Сабақ жоспары
№1
Оқытушы: Сманова
Раушан
Пән:
Тәпсір
Мамандық
топ: 0112000-«Исламтану» 3-курс
112-9-63
Сабақтың
тақырыбы:
Қадр сүресі
тәпсірі
Күні:
Сабақтың
мақсаты:
Студенттерге Құран аяттарын
түсіндіре білу Алланың пендесіне берген үлкен игілігінің бірі
екендігін түсіндіру, бұл қарапайым біреудің емес терең мағынға ие
болған Алла Таъаланың сөзі екенін
үйрету
Күтілетін
нәтиже:
1.
Бұл сүренің Меккеде
түскендігін біледі
2.Намаз оқудың қаншалықты
сауабы мол екендігін түсініп амал етеді
Сабақтың
түрі: Практикалық
Сабақтың әдіс
-тәсілдері: Баяндау,түсіндіру,талдау,ой
толғау
Сабақтың
көрнекілігі:
Қасиетті Құран кітабы,
Мұхаммед Пайғамбардың хадистері, нақыл сөздер, тірек кестелер,
үлестірмелер, сөзжұмбақ
Пәнаралық
байланыс: Құран,ақида,
хадис,тәжуид,
Әдебиет:
Негізгі: Құран Кәрим қазақша мағына
және түсінігі. Халифа Алтай. – Медине: Құран Шәриф баспа комбинаты,
1991.
Қосымша: Құрманбаев Қ. Құран ілімдеріне
кіріспе. - Алматы, 2013.
№
|
Сабақ
кезеңдері
|
Кезең
мазмұны
|
Уақыты
|
1
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Сәлемдесу,студенттердің қатысуын және
аудиторияның сабаққа
дайындығын
тексеру, сабаққа қатыспаған
студенттерді белгілеу, студенттерді сабақтың мақсатымен, жоспарымен
және болашақ мамандығындағы тақырыптың маңыздылығымен
таныстыру
|
5
минут
|
2
|
Білімдерін
тексеру
Білім бағалау
өлшемі
|
Сұрақтар қою арқылы; Мекке
және медине қаласында түскен сүрелер,Құранда қанша сүре
бар
|
25
минут
|
3
|
Жаңа тақырыпты жеткізу
әдісі
|
Ауызша конспект
арқылы, Бұл сабақты көз жүгіртіп оқып
шықпастан осы сабақтан пайда алуды ниеттеніңіздер. Сол үшін
қолдарыңызға Халифа Алтай атамыз аударған Құран нұсқасын алып,
керек жерлерін түртіп алып отырыңыздар. Халифа Алтай атамыздың
аударған нұсқасы қазақ жұртшылығының бәрінің қолында бар деген
ойдамын. Сондай-ақ, ол кісінің аудармасы аятқа-аят сәйкес келуі
себепті сол нұсқаны таңдадық. Ондай болса, Аллаһқа тәуекел етіп,
бастайық.
|
25
минут
|
4
|
Студенттердің
өздік жұмысы
|
Жаңа терминдермен
таныстыру және Студенттің өз пікірлерін
жазу
|
10
минут
|
5
|
Тақырыпты
бекіту
|
Жалпы сұрау; Қадір
түнінің ерекшелігін атаңыз.Қадір түніні қай уақыттан
басталады?Қадір түні рамазан айының қай күндерінде
болады?
|
20
минут
|
6
|
Сабақ
қорытындысы
|
Сандық жүйе арқылы
бағалау
|
3
минут
|
7
|
Үй
тапсырмасы
|
Өтілген сабақты жаттап келу
негізгі кітап бойынша
Құран
Кәрім
|
2
минут
|
Оқытушының
қолы:_______________
Әдіскер:
_______________________
Қадір
сүресі
ҚАДІР ТҮНІ АллаТағала: «Шындығында
Құранды Қадір түнінде түсірдік. (Мұхаммед!) Қадір түнінің не екенін
білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Бұл түні періштелер
мен Жәбірейіл Раббыларының рұқсатымен Оның барлық әмірлерін орындау
үшін төмен түседі. Ол түн таң атқанша бейбіт болады», – деп айтқан
(«Қадыр» сүресі). Айша (Алла оған разы болсын): «Бірде Алла
Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла
Елшісі! Егер мен түннің Қадір түні екендігін білсем, не деуім
керек?» – деп сұрағанымда ол: «Уа, Алла! Шындығында Сен Жарылқаушы
әрі Жомартсың, жарылқағанды жақсы көресің. Мені де жарылқай гөр!»
деп айт», – деді», – деген (Тирмизи,
Ахмад).
Қадір» сүресі меккелік. Бұл
сүре Құран Кәрімнің түсуі жайлы әңгімелейді. Және қадір кешінің
басқа айлар мен күндерден артықшылығы айтылады. Өйткені бұл кеште
атырапқа раббани нұр мен иләһи леп тарайды. Мұның барлығы Құран
Кәрімнің түскенінің құрметіне орын алады. Бұған қоса, періштелердің
таң атқанша жер бетіне түсетіндігі де
баяндалады. Бұл
құтты кеш Алла Тағала құзырында мың айдан да абзал.
بسم الله
الرحمن الرحيم إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ
الْقَدْرِ
Ақиқатында, Біз оны (Құранды)
қадір түні түсірдік. Тәпсіршілер: «Құран Лаухул Махфуздан
дүние аспанына түсірілген. Сосын Жәбірейіл жиырма үш жыл бойы
Пайғамбарға (r) уахи етіп жеткізіп тұрған», – деген.
Ибн Аббас (р.а.): «Алла Тағала Құранды Лаухул Мазхфуздан бір
сәтте дүние аспаны Байтул Ғиззаға
түсірді. Сосын оқиғаларға байланысты елшісіне бөліп жиырма
үш жыл уахи етті», – деген. وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ
الْقَدْرِ 2. Қадір түні не екенін білесің
бе? Уа, Мұхаммед! Бұл қасиетті түннің артықшылығы жайлы не білесің?
Осылайша сауал қоя отырып, бұл мәселенің орны бөлек екендігін
аңғарту Құранның тәсілі. Келесі аяттарда бұл түннің үш қасиеті сөз
болмақ. لَيْلَةُ
الْقَدْرِ خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ
شَهْرٍ 3. Қадір түні – мың айдан
қайырлы. Бұл түнде Құран түскендіктен мың айдан да артық.
Тәпсіршілер: «Осы түні жасалған ізгі амал өзге мың айда
жасалған амалдан артық», – дейді. Риуаятта: «Бір кісі сауыт
киіп Алла жолында мың ай соғысқан деп айтылады. Пайғамбарымыз
(r):«Уа, Раббым! Менің үмбетім өмірі қысқа, амалдары тым аз халық
болды», – деп мінәжат етті. Сонда Алла Тағала қадір түнін
беріп: «Қадір түні саған және үмбетіңе Алла жолында соғысқан
адамның мың айынан да артық[1]», – деген екен. Мұжаһид:«Мың ай
бойы жасаған ізгі амал, тұтқан ораза және түнде оқыған намаздан да
артық[2]», – деген. تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا
بِإِذْنِ رَبِّهِمْ مِنْ كُلِّ
أَمْرٍ 4. Раббысының рұқсатымен
періштелер мен Рух (Жәбірейіл) барлық істермен (жерге) түседі.
Жәбірейіл бастаған періштелер Алла Тағала әмірімен жер бетіне
түседі. Олар Алла Тағала осы түннен келер жыл аралығындағы
бекітетін амалдар себепті түседі. Бұл мүбәрак түннің екінші
қасиеті. سَلَامٌ
هِيَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ
5. Таң атқанша есендік
жалғасады. Күн басталып, келесі күннің таңы атқанша есендік
жалғасады. Осы түні періштелер мұсылмандарға амандық тілеп сәлем
береді.