе, плакат,
құрал-саймандар мен аспаптар.
Пәнаралық байланыс: Материалтану, арнайы технология
Сабақтың өтілетін орны: «Ағаш ұстасы шеберханасы»
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.
ә) Оқушылардың арнайы киімдерін тексеру.
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Кіріспе бөлім
-
Сабақтың тақырыбын хабарлау.
-
Сабақтың мақсатын хабарлау.
III.Үй тапсырмасын сұрау.
-
Терезелердің атқаратын қызметі және олардың түрлері?
-
Терезелерді қабырғаға қай уақытта орнатады?
-
Терезені ойыққа орнатпастан бұрын не істейді?
-
Терезені ойыққа орналастыру технологиясы қандай?
Үй тапсырмасы тест арқылы пысықталады.

Тест сұрақтары
-
Терезе қорабының периметрі терезе ойығынан неше мм кіші болуы тиіс?
а) 50 мм
в) 100 мм
с) 150 мм
-
Терезе қораптарына арналған ең жақсы ағаш түрі?
а) емен
в) қайың
с) қарағай
-
Терезе қорабын қашан шынылайды?
а) олиф жаққаннан кейін
в) сырлағанға дейін
с) сырланғаннан кейін
-
Терезе қорабы немен орнықтырылады?
а) сынамен
в) қысқышпен
с) струбцинамен
-
Терезе қорабын немен гидрооқшаулайды?
а) олифпен
в) қара қағазбен, рубероидпен
с) мастикамен
-
Терезе қорабының ауытқуын немен тексереді?
а) диагоналы бойынша
б) периметрі бойынша
с) бұрыштары бойынша
Тест жауаптары
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
В |
С |
С |
А |
В |
А |
IY.Жаңа сабақ.
Қабырғалық шкаф дайындау
Қабырғалық жиһазға қабырғалық және қосымша салынған шкафтар жатады. Үйге кіре берісте сыртқы киім мен шаруашылық заттары үшін шкафтар орна- тылады. Үстіңгі шкаф бөлігін шкаф үстіне немесе ас үйдегі және кіре берістегі (коридор) есіктің үстіңгі жағына жасайды. Қабырғалық жиһаздар тектерде, бұрыштарда немесе қосалқы қабырғалы шкаф түрінде еркін жоспармен орналасады, сөйтіп бөлме арасындағы әдеттегі қосалқы қабырғаларды алмастырады. Оларды жылжыта отырып, бөлменің көлемін де өзгертуге болады. Қосалқы қабырғалар шкафына түрлі нәрселерді сақтайтын шкафтарды жалғастыра салады. Тұрғын үйлерде негізінен құрастырмалы қабырғалық жиһаздарды қолданады.

Олар жетілдірілген қалқанды бөлшекті және бөліктері қаңқалы құрылымды болады. Құрылысқа қабырғалық жиһаз жекеленген бөлік түрінде келіп түседі. Жиһаздың сыртқы түрін сәнді қылу үшін оны әр түрлі жадығаттармен өңдейді: бағалы ағаштардан жасалған сынаны кіргізіп, ашық түсті лак жағады, қатты ағаш тақталарымен немесе фанермен, оларды алдын ала бағалы ағаш тәрізді етіп боялған текстура қағазымен қаптайды, түсі үй-жайдың ішкі жасауымен астасып тұратын, таңдап алынған эмальмен сырлайды. Шкаф пен оның жоғарғы жағының
(антресоль) есіктері бір немесе екі жармалы болады (4.28-сурет). Есіктің үстіндегі (кіретін есік) ойығына екі жармалы есігі бар антресоль орнатады. Антресоль қораптарының ені есік қораптарының еніне сөйкес келуі керек, өйткені олар есік қораптарының үстіне орналасады. Шкаф есік- терінің антресоль есіктерімен үйлесімділігі антресоль бар шкафтарды үй-жайдың ішіне орнатуға мүмкіндік береді, оның биіктігі, мм:
2500(1700-г630;2000-(-330); 2600(1700+730; 2000+430); 2700(2000+530; 2000+630) және 2800(2000+730), ал шкафтың тереңдігі 0,3; 0,45; 0,6 м болады. Шкаф есігі қорап пен тақтадан тұрады. Қорапты қылқан жапырақты ағаш тегінен жасайды. Есіктің тақтасы фанер немесе ағаш талшықтарынан істелінген ұяшалармен, ағаш тығындармен, қатты ағаштан әзірленген кесінділермен, қағаздармен және басқаларымен екі жағынан қатты ағаш талшықты тақта немесе фанермен (4.29-сурет) толтырылған ағаш рама болып саналады. Тақтаны көбінесе беті мен жиектері бағалы ағаш тегінен істейді немесе сынамен өңделініп және ашық түсті лак жағылған ағаш жаңқасынан жасалған тақтадан істейді. Периметрі бойынша оны ағаш кеспелтекпен желімдейді. Шкафтарға арналған аралық қабырғаларды ағаш жаңқалы пл италардан немесе кереге көз жақтары ішке қаратылып желімделген қалыңдығы 4 мм болатьін екі қабатты ағаш талшықтарынан жасалған плиталардан жасайды. Шкафтарға арналған сөрелердің сыртқы жиегі ағаш кеспелтекпен желімделеді, қалыңдығы 12 мм болатын фанерден немесе қалыңдығы 19 мм болатын ағаш жаңқалы плитадан жасайды; киім ілуге арналған көлденең ағашты қатты ағаштан жасайды. Қүрылымы жағынан антресоль есіктің қорабына (шкафтың) ұқсас болады. Үйлердің шкафтарын бағалы ағаштардан жасалған плитадан немесе текстура қағазынан дайындайды. Шкаф және антресоль есіктерін дайындау қалқанды есіктер жасауға ұқсас. Өңдеу сапасы, әрлеу, ағаш дымқылдылығы, сонымен қатар жіберілетін кем-кетіктің мөлшері МемСТ 475-78 талаптарына сәйкес келуі керек.
Y. Ағымда нұсқау 4 сағ 30 мин.
Жаттығу кезеңмен орындалады. Оқушыларға бүгінгі тапсырма бойынша
қабырғалық жихаз жасау тапсырылады..
Оқушылардың жұмыс орнын мақсатты аралау.
№1– аралау: Оқушыларға көңіл аудару және жұмыс орнын дұрыс
ұйымдастыру.
№2– аралау: Еңбек тәсілін орындауда дұрыстығын тексеру, оқушыларға арнайы
көңіл аудару.
№3– аралау: Оқушының өзіндік іс-қимылының дұрыстығына мән беру,
жұмысының дұрыс істелуін қадағалау.
№4– аралау: Оқушының дұрыс істелінбей жатқан жұмысын тоқтатып қойып,
оның қателігін барлық топқа жұмыстарын тоқтатып қойып айту
(түсіндіру).
№5– аралау: Техника қауіпсіздігі ережелерін дұрыс сақталуын тексеру,
жұмысын қабылдау және бағалау, оқушылардың жетістіктерін,
кемшіліктерін көрсету.
VI. Қорытынды нұсқау 40 мин.
-
Берілген тапсырманың орындалу сапасы тексеріледі.
-
Топтың және звенолардың жұмысты қалай орындалғанына көңіл аударылып (кім бүгін жақсы жұмыс істеді көп және неліктен) және сапалылығы хабарланады.
-
Оқушылар үй тапсырмасы және тест және жасаған жұмыстарының қорытындысы бойынша бағалаланады.
-
Үздік оқушыларды қол жеткен жетістіктерін айтылады .
-
Жұмысты орындай алмаған оқушыларды не себепті орындамағаны ескертіледі.
YII. Үйге тапсырма: Қабырғалық шкафты дайындау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Ағаш шебері» Б. Дүрманов, Р. Асанбаева
«Шаңырақ» энциклопедиясы
Шкаф жасаудың технологиялық картасы
|
қ/с |
Орындалатын еңбек тәсілдері |
Сызба үлгілері |
Қолданылатын аспаптар мен материалдар |
|
1 |
Бұйымның сызба үлгісімен және осы жұмысқа қойылатын талаптармен танысу. Жұмыс орнын керекті құрал-саймандармен, материалдармен қамтамасыз етіп ұйымдастыру. |
|
Сызба үлгісі |
|
2 |
Шкаф жасауға арналған ламинат (ЛДСП) материалын өлшеп-пішу. |
|
Шебер үстелі, өлшеу құралдары, ламинат материалы |
|
3 |
Өлшеп пішілген ламинат материалды дәл өлшемдерге келтіріп кесу. Кесілген детальдардың жиектерін фанерит лентамен өңдеу. |
|
Ламинат кесетін станок, ламинат материалы, фанерит лента, үтік |
|
4 |
Өңделген бөлшектерді біртұтас құрастырылатын бірлік өлшеміне жинақтап шкафты құрастыру. |
|
Шебер үстелі, механикалық бұрғы, бұранда,жиһаз фурнитуралары, бұрандалы шеге |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген